Таби?атта?ы тіршілік ?лемі та?ырыбы бойынша тест тапсырмалары (5 сынып) 
 «Табиғаттағы тіршілік әлемі» тақырыбы бойынша тест
1.Тірі организмдер қанша патшалыққа бөлінеді:
а)  2 ;                   ә) 3 ;                 б) 4 ;                     в) 5.
 2.Флора деген не?
   а)   өсімдік;      ә) жануар ;         б) бактерия ;      в) саңырауқұлақ.
3.Қазір жәндіктердің қанша түрі белгілі:
а)     1 млн;         ә)   2 млн;        б) 1,5 млн;       в)     2,5 млн?
4.Бір клеткалы жануар:
а) құрттар;     ә)      амеба;     б) балықтар;    в)    аскарида
5.Жыртқыштарды көрсет:
а) инфузория;     ә)   құрттар;     б)  шортан;    в)  жылқы
6.Малярия масалары қандай ауру жұқтырады:
а) ұйқы;             ә)  безгек;             б) тұмау;               в) сарыауру
7.Әр түрлі жануарлардың бір-бірімен қосарланып тіршілік етуі:
а) жыртқыштық;               ә) симбиоз;                  б) комменсализм;                в)паразитизм
8.Масыл деген мағынаны білдіреді:
а) жыртқыштық;               ә) симбиоз;                    б) комменсализм;                в) паразитизм.
9.Қазақстанда шамамен қанша өсімдік бар:
а)  3000;                  ә)   4000;                 б)  6000;                  в)    5000.
10.Өсімдікке жасыл түс беретін зат:
а)   фетонцид  ;     ә)    крахмал;    б)     хлорофилла;          в)  ақуыз
11.Жапырағы тікенек тәрізділер:
а)  шырша, терек;     ә)    жауқазын,  терек;   б) секвойя, арша;   
 в) самырсын,  үйеңкі
12.Бөлме өсімдіктерінің түрлері:
а) су сүйгіш, жарық сүйгіш;   ә)  жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш, жылу сүйгіш;  б) жылу сүйгіш, топырақ сүйгіш; в) көлеңке сүйгіш, су сүйгіш
13.Құрамында фитонциді бар өсімдіктер:
а) сарымсақ, пияз, қарағай;  ә) сарымсақ, орамжапырақ;  
б) қарағай, орамжапырақ;  в) пияз, картоп;
14.Қант қызылшасы өсірілетін аудан:
а) солтүстік;                 ә)  оңтүстік;           б) оңтүстік-шығыс;   
 в) солтүстік –батыс
15.Бақша өсімдіктері:
а)   қарбыз, қауын, асқабақ;   ә)  қарбыз, шабдалы, пияз;  б) қауын, алма, шие;   в)   асқабақ, қарақат.
16.Мәдени өсімдіктердің жаңа түрін шығаратын ғалым:
а) селекционер;       ә) биолог;        б)  эколог;      в) сейсмограф.
17.Саңырауқұлақтарды дайындауды адамдар қай жануардан үйренген дейді?
а) қояннан;    ә) тиіннен;     б) жарғанаттан;    в) борсықтан.
18. Ең қауіпті саңырауқұлақ:
а)  майқұлақ;     ә)   шыбынжұт;    б)   жиренқұлақ;    в)   аққұлақ.
19. Ағаш арқылы тіршілік ететін, зиянын тигізетін  саңырауқұлақ :
а)  шыбынжұт;       ә) аққұлақ;   б)   ағашқұлақ;   в)  терекқұлақ.
20.Пенициллин препараты алынатын саңырауқұлақ: 
а)  зең ;      ә) шыбынжұт,    б)   аққұлақ;    в)   терекқұлақ.
21.Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын ыдырата отырып, қарашіріктің түзілуіне әсер етеді:
а) жәндіктер мен жануарлар;     ә) саңырауқұлақтар мен бактериялар; б) құстар мен бактериялар; 
в)  жыртқыштар мен саңырауқұлақтар.
22.Жасанды бірлестік:
а) орман;          ә)   өзен;          б) бақша;      в) көлшік.
23.Табиғи бірлестік:
а) егінді алқап;    ә) бақ;    б) бақша;     в)   шалғын.
24. Бақ өсімдіктері:
а)  қызанақ, пияз;   ә) алма, өрік;   б) аскөк, шабдалы;  в) қызанақ, өрік.
25. Жабайы өсімдік:
а) күнбағыс;        ә) раушангүл;     б) жолжелкен;   в) нарғызгүл.