?лемді география ар?ылы таны


Ашық сыныптан тыс іс-шара
Күні: 06.02.2014ж
Сынып: 7 «А», «Ә», «Б», «В».
Тақырып: «Әлемді география арқылы таны».
Мақсаты:
Ізденіс пен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге,өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру, топпен бірге ауызбіршілікпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Көрнекілік: интерактивті тақта, презентация, таратпа қағаздар, атлас, кескін, шарлар және т.б.
Түрі: Сайыс сабақ
Ойын кезеңдері
І.Таныстыру
ІІ. “Терминдер сыр шертеді”
ІІІ.Әлем халықтарымен таныс болайық.
ІV.Ең.....ең.....ең.....
V.“Дүние жүзіне саяхат” сергіту сәті
VI. Ситуациялық сұрақтар
VII. “Картамен жұмыс”
VIII. Қорытынды, марапаттау.
І.Таныстыру .Жоғарғы ұпай 10.Әр топ географиялық атауға сәйкес өз атын, төсбелгілерін және ол туралы мәліметтерін презентациялайды.
ІІ.“Терминдер сыр шертеді”. Дұрыс жауап 2 ұпай. Әр топ мына сөздердің анықтамасын табу керек.
1. Теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл жойқын толқын (Цунами)
2. Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын қайнар (Гейзер)
3. Жер бетінде полюстен-полюске дейін жүргізілген сызық (Меридиан)
4. Жанартау атқылағанда жер бетіне шығып төгілген отты қоймалжың зат (Лава )
5. Мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүретін орасан зор мұзтаулар (Айсберг)
6. Қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты желдер (Муссон)
7. Жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақ (Сейсмикалық аймақ)
8. Бір-бірімен өзара тығыз байланысты табиғат компоненттерінің біртұтас жүйесі (Табиғат кешені).
ІІІ.Әлем халықтарымен таныс болайық. Жоғарғы ұпай 10.Әр топ бір мемлекетті таныстырады,яғни дайындап әкелген презентацияларын қорғайды және буклет түрінде мұғалімге тапсырады.
I-топ Аргентина мемлекеті.
II- топ Судан мемлекеті.
III- топ Бразилия мемлекеті.
IV- топ Эфиопия мемлекеті.
ІV.Ең.....ең.....ең..... Дұрыс жауап 2 ұпай.
Бұл топтық жұмыс.Әр топ әлемдегі ең..ең..ең... атауына келетін ең ерекше географиялық объектілерді атап шығулары керек.Әрбір дұрыс жауап 2 ұпай. Мысалы:
1. Құрлықтағы ең жылдам жануар-Қабылан (100 км/сағ)2. Ең терең көл?(Байкал-1620м)
3. Ең үлкен көл? (Каспий-390 мың км2)
4. Ең биік сарқырама(Анхель-1054м)
5. Әлемдегі ең ауыр жыртқыш-Касатка (салмағы 9000 кг, ұзындығы 9 м)6. Дүние жүзіндегі ең биік тау (Джомолунгма 8848)
7. Әлемдегі ең ауыр жәндік–Голиаф-қоңыз (70-100 г)8. Жауын шашые ең көп түсетін жер(Черапунджи-12000мм)
9. Әлемдегі ең биік сүтқоректі-Керік (6 м)
10. Ең үлкен арал (Гренландия 2,6млнкм2)
11. Әлемдегі ең құрғақ жер-Атакама шөлі (жылына 1 тамшы жаңбыр жаумайды).
12. Ең алғашқы ұлттық парк (Йеллоустон 1872 АҚШ)
13. Жер шарныдағы ең жоғары температура (+58Әл-Азизия)
14.Ең үлкен шөл (Сахара 7 млн)
15. Ең ұзын ел (Чили)
16. Әлемдегі ең биік шөп-Бамбук (25 м)17. Әлемдегі ең ұзын бұғаз-Мозамбик (1670 км)18. Әлемдегі ең ұзын тұщы көл-Танганьика (1470 м)19.Ең төменгі температура (-89 Антарктида)
20.Африкадағы ең аласа халық (пигмейлер 150см төмен)
V.“Дүние жүзіне саяхат” сергіту сәті. Интерактивті тақтадан оқушыларға әлемнің керемет таңғажайып жерлерін көрсетемін.
VI.Ситуациялық сұрақтар.Дұрыс жауап 5 ұпай.
1.Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр түрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал, олар сіздерге «кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді?
(Австралия материгіне және олар “түсінбеймін” деп жауап береді)
2. 2.Африканың ылғалды экваторлық зонасында мекендейтін бұл жәндіктер қауіпті болып саналады. Ол жолындағы көпірлер мен үйлерді бұзып зор шығынға ұшаратып, залал әкеледі. Бұл не? (термит)
3. Бұл ағаш Ніл өзені жағалауында өседі.Оның жапырақтарымен тоқылған бойрамен жергілікті халықтар үйлерінің төбесін жабады.Оны шарасыздық жағдайда ғана кесіп, аза тұтады.Бұл қандай пальма? (Құрма ағашы)
4.Әлемді алғаш айналып,
Жерді шар деп жар салып
Кім еді тұңғыш жиһанкез,
Ойын тапқан аңғарып (Фернан Магеллан)
5.Оның «Географика» деп аталатын еңбегінде жер туралы мәлімет жинақталып, «география» сөзін ғылымға алғаш енгізілген. Сондықтан оны «Географияның атасы» деп атайды? (Эратосфен)
6. Бұл материктің солтүстігінің халықтары бойшаң, ал экватор бойында ең аласа адамдары мекендейді.Бұл қай материк және қандай адамдар туралы айтылып тұр? (Африка.Солтүстігінде тутсилер мен химилер бойы 180-200см,ал экватор бойында ең аласа пигмейлер бойы 150см адамдар мекендейді)
7.Сіздер бұл материкте оқымысты ғылым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон-үйлерде тұрады. Бұл қай материк және қай халық? (Антарктида материгі және зерттеушілер)
8.Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде Сахара шөлінде ме? (Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғасқан).
VII. “Картамен жұмыс”. Дұрыс жауап 2 ұпай. Мына ұғымдарды картадан көрсет:
І-топ:
Венесуэла мемлекеті; Конго өзені; Атлас тауы;
Жаңа Зеландия аралы; Байкал көлі.
ІІ-топ:
Парана өзені; Поопо көлі; Косцюшко тауы;
Тасман аралы; Гольфстрим ағысы.
III-топ:
Кордильера тауы; Кариб теңізі; Қызыл теңіз; Чили мемлекеті; Анхель сарқырамасы.
IV-топ:
Перу ағысы; Ине мүйісі; Канар ағысы;
Кабу-Бранку мүйісі; Отты Жер аралы.
VIII. Қорытынды, марапаттау.
Жаңаөзен мектеп-гимназиясы
ашық сыныптан тыс іс-шара
7-сыныптар арасындағы сайыс

Өткізген: География және тарих пәні мұғалімі
Мухамбетова Салтанат
2013-2014ж