Суретті? ?зінділерін ерекшелеу, суретті? ?зінділерімен ж?мыс
Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс
Сабақтың мақсат-міндеттері: А) білімділік: Оқушыларға графикалық редакторда суреттің үзінділерін ерекшелеуді және олармен жасалатын жұмыс түрлерін үйрету
Ә) дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс жасай отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, салыстыру және талдау жасауға үйрету
Б) тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды салауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология: Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдістері: түсіндірмелі , сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютермен жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: Сабақ барысы: Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі
І. Ұйымдастыру бөлімі -амандасу;
-түгелдеу;
-оқушының назарын сабаққа аудару;
-оқу құралдарының дайындығын
тексеру -амандасу;
-кезекшілік міндеттерін
атқару;
-сабаққа
дайындалу;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
VІ. Жаңа материалды түсіндіру А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен Правка менюінің Вырезать немесе Капировать командаларының бірін пайдалану керек. Вырезать командасын таңдағанда, Paint бағдарламасы үзіндіні суреттен алып (жойылады), алмасу буферіне орналастырылады. Ал егер Копировать командасын пайдаланылса, онда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналастырылады.
Суреттің үзіндісін көшіру үшін:
Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасында шертіп, маус нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Содан кейін суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішінде болғанша, маустың сол жақ батырмасын басып отырып, диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіндер.
Правка – Копировать командасын орындандар.
Правка-Копировать командасын орындандар. Сонда үзінді терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында пайда болады.
Үзіндіні мауспен іліп алып, қажетті орынға апарындар.
Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасында шертіп, маус нұсқағышын бөлетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтаудың ішінде болғанша маустың сол жақ батырмасын басып отырып диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіндер.
Правка – Вырезать командасын орындаңдар. Бұл жағдайда қиып алған сурет жоқ болып кетеді(жойылады).
Правка – Вставить командасын орындандар. Сурет үзіндісі терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады.
Үзіндіні мауспен үзіп алып, тиісті орынға қойындар немесе бұрыңғы орнына қайтарындар.
Үзіндіні көбейту
Үзіндіні «көбейту» дегеніміз – экранда маустың нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау. Үзіндіні көбейту үшін, оны белгілеп «барлығы басталатын» жерге апарып қойындар, содан кейін оны мауспен іліп алындар да, Shift батырмасын басып отырып, үзіндіні сурет салу аймағында жылжытындар.
Осылай көбейткенде алынатын көшірме саны маусты жылжыту жылдамдығына байланысты болады.
Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма Оқушылар өз бетімен компьютерде стандартты программаны пайдалана отырып жұмыс жасайды.
V.Жаңа білімді бекіту Үзіндіні көшіруге немесе жылжытуға болады ма?
Үзіндіні қалай көбейтеміз?
Үзіндіні қалай көшіреміз
Алмасу буфері не үшін қажет?
VІ. Үйге тапсырма. Суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс
VІІ.Бағалау Оқушылардың белсене қатысуын қадағалау және сол бойынша бағалау