Биологиядан 6-сынып?а тест тапсырмалары


Қорытынды тест (І тоқсан, 6-сынып)
І нұсқа
1. Ботаника зерттейді
А) өсімдіктерді В)қоршаған ортаны С)бүкіл табиғатты Д)жануарларды
2. Өңді құрайтын ұлпа.
А)Түзуші В)жабын С)негізгі Д)тірек
3. Жасушаның цитоплазмасы
А)ұсақ денешіктер В)түссіз қоймалжың зат С)тығыз зат Д)ірі денешіктер
4. Өсімдік «қаңқасын» құрайтын ұлпа
А)жабын В)өткізгіш С)тірек Д)негізгі
5. Өсімдіктердің жасыл болуы..................байланысты.
А)хлоропластарға В)хромопластарға Д)лейкопластарға С)вакуольге6. Жасушада қор жинауға қатысатын түссіз пластид
А)лейкопласт В)хромопласт С)хлоропласт Д)вакуоль
7. Жасушаны алғаш көрген ғалым
А) А.Левенгук В)Ж.Б.Ламарк С)К.Линней Д) Р.Гук
8. Микроскоптың барлық бөлшектері бекінетін орынА)көру түтігі В)объектив С)штатив Д)окуляр
9. Жасушалары жас ұдайы бөлінетін ұлпа
А)жабын ұлпа В)түзуші ұлпа С)өткізгіш ұлпа Д)қор жинаушы ұлпа
10. Көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат
А)қыртыс В)тоз С)қор Д)шайыр11. Сүзгілі түтіктерден тұратын ұлпа
А)өткізгіш В)негізгі С)тірек В)түзуші
12. Алмұрттың жұмсақ етіндегі қатты түйіршіктерінің ұлпасы
А) тірек В)жабын С)өткізгіш Д)түзуші
13. Ең күрделі ұлғайтқыш құрал
А)лупа В)окуляр С)объектив Д)микроскоп
14. Жасушасына су жинаушы ұлпа
А)тірек В)жабын С)түзуші Д)негізгі15. Микроскоптың 2 линзасы бар бөлігінің атауыА)объектив В)көру түтігі С)окуляр Д)лупа
ІІ нұсқа
1. Жасушаның тығыз сыртында 2 қабат қабықшасы бар бөлімі
А)цитоплазма В)ядро С)пластид Д)жасуша қабықшасы
2. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым
А)экология В)ботаника С)биология Д)анатомия
3. Түтікше пішінді ұзынша жасушасы бар ұлпа
А)түзуші В)жабын С)тірек Д)өткізгіш
4. Жасушаның бейорганикалық заты
А)май В)көмірсу С)минералды тұздар Д)ақуыз
5. Сабақтың ең ұшында болатын ұлпа
А)жабын В)тірек С)өткізгіш Д)түзуші
6. Хлорофилл орналасқан
А)хромопласта В)лейкопласта С)хлоропласта Д)ядрода
7. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі
А)ядро В)вакуоль С)цитоплазма Д)пластид
8. Тек өсімдік жасушасына ғана тəн денешік
А)пластид В) ядро С)вакуоль Д)жасунық
9. Гүл күлтелеріне, жемістерге түс беретін пластид
А)хлоропласт В)хлорофилл С)лейкопласт Д)хромопласт
10. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар
А) Л.Пастер В)Р.Гук С) С.Навашин Д)Əкелі-балалы Янсендер11.Жасушаның қабықшасының жұқарған жері
А)тесік В)саңылау С)жасунық Д)ойық
12. Өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, тамырсабақта орналасқан
ұлпа
А)Су жинаушы В)жабын С)негізгі Д)қор жинаушы13. Өсімдіктерде керексіз заттарды шығаратын ұлпа
А)жабын В)бөліп шығарушы С)өткізгіш Д)негізгі
14. Микроскоптың ең негізгі бөлігі
А)көру түтігі В)штатив С)окуляр Д)айна.
15. Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесіне
жеткізетін ұлпа
А)өткізгіш В)жабын С)негізгі Д)түзуші
Қорытынды тест (ІІ тоқсан, 6-сынып)
І нұсқа
1. Жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын түрі өзгерген, қысқарған өркен.
А. жеміс. В. тұқым. С.гүл. Д.күлте.
2.Жіпше мен тозаңқаптан тұрады.
А.аталық. В.аналық. С.гүл. Д.тұқым.
3.Гүл бөлімдерінің сыртын қаптап тұрады.
А.гүл табаны. В.гүл сағағы.С. күлте. Д.тостағанша
4. Сыртқы жəне ішкі қабықшасы бар жасуша.
А.тозаңқап. В.тозаң . С.аталық жіпше. Д.аналық .
5.Аналықтың тозаңды қабылдайтын бөлігі.
А.ауызы. В.мойны. С.жатыны.Д.тозаңқап
6.Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса.
А.екі үйлі.В.қос жынысты С.бір үйлі. Д.дара жынысты
7.Белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.
А.дұрыс гүл.В. гүлшоғыр.С.бұрыс гүл.Д. гүлтабаны
8.Күрделі масақ гүлшоғыры бар өсімдік.
А.бидай. В. жүзім.С.қайың Д.сəбіз
9.Жай шатырлы өсімдік.
А.жүгері В.пияз С.беде Д.күріш
10.Аталық жəне аналық жыныс жасушаларының қосылуы
А.жыныссыз көбею В.жынысты көбею С.тозаңдану Д.ұрықтану
11. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым.
а. А.С Мичурин в. К.Линней . с.Г.Навашин д. Ч.Дарвин
12.Жүзім жемісінің атауы.
А.жидек. В.жидек тəрізді С.қауашақ Д.тұқымша.
13. Бұршақ жемісінің тобы.
А. бұршаққын. В. қауашақ С. бұршаққап. Д.тұқымша.
14. Күнбағыс жемісі қалай аталады ?
А.дəнек. В. шемішке С. жаңғақ. Д. тұқымша.
15. Дəнек жеміс қай өсімдікте болады ?
А.арпа В. қайың С. бақбақ. Д.үйеңкі.
ІІ нұсқа
1. Қос жарнақты тұқымда ұрықтың қорек заттары жиналатын орын.
А. тұқым қабығы В.эндосперм.С.ұрық. Д.жарнақ
2.Бидай тұқымында қорек заттары жиналатын орын.
А.жарнақ. В.эндосперм С. жемісқап.Д.сабақша.
3.Дара жарнақты өсімдікте тұқым жарнағының саны.
А.үш .В. төрт. С.бір. Д. екі.
4.Тұқымның алғашқы тамырша,алғашқы сабақша жəне бүршікшеден тұратын бөлігі.
А.ұрық. В. жарнақ. С.қабық. Д.эндосперм
5.Гүлдің тостағаншадан кейін орналасқан бөлімі.
А.сағақ. В.гүлтабаны.С.аталығы. Д. күлте.
6.Аналықтың ең жуан бөлігі.
А.ауызы.В.мойыны. С.күлтесі Д.жатыны.
7.Аталықтың жіңішкерген бөлігі.
А.тозаңқап. В.жіпше. С.тозаң. Д.тозаң ұясы.
8.Аналық гүлдер бір өсімдікте, аталық гүлдер екінші өсімдікте болса қалай аталады?
А.дара жынысты В. қос жынысты.С.екі үйлі Д.бір үйлі.
9.Жазықтығында бірден артық сызық жүргізуге болмайтын гүл.
А.бұрысгүл.В.дұрысгүл. С.аталық гүл. Д.аналық гүл.
10.Қызғалдақ гүлі қандай?
А.қос жынысты гүл. В.дара жынысты гүл.С.дұрысгүл .Д.бұрысгүл.
11.Жүгерінің аналық гүлі қандай гүлшоғырға жатады?
А.жай масақ. В.собық. С.жай шатыр.Д.шоғырбас.
12.Күнбағыстың гүлшоғыры қалай аталады.
А.жай масақ. В.шашақ.С.шоғырбас. Д.себетгүл.
13.Ұрықтану тозаңданудан бұрын ба, əлде кейін бе?
А.бұрын. В.қатар.С.кейін. Д.бірге.
14.Терек тұқымы не арқылы таралады?
А.су арқылы. В.өздігінен. С.бунақденелілер. Д.жел арқылы.
15.Таңқурай тұқымы не арқылы таралады?
А. жел арқылы. В.өздігінен С.бунақденелілер Д.су арқылы.