Бір ?ріптеске т?лімгерлік етуді? тиімділігі туралы т?лім алушыны? білім ал?анды?ыны? д?лелін ?амту.


Бір әріптеске тәлімгерлік етудің тиімділігі туралы тәлім алушының білім алғандығының дәлелін қамту.
Ә.Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беретін мектепке ПМПИ бітіріп келген жас маман, тәлім алушы – Абсаликова Мүнира, санаты жоқ екінші оқу жылы қызмет етіп жатқан математика пәні мұғалімі, 6-сыныпқа математика сабақтарын жүргізеді және сол сыныпқа жетекші қызметін атқарады, мектепте жас маман ретінде тіркелген. Ұстанымы – құзырлы, ізденімпаз мұғалім. Мектеп басшысы мен сухбат жүргіздім (сурет-1), мақсатым мектеп басшысына тәжірибе жөнінде жоспарым мен таныстырдым, мектепте қандай жұмыс атқарамын деген түсінік бердім. Директордың ұсынған мұғалімі Мүнира Абсаликова болды (сурет-2)

Мектеп басшысымен сухбат Тәлім алушы Абсаликова Мүнира
Кембридж Бағдарламасының оқу нәтижелері: «Кәсіби проблемаларды шешуде басқа, біліктілігі төмендеу әріптесіне көмек көрсетуге дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында әлемдік білім беру практикасының көп аспектілі біліміне негізделген сыныптың жұмыс істеуі жөніндегі негізделген қорытынды жасау дағдылары.» туралы мектепте тәжірибеде жүргізілген ақпараттық коучинг - сессияда 7 модуль, менторинг және «сабақты зерделеуге» байланысты таныстырылым өткізілді.
Тәлімгерлік барысында тәжірибелі әдіскер маман менторинг тәжірибелік өтілі-23 жыл, яғни тәлімгерлік қызметінің білім беру саласында бұрыннан қалыптасқан жақсы үдеріс екенін айтып, бағдарлама негізіндегі ерекшеліктерін атап өттім. Солардың қатарынан тәлім алушы мен тәлімгердің жұмыстары қажеттіліктеріне қарай бейресми де жүргізілетіні және «тәлім алушыға бұған дейін қолжетімсіз болып келген мүмкіндіктерге «есік аша алатыны» маңыздылық деп ұсынылды.
Тәлім алушы Мүнира өз сыныбында 10 оқушы бар екенін, оларды математика сабақ барысында толық қатыстырып, толық сұрағысы келетінін, бірақ ол жоспардағыдай бола бермейтінін, балалары үнемі бағаланғанды қалайтындарын, сыныпта бір оқушы бір ой\сөз айтса, басқалары соны қайталап айтуға асығатындары немесе кейде белсенсіз қалып қоятындарын айтып, қолдау көрсетуге өтініш білдірді.
Менің 4 сабағыма қатысққаннаң кейін (сурет-3) тәлім алушымен әңгіме жүргізіп, сабақты бірге жоспарладық. Жоспарды қалай толтыру керектігің түсіндірдім (сурет-4)

Сурет -3 Сурет-4
«Жоспар қалай құру керек?»
Тәлім алушы барлық менің ұсыныстарымды қарастыра отырып, сабақ жоспарын өзі құрды. Жоспарланған тапсырмалар тақырыпқа сай және мазмұны толық ашылғаның көрдім.
Тәлім алушыға тәлімгерлік көмек көрсету мақсатында 6-сыныптағы «Рационал саңдар» тақырыбындағы 1-ші математика сабағына қатыстым. Ол сабақты толығымен бейнежазбаға түсірдім Мұғалім сабағын сергіту сәтімен бастап (сурет-8), тапсырманы оқушылар орындай алатындай, проблемалық сұрақ қойып тақырыпқа шығатыңдай жауап алды. (сурет-6).
АКТ
Сурет-5, Бейнежазба (1 сабақ) Сурет -6 «Тақырыпты ашу»
Сабақтан кейін тәлім алушымен бірге қарап отыра, талдау жасадық. Мүнира өзі кемшіліктерің көріп, анықтай алды, мысалы, үлгерімі төмен оқушы сабаққа қатыспай, өз бетімен отырды, бірақ ешкімге бөгет көрсеткен жоқ. Менің ойым сол кезде, тәлім алушы сәтсіз жағын, кемшіліктерің қалай шешеді екенің сұрадым. Ол- үлгерімі төмен оқушымен бөлек жұмыс жасау керек деді. (сурет-7)

Сурет-7. Сурет -8 «Сергіту сәті»
Мұғалім сыныпқа тапсырмалардың шартын түсіндіріп, орындатып отырды, әр тапсырмадан соң нәтижеге жеттік деген белгіні оқушыларға білдірту үшін деңгейлік тапсырма беріп, оны бақылап отырды. Тақтаға оқушыларды атап, мұғалім шақырды, басқа балалардың бір-нешеуі ғана қол көтерді.
«Оқыту оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады. Бұндай заманауи көзқарас Бағдарламада іске асырылатын оқытудың жаңа тәсілдерінің негізін қалайды.» (нұсқаулық) сол себебті сабақта барлық 7 модуль қарастырылу керек, толығымен қолдану, «ОүБОБ» модульді әр бір сабақта қолданып, білімі төмен оқушымен кері байланыс құру керек, білімің және тақырып бойынша не түсінбей қалғаның анықтау үшін әр бір сабақта рефлексия жасауға, өз ойын айтуға қалыптастыру керек, жағдай жасау керек (сурет-9). Мысалы «смайлик» астына ілгізіп, не жазғаның өқып беруге сұрау, «бағалау парағын» қалай толтырды және неше ұпай жинады, неге соңдай ұпай қойды. Мында тәлім алушыға бағыт беру, бағалаудың қандай түрлерің қолдануға болады, не себебтен.
Сурет-9. «Бағалау»
Нұсқаулықта «ОүБОБ» туралы түсінік алу және Сыни тұрғысынан ойлау модульда «Блум токсономиясы» бойынша итермелеу сұрақтар қолдануды ұсындым. Бастауыш сынып мұғалімдері топтық жұмысты жақсы ұйымдастырғаның айтып, тәлім алушыға қатысуын сұрадым. Өз сабағымның бейнежазбасын көре отырып, сол оқушыға көнілін бөлуғе пікірімді айттым. Себебі, сол оқушының білімі төмен болса да, топтық жұмыста өз үлесін қосуға тырысады (сурет-10) және сыныптастары да көмектесуді қадағалап отырды, топтық жұмыстың сапалығын арттыруға (сурет-11). Менің мақсатым тәлім алушы тиімді тәсілдер арқылы барлық оқушыларды сабаққа қызықтырып, белсенді жұмыс атқаруға, өз жұмыстарың талдай білуге, ойларын жеткізуге, дәлелдеуге, бағалауға үйрету.

Сурет-10. Сурет-11
«Бір топ мүшелері постердің мазмұның ашу, қорғау»
Барлық жағдайларды қарастыра отырып, сабақ жоспарында кемшіліктерін алдына алып, түзету жолдарын үйымдастыру кезенінде жоспарда толық (нақты) жазу керектігін түсінді. Тәлім алушынің төрт сабағына қатыстым, талдау жасап мұғалімнің, оқушылардың өзгерісін байқадым. Әр бір сабақ бір-бірімен тығыз байланысты алынған тақырыптары: «Координаталық түзудің көмегімен рационал сандарды қосу, теріс сандарды қосу», «Таңбалары әр түрлі сандарды қосу, қосудың қасиеттерін қолдану», «Рационал сандарды көбейту», «Рационал сандарды бөлуді есептеу». Осы сабақтар бойынша қарастырылған мәселелер: оқушылардың көшбасшылығы қалай ұйымдастырылған, топтық жұмыстың сапалығын бақылау және үлгерімі төмен оқушылармен қандай жұмыс ұйымдастырылған. Мына сұрақтарға көніл бөлуім, себебі оқушылармен әңгіме жүргізуде олар: «математиканы ұқпаймыз, қиын пән» деп жауап берді, және тәлім алушының жауабы да осыған ұқсас «математикада бырыңғай есептер, қандай постер, сурет салуға болады?» деді.
Осы мәселе бойынша әр түрлі ұсыныстар берілді, әдіс-тәсілдердің қолдану жолдары анықталды. Мысалы, сабақтын тақырыбын ашу үшін проблемалық сұрақ тудыру керек дедім. Оқушылар сұраққа жауап беру үшін тақырыпты ашады және өздері сол тақырыптың мазмұның қарастыруға мақсат қояды. Әр бір сабағында постерға салу өте қызықты болды, топ мүшелері барлығы белсенді қатысты. Бұл жағдайда барлық мәселелер шешілді, себебі топ жұмысының сапасы артты, оқушылар бір-біріне көмек көрсетті, оқушылардың көшбасшылығы ұйымдастырылды, үйткені жұмыстары алға басу үшін тапсырманы тез орындауға, жақсы баға алу үшін тырысады, сыныптастар жағдай жасап отырғанда, үлгерімі төмен оқушылардың намысына тиеді, олар да үлес қосуға ұмтылады.
Тәлім алушының ойы мүлдем өзгерді, оны ұққаным, кері байланыс жие қолданып отырдық. Сабақ сайын анализ жасап, кемшіліктері жазылып, шешу жолдарын жоспарладық. Қолданатың модуль, тәсіл не үшін керек және қандай мақсатпен қолданады, оқушыларда қандай өзгеріс болу керектігін карастырып отырдым. Осы әңгіме екі жақты болды, себебі тәлім алушыда сұрақ пайда болғанда немесе басқа тәсіл еңгізу үшін, ол қаншалықта пайдалы болады деген сұраққа жауап беру
Тәлімгермен қарым-қатынасымыз өте жылы жағдайда жүрді, сенімділік пен ынтымақтастықта. Сондықтан тәжірибе кезінде ешбір қиындықтар туған жоқ. Керісінше, тәлім алушы өзі талдау жасап, бәрі де келісімді өтті деп ойлаймын. Тәлімгерлік кезінде тәлімгердің білімін, біліктілігін, тәжірибесін барынша қабылдап, өзімнің кәсіби дамуыма және тұлға ретінде өсуіме мүмкіндікті пайдаланғым келді.
Тәлім алушының сабақтарында, менің ойымша, бағалау дұрыс болған жоқ, себебі оқушылар өз-өзін бағалауды жасалмайды. Мұғалім бағалау түрлерің білмеуі, критерийалды бағалауда нені көрсеті керектігің, ең бірінші өзі анықтау. Сол себебтен, мен міндетті түрде әр оқушыға «Бағалау парағын» таратып, толтыруды сұрау керек дедім. Тәлімгер ретінде бірнеше бағалаудың тиімді жолын көрсетім, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында коучинг - семинар өткіздім. Семинарда бағалаудың екі аспектісімен таныстырдым: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау). Сонымен қатар критериалды бағалаудың жолдарын көрсеттім. «Расында, бала сабақ барысында өз бағаларын көріп отыра жұмыс жасағанда, алған бағалары оны ынталандырып отыратыны сөзсіз екеніне көзім жетті, бұл жағынан мен біраз сүрінемін» деді тәлім алушы.
Тек уақыттың тығыз болғаны болмаса, мен тәлім алушымен бірге сабақ өткіздіруді «кіріктірілген» жоспарлау жасау едім. Сондай сабақтар оқушыларға жауапкершілік арттады және екі мұғалімнің тәжірибесің салыстырып отырады ал тәлім алушыға да, тәлімгерде намыс пайда болады.
Осы қысқа уақытта жинақтаған біраз тәжірибесіне сүйене отырып, тәлім алушыда болашақта міндетті түрде өзгерістер болады деген ойдамын. Ең бастысы өзім үйрене отырып, алдымдағы тәлім алушыға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ойын жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары дамыған, құзырлы мұғалім тәрбиелесем деймін. Тәлім алушы әлі де алда менінең көмек күтуде сенімдімін. Ең бастысы адамның талабы болғаны.
Осы тәжірибе барысында тәлімгерлік жұмыстың тиімділігін қарастырсақ. Ең бірінші өз білімін жүйелеп, теориядан алған деректерді мектеп тәжірибесінде қолданылуы маған тиімді болды. Немесе теориямен практиканы ұштастыра жүргізу. Мысалы, «Рационал сандар» тақырыбын қарастырғанда блум токсономиясының төмен деңгейдегі сұрақтары қойылды: «Қандай рационал сандарды білесіндер?» тәлім алушыға жоғары деңгей сұрақтар неге қоймайсыз дегенде, оған қиыншылықтар пайда болды. Тәлім алушының сұранысын қанағаттандыру үшін өзін ізденіске ұшырап, нақты деректермен дәлелдеп көмек көрсету, өзіне сенімділік арттырғанда ғана тәлім алушымен бірге құрған жұмыс алға басады. Сабақ сайын талқылау жасағанда, тәлім алушы өзіне рефлексия жасау арқылы, сын көзқарасымен қарап, болашақта кемшіліктерін жоюға тырысады. Олда өзіне деген бір адамның тиімді қасиеті, сынды қабылдауға үйрену, тәлімгердің ұсынысын іске асыру, өз ойының қателігін түсіну. Дәстүрлі сабақпен салыстырғанда жаңашылдық, 7 модульдің бір-бірімен тығыз байланасуын, сабақ нәтижесін, сабаққа деген әсерін нақты көрсетеді. Сабақтын тұрін өзгерту, жаңаша жүйелі түрде беру, ол өте тиімді үдеріс.
Сабақтың бейнежазбасын қарай отырып және тәлім алушы мен талқылау жүргізе отырып, мұғалімнің алғашқы пікірі «математика сабағында бырыңғай есептер, оған постер салуға болмайды» дегенге сонында көзқарасы мүлдем өзгерді, себебі оқушылардың есеп шығару жолдары дәстүрлі түрге қарағанда, постер арқылы ережелері ашыла отырып, есептің шығару жолы түсінікті және есте сақталуы арттады.( қосымша-2 бейнежазба).

Қосымша -2 бейнежазба Сурет-12.
Тәлім алушының сабаққа деген қызығушылығы оянып, тұрлендіруді бастады. Мысалы, 7 модульға көніл аудар дегенде – дарынды және талантты оқушыларға қандай жұмыс ұйымдастыру керек деген ой пайда болды. Тағыда мен оған бағытты сұраныс ретінде бердім «Неге жақсы оқитың оқушылар көп уақыт бос отырады? Не себебтен?». Сол кезде Мүнирада қиыншылық пайда болды, «Биологияда шығармашылық көп қолдануға болады, ал математикада қызықты ойындар өткізе алмайсын - деді, уақыт көп кетеді». Менде келісемін, бірақ ойлансақ, эссе да жазуға болады, өлен де құруға болады. Соңғы сабақта оқушылар «синквейн» әдіс арқылы өлен жазып келіпті (сурет-13, қосымша-3 бейнежазба) және «Тез шығар» деген ойын ұйымдастырды. Оқушылар жаппай, өте белсенді ойынға қатысты, спикелер ойынды бағалап, дұрыс жауабын талдап отырды. Бұл кезде тәлім алушының ойы «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модуль іске асты деген ой-пікір қалыптасты, оны талқылауда айта білдім. Менің тәлімгерлік тәжірибем қанағаттарлық баға алдым деген ой туды, себебі тәлім алушым 7 модульдің барлығын тиімді колданбаса да, сабақта кейбір тәсілдерді қолданып жүрді.
Осы оқытуға негізделе отырып, болашақта тәлім алушымен жұмысымызды жалғастырамыз және сабақтарымыз міндетті түрде 7 модуль бойынша құрастырылады. Ал болашақта осы сыныптың білім деңгейін қадағалап, әр пән мұғалімдерді сабақ түрін өзгертуге ықпал етеміз. Ол осы сынып оқушылардың ұсынысы және мұғалімдердің жаңа тәсілдерді қолдану бойынша көз қарасы өзгерді, оларға берген ақпарат және 7 модуль тәсілдерін қолданылуы коучинг сабағында, бірлестік отырысында талқыланды, қатысқан мұғалімдер өз пікірлерінде былай деген «Сабақта өзгеріс еңгіземіз, себебі осындай әр түрлі тәсілдер оқушыларды қызықтырады, ыңталандырады, жауапкершілікті арттырады» сондықтан, тәлімгерлік жұмысты жалғастырамыз.