Биологиядан презентация, та?ырыбы: ?л?айт?ыш ??ралдар (6-сынып)
Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек.
1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық ағайынды Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған.Г.Галилей (1564–1642)
Голландия ғалымы Антони ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.
1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған.
Микроскоп (грекше: «микро»– ұсақ, «скопэ» – қараймын) – өте ұсақ заттарды 100-ден 2 000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал. Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте жазылған сандарды бір-біріне көбейтеді. Мысалы, окулярда 15х, ал объективте 40х болса, 15х40 = 600 есе үлкейтеді.
Жарық көмегімен ұлғайтатын микроскоп1.Окуляр 2.Көру түтігі. 3. Объективтер 4. Заттық үстелше5. Айна 6. Табан7. Тұтқа 8. Бұранда
ұлғайтқыш қол әйнегіҰлғайтқыш құралдарЗатты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін, құрылысы қарапайым құрал. Оның негізгі бөлімі – екі жағы бірдей дөңес шыны (линза). Пайдалануға ыңғайлы болу үшін шынының айналасы құрсауланған, қолмен ұстайтын сабы бар.
тұтқалы ұлғайтқыш әйнекЗатты 10-25 есе үлкейтеді. Тұтқалы ұлғайтқыш әйнектің де табаны ( микроскоптыкіндей), зат қоятын үстелшесі (тұтас тұнық әйнектен жасалған), қозғалмалы айнасы бар. Көру түтігін қозғайтын бұрандасы болады. Қарапайым көру түтігінің бір жағы – окуляр, екінші жағы – обьективі.
Пияздың мөлдір қабығынан препарат дайындау
№ 2 зертханалық жұмысТақырыбы: Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу.Мақсаты: Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу.Құрал-жабдықтар: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.
І. СәйкестендіруТұтқалы ұлғайтқыш әйнекҰлғайтқыш қол әйнекМикроскоп100-2000 есеге3-5 есеге10-25 есе
ІІ. Микроскоптың бөліктерінің орналасу орынын табу
Микроскоптың бөлімдеріАтқаратын қызметі1.Жарық түсіру2.Көзбен қарау3.Көру түтігін қозғау4.Затты қарау5.Көру түтігінің бекітілген жері6.Қарайтын затты орналастыру7.Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі8.Үлкейтіп көрсететін әйнектер орналасқан бөліміІІІ. Атқаратын қызметіне қарай микроскоп бөлімдерінің аттарын кестеге толтырыңдар.
Қорытынды :Ұлғайтқыш әйнек пен микроскоптың қызметі қандай?_______________________2. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар_________________________________
Үй тапсырмасы:§5 оқып, 14-суретті салу (микроскоп)