Планиерование на тему Суретті баспа?а дайындау
Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Баймаханова Назерке Муратқызы
Сыныбы: 6 «Б», 6 «В»
Сайыс тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»Сайыс мақсаты:Оқушылардың білімін жетілдіру одан әрі дамыту өткен тақырыптарды еске түсіруБілімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркерСайыс кезеңдері:1. Дешифратор2. «Құпиялы сандықшадағы.»3. «Адасқан сөз»
4. «Дебаттық сайыс» (Компьютердің зияны мен пайдасы)5. Логикалық сұрақтар6. «Сиқырлы сурет» Барысы:І тур. «Дешифратор» кезеңіОйынның шарты: Әр командаға 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.І командаға1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)11. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)12. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)13. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)14. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)15. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)ІІ командаға1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)11. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)12. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)13. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)14. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)15. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)ІІ кезең«Құпиялы сандықшадағы» сұрақтарға жауап беру. Топ мүшелері жауап береді.Сұрақ. Тышқанның шаригі кірленіп жүрмей қалса не істер едің?Ол үшін 8 зат берілген:1. Табақтағы су.2. сабын3. орамал4. парақ5. спирт6. мақта7. отвертка8. қайшыТоп басшылары шығып заттарды көріп сұраққа жауап беруге тырысады. Қағаз, қалам алып өз ойларын жазады.1 минут уақыт.Жауабы: алдымен тышқан шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жауып, орамалға сүртіп парақ бетіне әбден кепкенше қоямыз, ал тышқан ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз.ІІІ кезең«Адасқан сөз» Шарты: орыны ауысқан әріптерден сөз құрастыру және артық сөзді тауып, неге артық екенін түсіндіру. Әр сөзге 1 ұпайдан, артық сөзді тапқанына 2 ұпай. 1. терчесвин – винчестер
, такедис – дискета,
акткомпксди – компакт – диск,
ссорецпро – процессор («процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.) 2. рептьюком – компьютер,
тамикатема – математика,
изакиф – физика,
лиягоибо – биология («компьютер» артық. Ол пәнге жатпайды.) 3. марамгроп – программа,
кышма – мышка,
дакротре – редактор,
енюм – меню («мышка» артық. Ол құрылғы.) 4. резете – терезе,
инрпрет - принтер,
оритном– монитор,
репнетақат – пернетақта («терезе» артық. Ол құрылғы емес.) .
ІV «Дебаттық сайыс» Компьютердің зияны мен пайдасы.1- топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.2- топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.1- топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.2- топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.1- топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.2- топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.1- топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.2- топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.1-топ. Білімді құштарлығын оятады.2-топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды1-топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.V кезең.«Логикалық сұрақтар»Шарты: Әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпайЕлеуішпен су әкелуге бола ма?Бес адам кездесіп қалып, бір - бірімен қол алысты?
Барлық қол алысу саны қанша?Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр?Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
VІ кезең. «Сиқырлы сурет» Ойын шарты: Ұяшықтар таңдау арқылы астында жасырылған сұрақтарға жауап беру. 1. Бұтақ орнына мың бір инесі Компьютер жаны мекені (кактус) 2. Терезе дегеніміз не және терезенің қанша түрі бар? (жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. Терезенің 4 түрі бар: Қапшық, Қолданбалы, Сұхбат, Анықтамалық терезесі) 3. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск-Все программы-Стандартные - Paint) 4. Ақпараттың өлшем бірлігін өсу реті бойынша айтыңыз? (бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт) 5. Windows-тың негізгі және арнайы объектілеріне нелер жатады? (негізгі:қапшық, файл, жарлық, таңбаша, программа, құжат. Арнайы: Менің компьютерім, Менің құжатттарым, Себет, басқару панелі, басты мәзір) 6. Биологияда бұл паразит Көзге зорға көрінер Информатикада өлшем бірлік, Ақпараттарды өлшер (бит) Жүргізуші: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек әділ-қазыларда. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі). Теректей тамырыңды жайып терең, Жете бер жақсы күнге халықпенен. Тулаған толқындардан тайсалмасын, Ақпарат мұхитында алып кемең «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Информатика әлеміне саяхат» сайысын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар! МарапаттауБүгінгі көріп тамашалаған “ Информатика әлеміне саяхат ” сайысы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!!!