?ыс?а мерзімді жоспар Жаратылыстану ?ылымы 10 сынып


Қысқа мерзімді сабақ жоспарыМахамбетова Роза Қайырбекқызы
Алматы облысы, Ескелді ауданы
«Қарабұлақ орта мектебі МДШО» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміЖаратылыстану ғылымы
САБАҚ: Жаратылыстану ғылымы МЕКТЕП: Қарабұлақ ОМ
Күні: Мұғалімнің есімі: Махамбетова Р.Қ.
СЫНЫП: 10 «Б» Қатысқандар саны:
Қатыспаған
дар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 10.Т1. 10.О3. Назарын шоғырландырып тыңдау және оқу арқылы ғылым түрлерін ажыратып, оның еліміздегі математика ғылым саласындағы жаңалықтар туралы өзіндік көзқарасын айтып, бағалау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Тыңдаған материал бойынша 2-3 сөйлемді айтады және жаза алады. Мәтін тақырыбын сурет арқылы таба алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тыңдаған материал бойынша сөйлемдерді айтады және жаза алады. Мәтін тақырыбын сурет арқылы таба алады. Ғылым тақырыбында өз пікірін қысқа айта алады.
Кейбір оқушылар:
Тыңдаған материал бойынша сөйлемдерді айтады және жаза алады. Мәтін тақырыбын сурет арқылы таба алады. Сол ғылым бойынша өз пікірін қысқа айта алады. Математика ғылымындағы әлем мен Қазақстанның жетістіктері туралы өзіндік көзқарасын айта алады, бағалайды.
Тілдік мақсат Оқушылар: грамматикалық және орфографиялық нормаларды сақтай алады. Мәтінді мәтінді мәнерлеп оқи алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
1)Үкімет – правительство еркін қозғалыс – свобод.передвижение
Үлес қосты – внес вклад тіршіліктің бастамасы – начало бытия
Ілім – наука дүние кілті – ключ жизни (источник)
Пілсапашы – философ кеңістік геометриясы – пространств.геом.
Тақуа адам – благочестивый человек, рухани – дууховный
Дәріптейді – чтит, құрылым - строение
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Бейнефильм не туралы?
Суретке сәйкес мәтінді табыңдар.
Оқылым бойынша ұсыныстар:
Тақырыпқа сай мәтіндерді басқа ғылыммен салыстырыңдар, өзектілігіне талдау жасаңдар. О4
Алдыңғы оқу
5мин Алгебра ғылымы туралы ақпарат іздеу.
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурс
тар
Басы
3 мин
8 мин
С/Ж (Т1)
«Математика қалай пайда болды?» атты мультфильм көрсету
«Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. Тыңдаған материал бойынша өз пікірін сөйлеммен жазады, келесі оқушы оны оқиды.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Ф
АКТ
https://yandex.kz/video/search?filmId=6iuvoajqgQI&text=Хорезмми%20Алгебре%2
Ортасы
5 мин
8 мин
10 мин
Ж/Т/С Тапсырмалар:
Тақтаға ғылыми жаңалықтардың суреттерін іліп қоямын. Оқушылар топтарға бөлінеді және әрбір топтық бір мүшесі сурет таңдайды. Топтағы суретте қандай ғылыми жаңалықтар бейнеленгендігін талқылайды. Топтың басқа мүшелері бұл суретке сәйкес келетін мәтінді мұғалім үстелінен табады.
1-тапсырма. О4 Іріктеп оқу және жоспар құру (жаңалықтың өзектілігіне талдау жасайды)
2-тапсырма.О3.Топ оқушылары суретке байланысты сұрақтарға жауап береді.
Бұл қандай ғылыми жаңалық?
Бұл туралы мен не білемін?
Мен бұл туралы не ойлаймын? Бұл маңызды ма?
Мен неге бұлай ойлаймын.
(ПОСТЕР ҚОРҒАУ)
Оқушылар керекті жерлерде пікірлерін айта отырып, басқа топтарды тыңдайды.
Ф (өзара кері байланыс) Сурет
тер,
мәтін
дер
Флип
чарт
Аяқта
луы
5 мин
Кері байланыс:
Бүгін сабақта маған:
1)үйренуге жеңіл болды 2)бәрінен қызықты болды 3)түсінуге қиын болды 4)өте қажетті Рефлексия кестесі
1мин Үйге тапсырма: «Қызықты математика» оқылымға мәтін тауып келу, жоспар құру. Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен Сабақтың мақсаты мен міндеті орындалды.
Оқушылар тақырыпқа сәйкес суреттер мен мәтіндерді тапты. Бейнефильм көру арқылы өтілетін тақырыпты тапты. Сөз және сөз тіркестерді қолданып, «4 сөйлем» тәсілін ұтымды қолдана білді. Іріктеп, көз жүгіртіп оқу арқылы жоспар құрды. Берілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін ортаға салды, тиесілі ғылымның қазіргі өмірде аса қажеттілігін дәлелдей алды.(бағалау)
Сабақ балаларға ұнады.
Қолданған стратегиялармен жұмыс істеу қиынға соққан жоқ. Басым көпшілігі сөйлемдерді қысқа қайырып айтады (Жай сөйлем мен сөз тіркестері)
Уақытты тиімді пайдаландым.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін, өзге стратегияларды қолданамын.
Қорытынды бағамдау
Қандай нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сурет пен мәтінді салыстырып табу.
Қандай нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
2-тапсырма жұмысы.
Сабақ барысында мен немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Критерийлер Дескрипторлар балл
1 Ғылым мен өмірді байланыстырады. 1. Математика ғылымы қысқаша туралы өз ойларын жеткізеді.
2. Ғылымды өмірдің әлеуметтік салаларымен байланыстыра қарастырады 1
2
2 Өз ойларын жүйелі жеткізе біледі. 1.Сауатты сөйлей алады.
2. Әлемдік деңгейде ой қозғай алады.
3. Өз ойын еркін жеткізеді. 1
2
3
3 Идеяның маңыздылығы. 1. Идея маңызды болады.
2. Өз идеяларын дәлелдей алады 1
2