Уа?ытты аны?тау не ?шін ?ажет? 1-сынып жаратылыстану ?ыс?а мерзімді жоспар
Оқу ісінің меңгерушісі: Гибатуллина Ж.C.
Пәні: Жаратылыстану Сабақ тақырыбы: Уақытты анықтау не үшін қажет?
Күні : 24.02.2017ж. Мұғалімнің есімі: Ержанова А.Ш.
СЫНЫП: 1 «Г» Қатысқандар саны: 18 Қатыспағандар саны: 2
Оқу мақсаттары: 4.3 Кеңістік және уақыт
1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру;
1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау
Бағалау критерийлері: -уақытты үнемдеудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді;
- уақытты анықтаутын құралдар мен әдістерді атап, олардың ішіндегі ең дәл көрсететінін анықтайды;
-өлшем бірліктерді (сағ) қолданып өлшеу, қанша уақыт кеткенін анықтайды.
Тірек сөздер Уақыт, сағат.
Ресурстар Сағаттың түрлері: күнсағаттың фотосуреті, электронды сағаттар, қолсағат, жар сағат, құмсағаттың фотосуреті.
Интернет ресурстар: әйгілі сағаттар туралы сайт old-clock.kz
Алдыңғы оқу Глобусты қалай қолданады?
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 минут -304809017000«Доп лақтыру» ойыныМұғалім допты сұрақ қою арқылы оқушыға береді. Ол жауап беріп, қайта мұғалімге береді.Бұл не?
Глобус ненің моделі?
Глобустың пішіні қандай?
Глобустың басым бөлігі қандай түспен боялған? Ол түс нені білдіреді?
-127035179000Ал ендеше балалар, біздің достарымыз Негеш пен Эврика саяхатқа аттанбақшы екен.Суретке назар аударып сұраққа жауап берейікші.
Олар саяхатқа қалай дайындалған?
Олардың қолында не бар?
Олар қазір қай қалада тұр?
Вокзалда уақыт нешені көрсетіп тұр?
Картаға назар аударыңдар, олар қайда бара жатыр екен?
11029953873500
Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқан. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B9" \o "Бурабай" Бурабайдың тау-тасы да, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%BA%D3%A9%D0%BB%D1%96" \o "Бурабай көлі" көлі де, жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы.
Балалар бірден Бурабайға жете ала ма? Неге?
Олар қандай көлікпен бармақшы?
Онда жету қанша уақыт алады деп ойлайсыңдар?
Қорытынды сөз: баратын жерімізге жету үшін белгілі бір уақыт қажет. Баратын жер неғұрлым алыс болса, соғұрлым көп уақыт кетеді. Ал жақын болса, соғұрлым аз уақыт кетеді. Мысалы, мектептен алыс тұратын оқушы мектепке дейін көп жүреді де, ал жақын тұратын оқушы аз жүреді. Кең кеңістік, доп
Суреттер
4-11 минут Оқулықпен жұмыс.
Бірінші су суретте не бейнеленге?
Екінші суреттен не бейнеленген?
Өскін қайдан пайда болады?
Үшінші суретте не бейнеленген?
Қалай ойлайсыздар, бірінші сурет пен үшінші сурет арасында қанша уақыт өтті?
Уақытты тоқтатып қоюға бола ма?
Ойлау сәті: Не болар еді?
«Егер әлемде уақыт тоқтап қалса, онда...»
Қорытынды сөз: Уақыт көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды. Барлық өзгерістер уақыт аралығында болады.
Ертеректе адамдар күндерді, апталарды, айларды белгісіз уақыт өзені ағызып алып кетеді деп ойлаған. Олар жарық кезде аса маңызды аңға шығу, тамақ табу, отын жинау жұмыстарын жасап алатын болған. Себебі, түнде қауіп – қатерге тап болуы мүмкін еді. Кейіннен жасанды жарық кздері пайда болғанда уақытты арнайы құралдар көмегімен анықтау қажеттігі туды.
Уақыт – бұл қандай да бір әрекеттің, оқиғаның орындалу немесе қандай да бір заттың өмір сүру ұзақтығы.
Сіздердің туғаннан қазіргі сәттеріңе дейін бірнеше уақыт өтті. Оны кері қайтара алмайсың. Сондықтан әр күнімізді босқа өткізбей, уақытымызды тиімді пайдалануымыз керек.
132207012954000Сұрақтар:
Уақытты көрсеткіш не?
Оларды қайдан көруге болады?
Ендеше сағатың түрлері туралы көрейік.
-5969076009500-65405-57848500Алғашқы сағаттар – күнсағаттар, онда уақыт көлеңкенің көмегімен анықталған.
Кейін Ежелгі Мысырда сусағаттар (клепсидрлер) пайда болған.
Бірнеше жылдардан соң механикалық және электронды сағаттар пайда болған. Слайд
суреттері
Сабақтың ортасы
12-36минут
Топтық жұмыс.
1 –тапсырма.
Уақыт неше болды?
1 – топ.
2 – топ.
3 – топ.
Парақша
Сергіту сәті
Сағат түңгі бір (ұйықтайды)
Сағат таңертеңгі сегіз (оқушы болып отырады)
Сағат түскі он екі. (тамақ ішіп жатқан сияқты қимыл көрсетеді)
Сағат кешкі алты (сабақ оқып отырады)
Сағат түсқайтадағы үш.(теледидар көреді немесе ойнайды) Қимылмен көрсету
2 – тапсырма.
Циферблатқа сағаттық және минуттық тәлдерді жабыстырып, сағатты дұрыс қойыңдар.
1 –топ 12:00
2 –топ 10:30
3 –топ 09:15
Сабақтың соңы
37-42 минут Уақыт қозғалысы.
Суреттерге қара. Ондағы әрекеттердің әрқайсысына қанша уақыт кетті? Оны қайдан білдің? (сұрақтарға жауап береді)
Жұмыс дәптерімен жұмыс. 43 - бет Жұмыс дәптері
43-45 минут Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауТүсіндім Түсінбедім
Смайликтер