Планирование по географии на тему ?лемді география ар?ылы таны (7 класс)


Жаңақала мектеп - гимназиясы
Тақырыбы:
«Әлемді география арқылы таны»
(сыныптан тыс шара)
Сыныбы: 7 а, ә, б
Дайындаған: Салимова Н.Н
география пәнінің мұғалімі
2015 – 2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Әлемді география арқылы таны»
Мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың жинақтаған білімдерін жетілдіру. Теориялық түсініктерін, тәжірибе жүзінде пайдалану. Георифиядан алған білімдерін ортаға салу.
Дамытушылық: Оқушылар дүниетанымын кеңейту; Жаңаны білуге қызықтыру, картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды топпен жұмыс жасайға дағдыландыру. Табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Қолданатын құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд, карта, кестелер, ұяшықтар.
Ойынның жүру барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды топтарға бөлу, белгіленген орындарына отырғызу, әділ – қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.
II Кіріспе бөлім.
Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ – қазылар құрамымен таныстыру.
III Негізгі бөлім:
Таныстыру (Киім формасы, төсбелгі, топ аты, ұраны бағаланады).
«Меннен сұрақ – сізден нақты жауап»
«Ойлан тап»
«Ең, ең, ең..........»
«Кім жылдам?»
«Сандар сөйлейді»
«Қара жәшіктегі затты тап!»
Географиялық мозайка құрастыру.
- жүргізуші: Құрметті көрермен! Армысыздар өзінің жақтасы үшін жаны ауыратын, жеңіске жүрегі жарыла қуанатын жанкүйер қауым! «Әлемді география арқылы таны» сайысына қош келдіңіздер!
- жүргізуші:
Жаратылыс – жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға.
Жер ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімі мейлінше теңіз екен
Анам туса, Жер ана жетілдірді,
Осыны мен өмірге егіз етем! – деп ақындар табиғатты анаға теңеген, өйткені жер - тіршілік көзі, өмір бастауы. Табиғат - түп қазығың, ырысың, бар байлығын алдыңа тарту етеді. Тек оған зиян тигізбей, мәпелеп өзіңе керегіңді ал біл!
1– жүргізуші: «География – қоршаған ортаны танып білу».
«Жер шарында тіршілік етіп, географиямен таныспай кету немесе Астанада болып , Бәйтерекке қарамай ктумен тең» деп айтсақ артық айтқандай болмас. Олай болса бүгінгі сайыс барысында осы география саласы бойынша оқушыларымыздың ой – өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
2 – жүргізуші: Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады
Жаршы заңы ежелден, жеңімпаздарды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.
Ендеше ортамызға география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық!
1 – жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын, оқуышыларымызға әділ баға беретін әділ – қазылар алқасымен танысыңыздар:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Апахаева Рая Қайратқызы.
Жаратылыстану пәндерінің бірлестік жетекшісі: Утегалиева Бақытгул Алпысбайқызы.
Георафия пәнінің мұғалімі Бүркітова Мереке Мұратқызы.
2 – жүргізуші:
Таныстыру (Киім формасы, төсбелгі, топ аты, ұраны бағаланады).
«Меннен сұрақ – сізден нақты жауап»
«Ойлан тап»
«Ең, ең, ең..........»
«Кім жылдам?»
«Сандар сөйлейді»
«Қара жәшіктегі затты тап!»
Географиялық мозайка құрастыру.
Бәйге қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен топ кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін!
«Сәлем - сөздің атасы» демекші алдымен сайысымызды сәлемдесуден бастаймыз. Әр команда өздерін таныстырып кетсін.
I кезең – ТАНЫСТЫРУ. Топтар топ аты, ұраны, төсбелгісімен таныстырады.
жүргізуші:Ал, балалар, сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Білімді бір тексеріп көрейік біз
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар! – деп сайсымыздың келесі «Меннен сұрақ – сізден нақты жауап» кезеңін бастаймыз.
1 – топ.
Дүниежүзінде қанша материк бар? (6 )
Еуразияның солтүстігіндегі шеткі нүктесі? (Челюскин)
Еуразияның ең биік шыңы? (Джомолунгма)
Дүниежүзілік су қанша пайызды алып жатыр? 71
Солтүсті бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем? (Азимут)
Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар? (Меркурий)
Жалпы жер бетінің ауданы? 510 млн.км2
Германияның ақша бірлігі (еуро)
Тіршілік қабаты (биосфера)
Үндістан астанасы. (Дели)
2 – топ.
Дүниежүзіндегі ең терең шұңғыма? (Марианна)
Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз? (Панама каналы)
Ежелгі біртұтас материк?
Ф.Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? ( 1519 – 1522)
Еуразияның батысындығы шеткі нүктесі ((Рока)
Қазақ елінің діні (Ислам)
Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында ( 9)
Қырғыстанның ақша бірлігі (сом)
Ең кіші материк (Аустралия)
10.Ең суық материк (Антарктида.)
3 – топ.
Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді? Анд
Жер бедерінің өзгерісіне қандай күштер әсер етеді?
Температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар?
Оңтүстік Американың ең биік нүктесі? (Аконкагуа)
Австралияның солтүстік шеткі нүктесі? (Йорк)
Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар (Жер)
Қазақстан туының авторы? (Ш.Ниязбеков)
Бейнелі түрде ауа мұхиты деп қай қабықты айтады? Атмосфера.
Ресей мемлекетінің астанасы? (Мәскеу)
Жер бетіндегі ауа қабаты? (Атмосфера)
1 – жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй – демекші 7 б сынып оқушысының орындауында күй.
3 кезең. Ендеше балалар, келесі кезеңіміз «Ойлан тап».
1 – ұяшық.
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан моңғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады., ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.
Бірінші көмек: Отаны Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри – Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда, Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы ауырады.
Жауабы: Шай
2 – ұяшық.
Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан. Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзеннің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы – материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи – мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта – ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.
Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.
Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.
Үшінші көмек: Пирамидалар елі
Жауабы: Египет.
3 – ұяшық.
Бұл ел орманға бай. Олардың тұрғындары үйеңкі ағашының шырынын қант орнына пайдаланады. Көптеген көл жүйелері орналасқан.
Бірінші көмек: Туында үйеңкі ағашының жапырағы бейнелеген.
Екінші көмек: Астанасы Оттава
Үшінші көмек: Территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орынды алады.
Жауабы: Канада.
4 – ұяшық.
Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады. Оның тарихы да Қызықты. Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығып тұру үшін бұл дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.
Бірінші көмек: Гүлін көбінесе ер адамдар сыйлайды.
Екінші көмек: Емге де пайдаланады.
Үшінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны – Индонезия.
Жауабы: Қалампыр дәні
5 – ұяшық.
Мемлекеттік құрылымы 22 штаттан тұратын федерациялық республика.
Бірінші көмек: Жерінің ауданы жөнінен бесінші орын алады.
Екінші көмек: Халқының саны жөнінен бесінші орын алады.
Үшінші көмек: Амазония ойпаты мен Бразилия таулы үстіртін алып жатыр.
Жауабы: Бразилия
6 – ұяшық.
Бұл өсімдік Орталық Азия мен Ауғанстан жерінде пайда болған. Оны медицинада да қолданылады. Ас қорытуға жақсы әсерін тигізеді. Исі өте жағымсыз.
Бірінші көмек: Жуа туысының ең көп тараған түрі.
Екінші көмек: Түсі сары, қоңыр, қызғылт келеді.
Үшінші көмек: Тамаққа пайдаланады.
4– кезең. Балалар, келесі кезеңге өтуге дайынбызба? Ендеше «Ең, ең, ең .....» турына кезек берейік.
«Ең, ең, ең...........»
1 – топ.
Ең ұзын өзен? Ніл
Ең үлкен ойпат? Амазонка ойпаты
Ең үлкен арал. Гренландия
Ең биік шың. Джомолунгма.
Ең ылғалды материк. Оңтүстңк Америка
Ең үлкен шөл. Сахара
Ең суыққа төзімді құс. Пингвин
Ең ірі мұхит.Тынық мұхит.
2– топ.
1.Ең халқы көп мемлекет. Қытай.
2.Ең ластанған мұхит. Атлант
3.Ең биік ағаш. Секвойя.
4.Ең үлкен көл. Каспий.
5.Ең кішкентай мұхит. Солтүстік Мұзды мұхит
6.Ең ыстық материк. Африка
7.Ең үлкен мемлекет. Ресей
8.Ең терең көл. Байкал.
3 – топ.
1.Ең кіші материк. Аустралия.
2.Ең үлкен бұғаз. Дрейк
3.Ең ұзын өзен. Ніл.
4.Ең суық материк. Антарктида.
5.Ең биікте орналасқан астана. Ла – Пас
6. Ең терең шұңғыма. Марианна
7. Ең биік сарқырама .Анхель
8. Ең ұзын тау. Кордильер тау жүйесі.
5 – кезең. Кім жылдам?. Тақтаға карта ілінеді, географиялық обьектілер бір жағына ілінеді.Сол обьектілерге 30 сек.ішінде картадан толық көрсетуі кекрек.
Сахара шөлі;
Калахари шөлі;
Намиб шөлі;
Мексика шығанағы;
Гудзон шығанағы;
Амазонка өзені;
Атлант мұхиты;
Ла – Плата ойпаты;
Виктория көлі;
Конго өзені;
Танганика көлі;
Титикака көлі;
Ұлы жазық;
Мадагаскар аралы;
Жаңа Гвинея аралы;
Тасмания аралы;
Отты Жер аралы;
Гибралтар бұғазы;
Беринг теңізі;
Норвег теңізі;
Ақ теңіз;
Панама каналы;
Үлкен Аю көлі;
Винипег көлі;
Калифорния шығанағы;
Юкатан түбегі;
Флорида түбегі;
Каспий теңізі;
Сомали түбегі.
Килиманджаро жанартауы;
Тынық мұхиты;
Үнді мұхиты.
6 – кезең.
Сандар сөйлейді.
8848 м – Гималай тауы Джомолунгма шыңы.
24,2 млн. км2 - Солтүстік Америка материгінің ауданы.
390 мың км2 - Каспий теңізінің ауданы.
403 м – Өлі теңіз Евразияның ең төменгі нүктесі.
2 млн. 176 мың км2 – Гренландия аралы.
1620 м – Байкал тереңдігі.
1470 м – Танганьика көлінің тереңдігі.
6420 км – Миссисипи Миссури саласымен.
– 153 м Ассаль көлі, Африканың ең төмен орналасқан нүктесі
+ 580 с – Жер шарындағы ең жоғарғы температура.Африка материгі.
5895м – Килиманджаро жанартауы.Африканың ең биік нүктесі.
933 м – Тугелла сарқырамасы.Африка материгі.
6671 км – Ніл өзені
7 млн.км2 – Сахара шөлі.
53,3 млн.км2 – Еуразия ауданы.
7 – кезең: Қара жәшік.
Сарымсақ. Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден – бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны «жылан өсімдігі» деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны – Орта Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ.
Лавр жапырағы. Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдіқ жапырағынан гүлдесте жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жұрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте «даңқ символы» ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.
Бірінші көмек: Отаны –Жерорта теңізі жағалауы.Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнелеген.
Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.
Жауабы: Лавр жапырағы.
Картоп. Ақтүйнек алқа тұқымдасына жататын көпжылдық дақыд. Отаны Оңтүстік және Орталық Америкадан Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Франция ханшайымы М.Мария – Антуанетта оны насихаттау үшін оның гүлін шашына қыстырған екен. Құрамында крахмал көп мөлшерде кездеседі.
Бірінші көмек: Оны көптеген елдерде екінші нан деп атайды.
Екінші көмек: Көкөніс ретінде тамаққа пайдаланады.
8 – кезең: Географиялық мозайка (материка қиындыларын құрастыру).
Жүргізуші: Қазылар алқасы өз қорытындыларын шығарғанға дейін 7 б сынып оқушысы Тлекешов Исламды тамаша әнімен ортаға шақырайық!
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік, - дей келе қорынды сөз кезегін қазыларға береміз.
III Қорытынды бөлім.
Сайыстың қорытындысын шығару;
Әділ қазыларға сөз беру;
Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,,
География сырына, - дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.