Арнайы технология п?нінен саба?. Та?ырыбы: Пісіру ?осылыстары ж?не жіктер

С. Жандосов атындағы
Қаскелең кәсіптік техникалық - колледжі
Арнайы пән оқытушысы : Атшабарова Ж.Т
Пәні: Арнайы технология.
Сабақтың тақырыбы: Пісіру қосылыстары және жіктер.
Сабақтың мақсаты: «Пісіру қосылыстары және жіктер» тақырыбы бойынша теориялық білімдерін жалпылау және бекіту.
Міндеттері:Білімділік:Студенттердің білімге құштарлық қабілетін арттыру, пісіру қосылыстары және жіктері бойынша білімдерін арттыру.
Дамытушылық:
Дәнекерлеу дағдысын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Еңбекті сүйе білуге, шыдамдылыққа, дәнекерлеу жұмыстарын орындаудағы нақтылыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақты типі: жалпылау және бекіту.
Сабақта қолданылған негізгі әдістер: ойын, жарыс, ауызша, көрнекілік, практикалық.
Пәнаралық байланыс: физика, өндірістік оқыту.
Сабақтың барысы:
Ойынның кезеңдері:
Топтарды таныстыру
Білгірлер сайысы
Тамаша төрттік
Логика
I-кезең. Топтарды таныстыру.
«Жалын» тобы.
«Жеңіс» тобы.
«Қайрат» тобы.
«Жігер» тобы.
II-кезең. Білгірлер сайысы. Әр топқа 4 сұрақтан қойылады. Конкурс 10 балдық жүйемен бағаланады.
«Жалын» тобына қойылатын сұрақтар.
1. Пісіру қосылыстарын атаңыздар?
Түйіскен, таврлы, шетжақты, шетжақты, айқастырмалы.
2. Пісірілген қосылыстардың түрлері қандай болады? Бір жақты, екі жақты.
3. Пісірулік жіктердің түрлері қандай болады? Дөңгелекті, қалыпты, иілген.
4. Үзікті пісіру жіктердің түрлері? Екі жақты үзіксіз жік, бір жақты үзікті жік, екі жақты тізбекті жік, екі жақты шахматты жік.
«Жеңіс» тобына қойылатын сұрақтар
Қабаттардың пісіру саны бойынша қаншаға бөлінеді?
Бір қабатты, бір өткізгіштік, көп өткізгіштік, көп қабатты.
Суретте көрсетілген кім?

Газбенлектрдәнекерлеуші
Суретте дәнекерлеудің қандай түрі көрсетілген?
Балқитын электродпен механикалық доғалы дәнекерлеу.
Бір элементтің бүйірлік бетіне бұрышпен қабысып және шетжағына басқа элемент пісірілген қосылыс қалай аталады? Таврлы қосылыс.
«Қайрат» тобына қойылатын сұрақтар.
Жіктің түбіріне соңғы кезекте салынатын жік қалай аталады? Пісіріңкі жік.
Дәнекерлеудің қандай түрі суретте көрсетілген?
Балқымайтын электродпен қорғаушы газда қолмен доғалы дәнекерлеу.
Білікше дегеніміз не? Білікше – бұл бір жүріп өтуде ерітіп пісірілген немесе қайта балқытылған жіктің металы.
Жұмыс шарттары бойынша жіктер бөлінеді? Жұмыс жіктері және байланыстырушы жіктер.
«Жігер» тобына қойылатын сұрақтар.
1. Үзікті пісіру жіктері қандай болады? Тізбекті, шахматты, жіктің ұзындығы, жіктің адымы.
2. Екі бөлшектің шетжақ беттерімен бір-біріне қабысқан пісірмелі қосылысты атаңыз? Түйіскен қосылыс.
3. Элементтері бағыттас орналасқан және бір-бірін жартылай жабатын пісірмелі қосылысты атаңыз? Айқастырмалы қосылыс.
4. Таврлы және бұрыштық қосылыс қандай жағдайда қолданылады? Балка мен фермаларды дәнекерлеу кезінде.
III-кезең. «Тамаша төрттік». Әр топқа ауызша тапсырмалар беріледі, мазмұнын ашып айту қажет.
«Жалын» тобына тапсырма: Дәнекерлеу қосылыстары жайында (пісіру қосылыстары түрлеріне анықтама беру)
«Жеңіс» тобына тапсырма: Қабаттар саны бойынша пісіру жіктері туралы айту.
«Қайрат» тобына тапсырма: Пісірілетін жиектердің біркелкі балқуын қамтамасыз ету үшін не жасалынатындығы туралы айтып беру.
«Жігер» тобына тапсырма: Дәнекерлеу тігістерінің орындалуы туралы айтып беру.
IV-кезең. “ Логика”. Логикалық тапсырмаларды орындау.
«Жалын» тобына - 11 дәнекерлеу сымынан 3 квадрат жинау қажет. Олар бір – бірімен байланысуы керек.
«Жеңіс» тобына - 11 дәнекерлеу сымынан 2 квадрат жинау керек. Олар бір – бірімен байланысуы керек.
«Қайрат» тобына - 12 дәнекерлеу сымынан 4 квадрат жинау керек. Олар бір – бірімен байланысуы керек.
«Жігер» тобына - 7 дәнекерлеу сымынан үш үшбұрыш жинау керек. Олар бір – бірімен байланысуы керек.
Қорытынды
Жеңімпаз топты марапаттау.
Үй тапсырмасы. Пісіру қосылыстарының макетін жасап, макетке жікті салу.
Бағалау парағы
Топтардың атауы I - кезең II - кезең III - кезең IV - кезең Қорытынды
«Жалын» «Жеңіс» «Қайрат» «Жігер» «Жалын» тобына қойылатын сұрақтар.