Химиялы? талшы?тар. Химиялы? талшы?тарды ?ндіру технологиясы. Химиялы? талшы?тардан жасал?ан киімдерді к?ту. Халы?аралы? сауданы? пайда болу себептері.
Сабақ тақырыбы: Химиялық талшықтар. Химиялық талшықтарды өндіру технологиясы. Химиялық талшықтардан жасалған киімдерді күту. Халықаралық сауданың пайда болу себептері.
Сабақ мақсаты: Мата жасаудың қасиеттеріне толық мәлімет беру, матаны химиялық жолмен өндіруге болатынын түсіндіру
Сабақ әдісі: СТО технологиялары
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, топтастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Химиялық талшықтар. Химиялық талшықтарды өндіру технологиясы. Химиялық талшықтардан жасалған киімдерді күту.
Мата негіз жіптер мен арқау жіптерін өріп тоқу арқылы жасалады. Әрбір жіп бірнеше ширатылған жіңішке талшықтардан құрылған. Тоқыма талшықтары өз қасиеттері бойынша әр алуан. Олар шығу тегіне, құрамына және өндіру тәсіліне қарай ерекшелінеді.
Төменгі кластарда матаның табиғи талшықтан алынатынын білдіңіздер, бүгін химиялық жолменде мата өндірілетінін білетін боламыз
Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып екіге бөлінеді.
Жасанды талшық: табиғи органикалық материалдарды әртүрлі химиялық заттармен өңдеу арқылы алады.
Синтетикалық талшық: мұнай, таскөмір, табиғи газ т.б.целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады.
«ЖИГСО» немесе «Зигзаг» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
меңгерілген ақпаратты кластастарына түсінікті етіп жеткізе білу;
мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс дағдысын дамыту;
өзінің және кластастарының білімін практика жүзінде тани алады;
Оқушыларға мәтін таратылады топ бойынша жұмыстанады. Бірін бірі толықтырады. Оқушылардың дұрыс сөйлей бәлуіне және ойын толық жеткізіп айтуына көңіл бөліну керек.
Химиялық талшықтардан жасалған киімдер айрықша күтімді қажет етеді.
Өзіндік жұмыс
Мата түрі Жуу Машинада кептіру Үтіктеу Химиялық тазалау Ағарту Ауада кептіру
Оқушылар осы кестені өз бетінше толтырады.
Халықаралық сауданың пайда болуы бұл ежелден келе жатқан дәстүр деседе болады. Бұрын жібек саудасы алтынмен, затпен алмасытырлатын болса, қазір көбіне ақшамен жүзеге асырылады. Халықаралық сауда елмен елді, халықпен қалықты достастырады және бір – бірінің мәдениетін түсінуге, құрметтеуге үйретеді.
Сұрақтар:
Сауданы қалай түсінесің?
Сауда не үшін керек?
Саудада «бартер» әдісі бар ма?
Халықтар достастығының саудаға қатысы бар деп ойлайсыз ба?
Сабақты қорытындылау: Оқушы ойын толық тыңдап, мұғалім өз ойын қосады