Тесты: Бастауыш сыныптар бойынша ?аза? тілінен тест тапсырмалары
Тест тапсырмалары
1 – нұсқа
Дұрыс жазылған сөзді белгіле:
А) екипаж
Ә) икипаж
Б) экипаж
2. Дұрыс жазылған сөзді белгіле:
А) абтобус
Ә) автобус
Б) аптобус
3. Дұрыс жазылған сөзді белгіле:
А) магнитопон
Ә) магнитовон
Б) магнитофон
4. Дұрыс жазылған сөзді белгіле:
А) семент
Ә) цемент
Б) земент
5. Дұрыс жазылған сөзді белгіле:
А) шемпион
Ә) щемпион
Б) чемпион
6. Тәуелдік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле:
А) сүзгі
Ә) малды
Б) кітабы
7. Реттік сан есімді тап:
А) үш жүз
Ә) екеу
Б) сексен алтыншы
8. Есептік сан есімді тап:
А) он екі ай
Ә) екінші рет
Б) бірер күнде
9. Болымсыз етістігі бар сөйлемді белгіле:
А) Көжені жармадан пісіреді.
Ә) Әсем көрмеге барды.
Б) Үлкен адамның алдынан өтпе.
10. Көп нүктенің орнына қай жұрнақ лайықты:
А) - ды
Ә) - ба
Б) - шы
2 – нұсқа
1.Жайылма сөйлемнің ережесін белгіле:
А) Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлем.
Ә) Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.
Б) Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем.
2. Дұрыс сөздер қатарын белгіле:
А) өнерлі, судай, теңізде
Ә) өнерпаз, сулы, теңіздей
Б) су, теңіз, өнер
3. Туынды зат есімдер қатарын белгіле:
А) Қызыл, қоңыр, күрең
Ә) емен, орын, көктем
Б) сүзбе, жұмыскер, аспаз
4. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздер қатарын белгіле:
А) білімді, бөріктер, тақияны
Ә) білімге, бөрікпен, тақиямен
Б) бөрігім, тақияң, білімі
5. Негізгі етістіктері бар қатарды белгіле:
А) жақында, әндет, достас
Ә) шақыр, жүгір, тара
Б) жауын, жиын, шалғын
6. Бастауышы бар сөйлемді белгіле:
А) Үй ішін түгел оятты.
Ә) Анар гүлдерді суарды.
Б) Сәлімді күтіп алды.
7. Баяндауыштың анықтамасын белгіле:
А) Сөйлем құрамында белгілі бір қызмет атқаратын сөздер.
Ә) Кім?, не? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі.
Б) Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздер.
8. Баяндау мәтінінің анықтамасын белгіле:
А) Оқиға жүйелі, тізбектеліп әңгімеленеді.
Ә) Мәтіннің тақырыбы болады.
Б) Мәтіндегі негізгі ой.
9. Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді белгіле:
А) Үсен бүгін аялдамада Мәлікті кездестірді.
Ә) Қонақтар кіріп келді.
Б) Концерт басталды.
10. Жалаң сөйлемді белгіле:
А) Әли атасын шығарып салды.
Ә) Асқар кітап дүкеніне кірді.
Б) Гүлнұр киінді.
3 – нұсқа
1.Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді белгіле:
А) бүтін
Ә) қарындаш
Б) көбелек
2.Бірде жуан, бірде жіңішке болатын дыбысты белгіле:
А) а
Ә) у
Б) е
3.Қай сөздің жазылуы қате:
А) лашын
Ә) ақыл
Б) жый
4. Қарамен берілген сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?
1.Сатушының аты – Елнұр.
2. Біржан атын ерттеді.
А) Мәндес
Ә) дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі
Б) қарама – қарсы мағыналы
5.»Жиегі» сөзімен мәндес сөзді белгіле:
А) төбесі
Ә) іші
Б) жағасы
6. Туынды етістіктері бар қатарды белгіле:
А)дәріхана, суреткер, түйме
Ә) сұрақ, қармақ, қуаныш
Б) шегеле, емде, ілгеріле
7. Болымсыз етістіктер жасайтын жұрнақтарды белгіле:
А) – да, - де, -та, - те
Ә) –лы, - лі, - ты, - ті
Б) – ма, -ме, - ба, - бе
8.Туынды сын есімдер қатарын белгіле:
А) береке, күн, біл
Ә) берекелі, күндей, білгіш
Б) мерекеде, күнде, білім
9. Есептік сан есімдер қатарын белгіле:
А) бірінші, бесінші, жетінші
Ә) біреу, бесеу, жетеу
Б) бір, бес, жеті
10.Реттік сан есім жасайтын жұрнақтарды белгіле:
А) – дай, - дей, - тай, - тей
Ә) –лы, - лі, - ды, - ді
Б) – ыншы, - інші, - ншы, - нші
4 – нұсқа
1.Қарамен жазылған сөзге қандай қосымша жалғанған?
Өз үйім – өлең төсегім.
А) жұрнақ
Ә) тәуелдік жалғау
Б) көптік жалғау
2.Туынды зат есімді белгіле:
А) топырақ
Ә) кесе
Б) сызғыш
3.Туынды сын есімді белгіле:
А) ұстаз
Ә) қалам
Б) майлы
4.Мына сөз тәуелдік жалғауының қай жағында тұр?
Нағашың
А) бірінші жақ
Ә) екінші жақ
Б) үшінші жақ
5.Сөйлемнің қай түріне жатады?
Бейбітшілік – баға жетпес қазына.
А)жалаң
Ә) сұраулы
Б) жайылма
6. Көп нүктенің орнына қай сөз лайықты?
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады.
... шықсаң, алдыңнан түн шығады.
А) бүгін
Ә) түнде
Б) кеш
7.Мына сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?
Берік, күшті, қуатты, қарулы.
А)мәндес
Ә) қарама – қарсы мағыналы
Б) мағыналары әртүрлі
8.Негізгі зат есімді белгіле:
А)көсеу
Ә) жаңбыр
Б) төсек
9.Туынды сын есімді белгіле:
А)қалалар
Ә) қаладан
Б) қаладай
10.Қай сөзге жалғау жалғанған?
А)сабақ
Ә)кептер
Б)дәптерге
5 – нұсқа
1.Туынды зат есімді белгіле:
А) шығарма
Ә) тоғыз
Б) сағыз
2.Жалғау жалғанған сөзді тап:
А) сауыншы
Ә) бесінші
Б) дәптерді
3.Жалғау жалғанған сөзді белгіле:
А) домбыра
Ә) сауысқанның
Б) іскер
4.Туынды етістікті белгіле:
А) әдемі
Ә) әдемірек
Б) әдеміле
5.Туынды зат есімді белгіле:
А) сыпырды
Ә) сыпырған
Б) сыпырғыш
6.Баяндауышты белгіле:
Айгүл мұғалімнің сөзін ынтамен тыңдады.
А)ынтамен тыңдады.
Ә) тыңдады
Б) сөзін ынтамен тыңдады
7.Бастауыш болып тұрған сөзді белгіле:
Олжас мектептен кеш келді.
А)келді
Ә) мектептен
Б) Олжас
8.Реттік сан есімді белгіле:
А) бір
Ә) бірінші
Б) біреу
9.Жалаң сөйлемді тауып белгіле:
А)Ақыл – азбайтын тон.
Ә) Бір сағаттай уақыт өтті.
Б) Ернұр сөйледі.
10.Жайылма сөйлемді белгіле:
А) Ей, достар!
Ә) Келесің бе?
Б) Оқушылар кеше сенбілікте гүлзарларды тазартты.
Сөйлемдерді оқы. Қандай? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз.
Ауыл маңында үлкен өзен ағып жатыр. 2. Алуаның апасы тәтті тоқаш пісірді. 3. Жалбыз – қош иісті, дәрілік өсімдік. 4. Көрмедегі мазмұнды суреттерге көрермендер қызыға қарады. 5. Құрылысқа жеңіл, жұқа тақтайлар пайдаланылады.
Мақалдарды көшіріп жаз. Сөйлем мүшелеріне талда.
Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Жұмбақтарды көшіріп жаз. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.
Сылдардан қорқады,
Шошынып жортады.
Бейнесі суда дірілдейді,
Қармаққа ілінбейді.
Сұрақтарға жауап жаз. Жауабы болған сөздер сөйлемнің қай мүшесі екенін айт.
Жаңа өсіп келе жатқан нені жұлмайды?
Немен ойнамайды?
Түнде ненің бетін жауып қояды?
Нені тебуге болмайды?
Ненің ұясын бұзбайды?
Тамақты қалай ішеді?
Тыйым сөздерді жаттап ал.
Жаңылтпаштарды мәнерлеп оқы. Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып көшір.
Ұзын бала
Қысқа баланың қасында тұр.
Ұзын бала да, қысқа бала да
Бұлақ басында тұр.
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Теріп жазған сөздерден сөйлем құрастыр.
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қайда? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, астын сыз.
Орманда жабайы алмалар өседі.
Балалар аулада ойнады.
Арман Ақтауға ұшақпен ұшты.
Қазақстанда жалбыздың бірнеше түрі өседі.
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің қандай сөйлем мүшелерінен құралатынын кестеге жаз.
Жалаң сөйлем
Жайылма сөйлем
Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырып жаз.
Тау жақтан салқын самал соқты. Айбек Астанаға барды. Ірімшік – сүттен жасалған тағам. Бір топ бала аулада доп ойнап жүр.
Жалаң сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосып, жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
Дәурен аяп кетті. Әсел түсінді. Жаңбыр жауды. Айзада жинады. Арман алып келді. Әли тасыды.
Қаратпа сөз
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қаратпа сөздерді тауып, астын сыз.
Ата, Қарагердің үйірі қашан келеді?
Е, балам, Құдай қалаған күні келеді, - деді атасы.
Ата, Күреңтөбел аман – сау келсе, өзім бас білдіремін,- деді Жарас.
Жарасжан, Күреңтөбел саған көне қоймас, асау ғой, - деді атасы.
Қаратпа сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойып жаз.
Айған жұмбақ айтуды басташы. Болат біз саған сенім артамыз. Мына ертегіні оқып көрейік апа. Ұстаздар кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын.
Өлеңді мәнерлеп оқы. Қаратпа сөздерді тап.
Халық қате айтпайды ғой,
Нан бұған:
Тоқтап тұрған
транспорт алдынан
Өтпегейсің,
Алдын орай өт, көкем,
Келе жатқан
келесісі жоқ па екен?
М. Әлімбай.
Өлең мазмұны бойынша жол жүру ережелерін әңгімеле.
Сызба бойынша сөйлемдер құрастырып жаз.
А
М
Б
н Ғ
ң Е
о Ж
п З
с К
т Қ
ш Л
ы
,
.