Жа?а жыл жер шарын шарлайды(мерекелік шара)


«Жаңа жыл жер шарын шарлайды»
Мектеп алды даярлық топтары мен «Қарлығаш» шағын орталығының балаларымен өткізілген жаңа жылдық ертеңгілігі.
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, ертегі кейіпкерлер киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас оята отырып , бірлескен ойындар ойнату.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар, қымбатты ұстаздар, аяулы бүлдіршіндер ! Жаңа жыл ертеңгілігін ашуға рұқсат етіңіздер! Қызығын да, қиындығын да көлденең тартқан 2014-ші жылы аяқталуға да аз уақыт қалды, өмірімізге енейін деп тұрған 2015-ші жыл табалдырықтан аттайын деп тұр.
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар, Басталады Жаңа жылдық карнавал, Маска да бар, би де бар, асығыңдар, Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі- дағы қалмайды, Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (Балалар билеп залға кіреді)
Ортамызға бүгінгі мейрамның иелерін шақырайық. (Мектепалды даярлық тобы «0 «а», «0б», «Қарлығаш» балалар шағын орталығының бүлдіршіндері музыка ырғағымен шақырылады)
Жүргізуші: Олай болса, Жаңа жыл баршаңыздың отбасыларыңызға денсаулық пен бақыт, береке мен бірлік, жақсылық пен қуаныш әкелсін!-69 дей отырып, құттықтау сөзді мектеп директоры Сұлтанов Қайрат Шектібайұлына береміз.
Жүргізуші: Балалар, сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы тұрған әсем не? Балалар: Шырша! Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Тамаша, тамаша, Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші: Ендеше,осы әсем шыршамызды айналып,
сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық. Ән «Аппақ - аппақ, жапалақтап...»
1.Аппақ аппақ жапалақтап, Қар жауады тынбастан. Қалың орман, қар жамылған, Маужырайды түнгі аспан.
2. Кең пейілді, мол мейірлі, Сағынышпен табысқан. О, алақай, Аяз ата, Келе жатыр алыстан!
3. Кел билейік, үйренейік, Ол келгенше жаңа жыр. Құтты болсын, құтты болсын, Құтты болсын жаңа жыл!
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр. Олай болса сол қонақпен біздер тығылыспақ ойнайық. Кәнеки, бәріміз шыршаның арғы жағына тығылайық.
( Балалар тығылады, Мыстан кемпір сыпыртқыға мініп ұшып келеді.)
Мыстан кемпір: Пай - пай! Бір әдемі жылтыраған шыршаны көріп тұрмын. Мен қайда келдім өзі? Мына шыршаның кереметін - ай! Орманыма алып кетсем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп,) Мына жерге қонайыншы (Ұшып келеді, шыршаны түбірімен жұлып алғысы келеді).
Жүргізуші: Мынау кім өзі шулап отырған? Мыстан кемпір екен! Тимеңіз біздің шыршамызға! Бүгін балалар «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатыр. (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды).
Мыстан кемпір: Шыршаның ауырын –ай! Кім тойлап отыр? Қандай балалар? Бір бала көріп жатқан жоқпын. Осы жақта ма? (Балаларды іздейді. Мысықтың даусы шығады). Жоқ, ол жерде мысық екен, әрі қарай іздейін (жақындаса, иттің дауысы шығады). Жоқ, ол жерде ит екен, әрі қарай іздейін. (Балаларды табады). А, міне екен, меннен қорқып тығылып Жаңа жылды тойлайын деп жатырсыңдар ма? Болмайды сендерге ешқандай Жаңа жыл. Аяз Ата да келмейді. Қарашы өздерін, сәнденіп киініп алыпты, сән көйлектеріңді бүлдіріп тастайын ба? (балалардың қасына келіп).Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем, маған шыршаларың ұнап тұр, өз орманыма, қарақшыларыма алып кетейін.
Жүргізуші: Мыстан кемпір, шырша бізге керек.Сіз де бізбен қалып, жаңа жылды қарсы алыңыз.
Мыстан кемпір: Жақсы, шыршаны қалдырам, бірақ менің шарттарымды орындайсыңдар.
Жүргізуші: Балалар, орындаймыз ба?
Балалар: Орындаймыз!
Мыстан кемпір: Бірінші шартым: Менің биімді билейсіңдер. (Музыка ырғағымен балалар мыстан кемпірдің қимылдарын қайталайды.)
Мыстан кемпір: Ойбай, мыналар би білмейді десем, мені айнытпай ұқсатып салған екен ғой! Енді нені берсем екен,қалай ойнатсам екен?
Енді екінші шартым: Шыршаны айналып кім бірінші сыпыртқаны алады, сол ойыншы жеңімпаз деп аталады. Ал, кәне көрейін.
(Балалар шыршаны айналып сыпыртқыны бірінші алу керек.)
Мыстан кемпір: Мына балаларға не істетсем екен,бүкіл шартымды орындап жатыр. (Ойланып тұрады). Жоқ, шыршаны оңайлықпен қалдырмаймын,онда шамдарын сөндіріп тастайын. (Мыстан кемпір шыршаның шамдарын сөндіреді)
Қарға: Қарқ-қарқ. Мыстан кемпір балаларға жаңа жылдық мейрамды тойлауға кедергі жасап жатыр. Аяз-Атаға жеткізейін хабарды.
Мыстан кемпір: Аяз-Атаға? Ойбай, айтпаңдар! Былтыр Аяз-Атаға балалармен тату болуға уәде беріп едім. Енді не істейді екенмін?
Жүргізуші: Мыстан кемпір, Аяз-Атаны шақыруға тура келіп тұр, себебі онсыз мейрам да өтпейді, сен де кедергі келтіріп жатырсың. Балалар, Аяз-Атаны мен Ақшақарды шақырайық.
Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет)
(Балалар Аяз-Атаны мен Ақшақарды шақырады)
Мыстан кемпір: Қайдағы Аяз-Ата, шақырмайсыңдар, мыналардың дауысын – ай!.
(Аяз-Ата мен Ақшақар кіреді.)
Аяз-Ата: Жаңа жылдарың құтты болсын!
Амансыңба, ұлдарым,
Амансыңба, қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің ,
Асулармен алысқан.
Асу желмен жарысқан,
Аталарың сендерге.
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым
Бар сыйлығым жоралғым
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр ау демалғым.
Қасымда бар ақшақар,
Олда ренжіп қалмасын.
Бүлдіршіндер, балалар ,
Оған да ән арналсын.
Ақшақар: Ал, балалар, балалар,
Құлақ қойып тыңдаңдар.
Мектептің үлкен залында
Жасыл шырша жанында
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейік ән салып.
-Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата-аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдырыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Жылқы жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Қой жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп тілеймін.
Ақшақар: Аяз ата қараңызшы,балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Аяз-ата: Қарға келіп, Мыстан кемпір кедергі жасап жатыр деп хабар келіп жатыр, сол рас па? Мыстан кемпір: Жоқ, жоқ. Ешқандай кедергі жасап жатырған жоқпын.Балалар көңілді, би билеп жатыр.
Аяз-ата: Балалар,шырша неге көңілсіз? Кім сөндірген шыршаны?.
Балалар: Мыстан кемпір
Аяз-ата: Дұрыс емес мыстан кемпір бұның ,жаңа-жыл келе жатыр .Жаңа-жылды көңілді өткізу керек.
Мыстан кемпір:Мен енді тимеймін ,мен енді мейірімді боламын .
Аяз-ата: Жарайды бір жолға кешірейік .Кешіремізбе балалар .
Мыстан кемпір: Ой рахмет .
Жүргізуші: Аяз-ата шамды жағайық .
Аяз ата: Ендеше, біз шыршаны сиқырлы сөзімізбен жағайық: Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат. (3 рет айтқанда жағылады, Ақшақар қуанады)
Жүргізуші :Аяз Ата, рахмет! Біздің балалар қуанып қалды. Әрі қарай тойымызды жалғастырайық.Қане балалар барлығымыз «Шырша» әнін айтайық.
Ән: «Шырша»
(Осы кезде телефон шырылдайды.) Мыстан кемпір : Алло сенбе қазір келе жатырмын. Аяз-ата ,балалар менің подрушкілерім шақырып жатыр . Балаларды фоткіге түсіріп жіберейінші педрушкілеріме көрсетемін ғой сіздерге көп рахмет. Сау болыңыздар !
Жүргізуші::Тамаша өте тамаша болды.Аяз ата , біздің балдарымыздың дайындаған тақпақтарын, тамашалаңыз.
1.«Қарлығаш» шағын балалар орталығының тақпағын тамашалаңыз.
Қарлығаш шағын балалар орталығының тақпақтары:
Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жан ашыр Ата-әже, ата-әже Құтты болсын жаңа жыл.
Тамаша.тамаша! Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса.
Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жаңа-жыл Ата-әже, әке - шеше Құтты болсын Жаңа жыл
Қызыл ала шапаны Сағындым аяз атаны Жылдамырақ келсе екен Бізге сыйлық берсе екен
Жеңіс: Жасыл желек жамылған Асыл моншақ тағынған. Міне сұлу шыршаның Көптен күтіп сағынған.
Ғасыр: Әдемілеп тізілген Ойыншықтар тізілген, Қандай жақсы шыршамыз Ән шырқайық баршамыз
Айша Бибі: Елка наряжается - Праздник приближается. Новый год у ворот, Ребятишек елка ждет.
Ибрахим: Ақшақарға малынып Аппақ тонын жамылып Сақалы мен мұртына Күміс моншақ тағынып Аяз ата келеді Балаларды сағынып.
Әділ: Сақалы аппақ күмістей Тістері аппақ күріштей Қызыл ала шапаны Сағындым аяз атаны.
Айым
Без дедушки мороза Снежинки не летят Без дедушки мороза Узоры не блестят.
Таңшолпан
Игрушки разноцветные Она для нас расвесила И все глядят на елочку И всем сегодня весело
Дамира: К нам пришел дед мороз Будем веселиться Будем петь и танцевать С музыкой кружиться.
Қарақат: Новый год, Новый год, Приходи скорее! И у нас хоровод С танет веселее!
Кәусар: Елочка, елочка, Зеленая иголочка. Шарики блестят. Огоньки горят.
2.Ән «Жаңа жыл сәнді.» 3.Би «Ақ ұлпа қарлар биі»
4.0 «б» тақпақ
Даулет:
Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз.Жаңа жылды біз тойлап,Шаттанамыз бәріміз
Аманжол Саят:
Ақ қар жапты даланы,Ақ жамылды айнала.Жарқыратып шамдарын,Шырша келді ортаға
Нұрайым:
Жаңа жылым жол болсын,Басқан қадам оң болсың.Төрлет, төрлет жаңа жылБізге құтты жыл болсын!
Алдамбергенов Саят: Тілеймін мен бар әлемге,Дос көп болсын жанашыр,Ата - әже, ата - әже,Құтты болсын, Жаңа жыл!
Темірлан: Сақалы аппақ күмістей,Тістері аппақ күріштей,Қызыл ала шапаны,Сағындым Аяз - атаны.
Алдамбергенов Саят: Жақсы жаңа жыл келді,Асқар таумен тұлғалас.Біз осылай жылды енді,Қарсы алайық бәріміз.
Төрехан:Оралды өлкемеЖаңа жыл, армысың!Оранды ақ көрпе,Асқар тау, қарлы шың.Аманжол Саят:
Әдемілеп біз ілген,Ойыншықтар тізілген.Қандай әсем шыршамыз,Ән шырқайық баршамыз.
Дана: Ақша қарға малынып,Аппақ тонын жамылып,Сақалы мен мұртынаКүміс моншақ тағылыпАяз - ата келеді,Балаларды сағынып.
Аманғали: Аспан жерге төгеді,Ақ күмісін уыстап,Жаңа жыл да келеді,Бізге қарай жылыстап.
Жүргізуші: Ойын: «» Жүргізуші: Аяз ата , Ақшақар сіздерге бүлдіршіндеріміздің өнерлері ұнадыма?
Аяз –ата : Өте тамаша, бәріде өнерлі балалар екен. Рахмет сендерге
Аяз-ата : Сағат 12 ге жақындады .жаңа-жыл құтты болсын
Би «Зима»
Жүргізуші: 0 «а» тақпақтарын айтады.
Алуа:
Снова к нам пришел сегодня
Праздник елки и зимы.
Этот праздник новогодний
С нетерпеньем ждали мы.
Аяжан:
Дед Мороз прислал нам елку
Огоньки на ней зажег.
Би «Папуасы»
Аяз-ата Ойын ойнатады :
(билеп жатканда ескі жыл шыгады,)
Жылқы жыл: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2015 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын қойға берем
Қой : Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, уақытында жеттім бе?
Қой жыл : Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол,жылқы жылы ,қош бол.
Аяз ата:Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт ,жаңа қуаныш ала кел.
Жылқы: Құрметтеріңізге рахмет.Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
Жүргізуші: Қане балалар, Аяз Ата, Ақшақар барлығымыз қоймен бірге «флэшмоб»- биін билейік.
(Барлығы «флэшмоб» биін билейді)
(Аяз Ата балаларға сыйлықтарын таратады.)
Аяз атаның қоштасу сөзі: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Балалар: Сау болыңыздар!