Т?лімгерлік ету ?рдісі туралы рефлексивті есеп.


«Өрлеу» ұлттық біліктілікті
арттыру орталығының
ІІ деңгейлі үш айлық курс тыңдаушысы
Керейбаева Гульбану Муратбекқызы
топ
Тренерлер:Құдайбергенова Гульзада Сайековна
Рысқұлбекова Құралай Қалдыбаевна
(мерзімі: 1 қазан -25 желтоқсан, 2012 жыл )
«Өрлеу» ҰББО-да ІІ деңгейлі курс І топ тыңдаушысы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы А.С.Иванов атындағы Выдриха орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Керейбаева Гульбану Муратбекқызының тәлімгерлік ету үрдісі туралы рефлексивті есебі.
Есеп мазмұны Ескертпе
Тәлім алушыларымның жұмыс орныШҚО Шемонаиха қаласы «Ю.А.Гагарин атындағы №3 орта мектебі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: білімідері жоғары ,екінші санаттағы Нұрғазиева Гульнұр Черьяздановна,Түктібаева Айнур Жәлелқызы.
Еңбек өтілі:Түктібаева А.Ж-тоғыз жыл.
Бірінші коучинг сабағынан кейін жоғарыдағы әріптестерім тәлім алушылыққа ұсыныстарын берген еді.Көз жанарларынан қызығушылық танытып отырған әріптестеріме бас тарта алмадым.Екінші коучинг сабағында ресурстармен жұмыс жасауда да ерекше ынталары байқалып тұрды.Жаңаға бетбұрыстарының ерекшелігі маған тек дем берді.Біз бір мектепте жұмыс істемесек те,тығыз араласып,тіл табысып кеттік.Осы мұғалімдермен жұмыс барысында мен ешбір қиналысқа түспедім.Екі коучинг сабағын бергеннен кейін тәлім алушылармен осы жоспар бойынша жұмыс істедім.
LESSON STUDY тәсілі арқылы сыныптағыәр түрлі үш категориядағы оқушыларды зерттеу мақсатында А.деген тәлім алушымның 7-сыныптағы дәстүрлі және өзгерген сабағын бақыладық. Бұл сыныптардың оқушыларымен тәжірибеден өту барысында олармен тығыз ынтымақта жұмыс істеп, біз оларды жақсы танып білдік, яғни оларды не қызықтыратынын, неге көбірек көңіл аударатындарын ұқтық. Сабақ беретін сыныптарымыздағы оқушылардың ойлау,қабылдау деңгейлері әр түрлі. 9-сынып дәстүрлі сабақ.
Мұғалім көп сасқалақтады. Оқушыларға жауап беруге мүмкіндік жасамады.Сұрақты өзі қойып, бірден өзі жауап бере салды. Балалардың ойлануына уақыт бермеді. Алена(Б) сабақта үй тапсырмасына жақсы жауап берді,бірақ сабақ барысында ол өз деңгейіне қарай жұмыс жасамады. Вадим(В) ешқандай әрекет жасамастан сабаққа селқос қарап отырды.Қабілеті жоғары Александр(А) оның әрекет етуіне жол бермеді, өйткені барлық тапсырманы тез қабылдап,дәлелдеуге тырысты.Аялдама ойынында(сөздік жұмысында)ол өзінің есте сақтау қабілетімен ерекшеленді. Қабілеті төмен Вадим жасқаншақтады, тақтаға шығуға ұялады,белсенділік таныта қоймайды.Объектідегі үш оқушым да сергіту сәтінде қимылдарын еркін көрсете алмады. Сырттай бақылаушы ретінде бірінші сабақ болғандықтан ұйқыларының ашылмай тұрғандығы немесе сыныптың тарлығы әсер еткендей көрінді. Дәстүрлі сабақта оқушыларға қарағанда тәлім алушым көп әрекет жасады.Оқушылар көбінесе тыңдап отырды.Жазбаша жұмыс кезінде Вадимнің тағы да әрекетсіз бос отырғаны байқалды.Алена мұғалімнен жиі көмек сұрады,сұрақтарға күмілжіп жауап берді.Бағалауға уақыттың мүлде қалмағанын сезген мұғалім сабақ соңында оқушыларға 5,4,3 деген баға қойып жатты. Оқушылар қойылған бағаларға ешқандай көңіл бөлген жоқ.
Бірінші өзгертілген сабақты бақылау барысында 7-сыныптың «Көкшетаудың келбеті» тақырыбындағы келесі сабағын бақыладым.Алдыма қойған мақсатым мұғалімнің оқушылардың топтағы жұмысын жан- жақты бағалау болды. Мұғалім оқушыларды топқа өзі бөлді, бірден сабақ бастап кетті. Оқушылармен топтағы ережені құру, оны сақтау жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізсем де, бұл жөнінде ешқандай жұмыстар ұйымдастырылмады. Сабақ алды қызығушылық тудыру және қобалжуды болдырмауға арналған психологиялық жаттығу жүргізіп, үшінші сабақтағы оқушылардың белсендігін көтеріп, жұмысқа жұмылдыра алды. Үй тапсырмасын қайталау жүргізді. Бірақ, берілген сұрақтар төмен дәрежелі болды. Мұғалім өзі қоятын сұрақтардың барлығын интербелсенді тақтада жазып қойып, оны өзі дауыстап оқып тұрғандықтан уақыттан көп ұтылды. Көкшетаудың киелі жерлерін әр топқа бөліп салыстыртса сабақ әлдеқайда қызықты болар еді.
№ Мазмұны Сұрақтар Ұсыныстар Ресурстар
1 Топпен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру
1.Топтың құрылуы
2.Топты жоспарлау
3.Жоспар орындау
4.Тапсырманы орындау
5.Топ жұмысын аяқтау 1.Топты қандай әдіспен құрар едің?
2.Топ жұмысын жоспарлауда қандай ахуал болу қажет?
3.Жоспар орындау мерзімі қандай болу керек?
4. Топтағы тапсырма түрлері қандай болу керек деп ойлайсыз?
5. Топ жұмысын аяқтауда бағалаудың қай түрін қолданар едіңіз? Сабақта оқушылардың психологиялық ахуалын, олардың мазасыздануының сипаты мен табиғатын ойлаңыз. Сілтеме: L2W1D1
2 Танысу сауалнамасы 1.Топтық жұмыс туралы не білгіңіз келеді?
2. Топтық жұмыстан не күтесіз?
3. Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында сіздің күдік – күмәніңіз? 15 адамнан екі сап құрыңыз, оларды беттестіріп тұрғызыңыз. Әр жұпқа 20 секундтің ішінде мүмкіндігінше көп адамдармен амандасып, сосын қарама-қарсы жаққа кетуді ұсыныңыз.
MALS сауалнамасын алуын ұсындым.
Тапсырма «Танысайық»
1 апта 1 күн
1 - бет
3 Ынтымақтастық пен өзара іс – әрекеттегі жұмыс 1.Не үшін ынтымақтастықта және өзара әрекеттесіп жұмыс істеу қажет?
2.Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға қандай әдіс – тәсілдері пайдалануға болады деп ойлайсыз?
3. Топтық жұмыс барысында оқушыларға жайлы жағдай қалыптастыру үшін қандай ойын түрлерін ұйымдастырған жөн деп ойлайсыз?
4. Топтағы әлеуметтік ортаны қалыптастыру үшін тапсырмалар түрлерін қалай істер едіңіз? 1.Сенімді қарым – қатынас құру дегеніміз не?
2.Егер топ мүшелері бір – біріне сенімсіздік білдірсе, оларға сіз не жүктер едің? Топтық жұмыс туралы нұсқаулық
1 апта 1 күн
2 - бет
Бейнеклип: Ауысып отыратын топтар
4 Топтық жұмысты пайдалану 1.Сенімді қарым – қатынас құру дегеніміз не?
2.Егер топ мүшелері бір – біріне сенімсіздік білдірсе, оларға сіз не жүктер едің? Топтық жұмысты ұйымдасты
ру барысында оқушылар қызығушылығын арттыруға көңіл бөлгеніңіз жақсы болар еді. Топтарда жұмыс істеу жөнін
дегі кесте
1 апта 1 күн
5 - бет
Мен келесі сабақты бірге жоспарлап, жиынтық және формативті бағалау бойынша
(«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау»3 апта 1-2) мұғаліммен тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізуді өзіме тағы бірінші орынға қойдым. Мұғалімге келесі сабақтың әрбір кезеңіне оқушыларды бағалау критерийлерін міндетті түрде құруынаұсыныс жасадым.
Келесі өзгертілген сабақтың жоспарын Блум таксаномиясына сала отырып,келесі күннің үшінші сабағы және кең аудиторияда өткізуді ұйғардық.Бұл сабақта тәлім алушыма білім беру стилін өзгертуді:Бірінші,оқушылардың білім алуда дербес тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін топтық жұмыстарды ұйыдастыруға,диологтық оқытуда сұрақтың түрлерін пайдалана отырып сыни тұрғыдан ойландыруға ұсыныс жасадым.Бағалау түрін өзгертуге (формативтік) өзін-өзі бағалауға,топты бағалауға критерийлерін анықтап,кестелер құрып алдық.Зерттеу барысында топпен, жұппен жұмыс жасағанда белсенді оқушым Александр әлсіз оқушы Вадимге ықпал көрсетті, Вадим өз пікірлерін ортаға салды, сабаққа қатысты, тіпті топ ережесін де ақылдаса құрды. Топта ынтымақтаса оқушылар өздерін кең сезініп, бір- бірімен
жұмылып жұмыс істеді. Александр топтық жұмыста мұғалімнің үстелінен ақпарат әкелу тапсырмасында Вадимнің көмегіне жүгінді.Вадим бұл тапсырмада өзін таныта білді. Мұғалім тарапынан-Бауырсақ қалай дайындалады?-деген қайта бағыттау сұрағы қойылған кезде Алена сыни тұрғысынан ойлау тапсырмасында өз тобын үйіріп әкетті. Егер, дәстүрлі сабақта оқушылар ұйымшылдық танытпаса, өзгерген сабақтан кейін ұйымшылдығын көру қиын емес болды. Менің ойымша, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы құрылды.Бұл жерде тәлім алушым коучинг сабақтарынан алған теориялық білімін де қолданып жатқаны сезілді.
Сабақ барысында топтарды ұлттық тағам түрлерімен ауыстырып отырғызды. Бақылауға алған сыныпта өз- өздерін бағалау мақсатында «Біз қандаймыз?» тренингін өткізді.Бұл кезде мұғалімнің фортопианада тамаша ойнайтыны анықталды. Қорыта айтқанда, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысында тәлім алушы әріптесім сыныптағы оқушыларға үнемі жетістік ахуалын жасау арқылы даралық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі түсінуге көмектесуге тырысты (мақтау, марапаттау). Бұл үдеріс кезінде әлсіз оқушылардан психологиялық қиындықтар кездесті, олар қателесуден, өзін көрсете алмаудан, өзгелердің сынауынан қорықты т.б. Өзара сенімділікті туғызу үшін және ынтымақтастықты қалыптастыруға көмектесетін қарапайым тәсілдерді мұғалім үнемі қолданып отырды. Олар: оқушыны атымен атау, баланың жеке тұлғасын емес, оның іс-әрекетін бағалау, іс-әрекетінің нақты нәтижесіне назар қою, өзін-өзі төмен бағалайтын оқушылардың жетістігін көріп айту, оны ұжымдық істен шет қалдырмау тәлім алушымның басты қаруы болды.
2- тәлімгерлік сұхбатты ЖОСПАРЫ
(Өзгертілген сабақтан кейін)
Зерттеу сабақтың мақсаты:
«Сабақта Блум таксономиясын қолдану арқылы
оқушылардың ойлау әрекеттерін жоғары сатыға көтеру»
Реті Мазмұны сұрақтар ұсыныстар Ресурстар
1.
Өткізілген сабақты бірлесе отырып талдау:
1.1 Мұғаліммен достық, жылы қарым-қатынас орнату арқылы сұхбатты бастау. - Өзгертіл
ген сабақтан кейінгі көңіл-күйіңіз қалай?
- Тамаша, олай болса өткен сабақты бірлесе отырып талдайық. - Жұмыс дәптері
(«Тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы диалог» 7-бет)
№2 сабақтың бейнежазбасына шолу
1.2 Бірлесіп сабақ құрылымын анализдеу. - Сабағы
ңызда алға қойған мақсаттарыңызға жеттіңіз бе? - Сабаққа қойған мақсатымыз неғұрлым нақты әрі айқын болса, соғұрлым күтілетін нәтижемізге жетуіміз де оңай болады. Жұмыс дәптері
(«Тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы диалог» 8-бет)
1.3 Сабақта мұғалімнің Блум таксономия
сын қаншалықты тиімді пайдалана алғандығын өзіне талдату - Блум таксоно
миясы арқылы өткізген сабағыңыздың алға қойған мақсатыңызға жетуге тигізген әсері қалай болды?
- Оны сабақтың қай кезеңінде байқадыңыз?
-Неліктен тиімді болды деп ойлайсыз? Нұсқаулық (45-бет)
Жұмыс дәптері
(20-бет)
1.4 Сабақтағы оқушылардың ойлау әрекетіне Блум таксономиясының әсері - Сабақты Блум таксономиясымен өткізу оқушылар
дың ойлау әрекеттерін белсендіруде қаншалықты тиімді болды?
- Несімен тиімді болды? -Блум таксономиясының қолдану, синтез бен бағалау кезеңдерін
де берілген тапсырма
ларды орындауда оқушыларға қиындықтар туған болса, олардың бұл тапсырма
ларды үйде орындап келулеріне мүмкіндік бергеніңіз дұрыс болар, мүмкін?! 2. Үшінші сабақты жоспарлау:
2.1 Мұғалімнің алдағы сабақты жоспарлау туралы өз пікірін тыңдау.
2.2 Мұғаліммен бірлесе отырып 3-сабақты жоспарлау. Тамаша, олай болса бірлесе отырып келесі сабағымызды жоспар
лап алуымызға қалай қарайсыз? 7-сыныпКесте№1
Алена(А) Александр
(Б) Вадим (В)
О-ның пікірі «Алена көшіліктің әрекетімен санаса қоймайды»
«Александр көпшіліктің ойын тоспайды.»
«Вадим ештеңеге қызыпайды»
Г-ның пікірі «Оның жұмысы дұрыс бағаланса тапсырмадан қашпайды»
«Алаңғасарлық танытуда ойын дұрыс түйіндемейді»
«Вадимге қабілетін орынды пайдалана білмейді»
Зерттеу соңында Топтық жұмыста ерекше қабілеттері танылды Топта басқалардың көмегіне жүгінді,бір шешімге келіп отырды.Логикалық тапсырмаларға жүйрік екені танылды.
Есте сақтау қабілеті жоғары екені,сурет
ті өте жақсы салатыны байқалды.
MELSсауал.
MELS сауал.
MELS сауал.
Бірлесе жұмыс істеуі 17 18 15
Сенімділігі 18 22 17
Тапсырма
дан қашқақ
тауы 20 15 25
Қалыс қалу немесе оқшау болуы 8 14 10
MELSсауал.
қорытындысы 63 69 67
Зерттеу
соңында Қиын тапсырманы орындаудан қашпайды,өзіне сенімді.Қашанда сыныптың алдында болуды қалайды. Александр біліміне сенімді.Әр әрекетін баға алу үшін деп санайды.
Көпшіліктің пікірімен санасқанды ұнатпайды.
Вадим өзіне сенімсіз болғандық
тан оқшаула
нады.
Оқушының сипаттамасы: Алена - оқу үлгерімі жақсы, 13 жастағы оқушы. Мінезі
тік,ашуланшақ Нақтылап тапсырма берсең орындауға тырысады.Ол үшін қиын деген тапсырма жоқ.
Назарын өзіне аударғанды ұнатады,кез келген жерде өзін көрсетуге тырысады.Ойын ұтқыр және ашық айтады.
Логикалық тапсырмаларды ұнатады.Ол жеке дара тапсырмалар орындауда ешкімнің көмегіне сүйенбеуге тырысады.
Жұмысына қашанда жоғары баға берсе деп қалайды.Алена
ның болашағы зор.
Александрдың оқу үлгерімі жақсы, 13 жастағы оқушы. Мінезі ұшқалақ, сынды қабылдайды. Кез келген жағдайда бірінші жауап беруге тырысады.
Жауабы дұрыс екенін нақтылап алмайды.Өзін еркін ұстайды, ойын ашық айтады. Сабақта ойлануды қажет ететін тапсырмаларды ұнатпайды. Оған өз бетімен жұмыс жасаған ұнайды. Себебі көптің ойын тосу оған қиын.
Александрдың болашағы зор. Ол жақсы оқуға тырысады.
Вадимнің оқу үлгерімі төмен, 13жастағы оқушы. Мінезі ұяң, салмақты.
Қоғамдық жұмыстарда өзін көрсете біледі.
Ортаға тез бейімделе
ді. Кез келген адамға көмек береді.
Топтық жұмыс кезінде қобалжыды. Ол ортақ шешімге тез келеді.Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімсіздігі басым. Өз ойына нақты дәйектеме келтіре алмайды. Ол өзіне көмек керек екенін ашық айта алады.
Мұғалімнің ескерт
пелері: Неліктен Алена өзін солай ұстайды?
Аленаның тым өзін жоғары бағалауы достарының алдында тіл табысуға кедергі жасайды.
Ол өз жұмысының бағасын құнды деп санайды.Жеке қасиеттерін ары қарай дамытуға тырысады,дегенмен әркезде қолынан келе бермейді. Неліктен Александр өзін солай ұстайды?
Александр - өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушы. Оның тым асығатындығы тапсырмаларды дұрыс орындауға кедергі жасайды.Ол достарым менен бұрын жауап беріп қояды деген қорқынышы басым.
Неліктен Вадим өзін солай ұстайды?
Вадим үй тапсырма
сын үнемі орындама
ғандықтан, өзін оқшау ұстауға тырысыды.Ол өзінің қолынан бір нәрсе келетініне сенімсіз.
Не айтсам да қате болады деген үрейі басым.
Мұғалім не істей алады? Аленаға неғұрлым күрделі тапсырма беру арқылы білімін үздіксіз дамытып отыру керек екенін түсіндіру керек.Оның әр орындаған жұмысы әділ бағалануы үшін достарының пікірі де өте қажет екенін түсірдірген жөн. Мұғалім Александрмен жеке сұхбаттасу керек. Ең алдымен жұмысты орындауда уақытты аз жұмсауда емес, керісінше тапсырманың орындалуының сапалығы ескерілетінін түсіндіру қажет.Бұл оның сабырлы болуын арттырады. Сондықтан топтық жұмыста оған қиын тапсырмаларды беру қажет. Сонда ол өзгелерден көмек сұрап, топпен ортақ тіл табысады.
Александрдың болашағынан үлкен үміт күтуге болады.
Вадимнің бойында бұл тапсырма
ны орындай алмаймын деген қорқыныш
ты жою үшін мұғалім оған қабілетіне қарай жеке тапсырма берсе.Әсіресе сыни тұрғысынан ойлау тапсырмаларында ол қате жауап айттым деген қорқыныш
тан арылар еді.
Вадиммен жеке сұхбаттаса отырып,
оңай тапсырма
дан күрделіге қарай жүру керек екенін ескерткен жөн.Қосымша сабақ алуға болатынын ескертіп,өзіне сенімділігін арттыру қажет.Келешекте Вадимнен көп үміт күтуге болады.
Іс-әрекеттің өзгеруін зерттеу.
Мұғалімді зерттеу
1. Сабақты ұйымдастыру формасы
1.1 Жеті модуль элементтерін тиімді пайдаланып,үнемі ізденіс үстінде жүруі; (3)
1.2Жеті модуль элементтерін тәлімгер нұсқауымен ғана қабылдап,сабағын өзгертуі; (2)
1.3Тәлімгердің айтқанын қабылдады,бірақ қолдана алмады; (1)
2.Оқушыға деген көзқарастың өзгеруі.
2.1 Оқушы- мұғалімнің арасындағы тең қарым- қатынас; (3)
2.2 Мұғалімнің үстемдік танытуы;(2)
2.3Мұғалімнің елемеуі;(1)
3.Эмоциялық өзгеруі
3.1 Эмоциялық ашықтық,өз ойын қысылмай айта алуы;(3)
3.2 Эмоциялық ашықтық бірақ проблемасын айтуға ұялуы;(2)
3.3 Эмоциялық тұйықтық проблеманы мойындамауы;(1)
3 балдық жүйе
Мұғалімнің аты-жөні 1 2 3 Барлығы
Түктібаева А.Ж. 1.1 1.2 1.3 2.1 2.2 2.3 3.1 3.2 3.3 №1 өзгерген сабақ 1 2 1 4
№2 өзгерген сабақ 2 3 3 8
Нәтижелі сабақ 3 3 3 9
Оқушыны зерттеу
1.Ойлау деңгейінің өзгеруі.
1.1 Жауаптарында дәлелді ақпаратты бере отырып,өз пікірін өмірмен ұштастыруы;(3)
1.2Жауабында дәлелді ақпарат беріп,ойын жүйелі жеткізуі; (2)
1.3Жауабының толық болмауы; (1)
2.Белсенділігі
2.1 Тапсырмаларды орындауға белсене қатысып,жаңа идеялар тастауы; (3)
2.2Тапсырмаларды орындауға белсене қатысып,жаңа идеяларға ой қосуы; (2)
2.3Тапсырмаларды орындауға қатысып,тыңдап қабылдауы; (1)
3.Эмоциялық өзгеріс
3.1Топ мүшелерімен және мұғаліммен жылы қарым- қатынаста болып,жанашырлық танытуы; (3)
3.2 Топта өзгелердің пікірімен санасып,өз идеясын өзгертеді; (2)
3.3Топтың дұрыс бағалануына атсалысуы; (1)
Мұғалімнің аты-жөні 1 2 3 Нәтижелі сабақтың
қорытындысы
Дәстүрлі сабақ
1.1 1.2 1.3 2.1 2.2 2.3 3.1 3.2 3.3 Алена (А) 2 2 3 7
Александр (Б) 3 2 3 8
Вадим (В) 2 2 2 6
Тәлім алушының пікірі:
Өткізілген сабақтар туралы рефлесивтік есеп
Менің ойым...
Осы тәлімгерлік сабақ алғаннан кейін сабақтарымды басқаша жоспарлап сабақ беруді ұйғардым.Сабақтарды жоспарлағанда оқыған жеті модульді қамтуға тырыстым.Осыған дейін сабақты тәптіштеп түсіндіріп, оқушыларға дайындап беріп жүрсек,енді білім беру мүлде басқаша болатынын түсіндім.Тәлім берушімнің берген сабақтарынан алған білімім бойынша сабақтарымды Блум таксаномиясына сала отырып жоспарлауды үйрендім.Дәстүрлі сабақта үш мақсат қойсақ,енді алты мақсат қоя отырып,оқушының өз бетінше білім алуына жетелейді екенбіз.Бақылай отырып,оқушының сыртқы факторымен қоса ішкі фокторына да терең үңілуге мүмкіндік алуға болады екен.Яғни,жаңа бағытта білім беретін мұғалім сабақты өз бетінше түсіндіре бермей,оқушының әрекет етуіне мүмкіндік бере отырып,білім алуына бағыт бағдар береміз.Бастапқыда өздгінен іздену оқушыларға қиын соққанмен,кейін келе өз жұмыстарының жемісін өздеріне бағалатуда олардан ерекше талпынысты байқадым. Әрине уақыт өте олар осы әдіске төселер деп ойлаймын.Оқушыларым өздігінен білім алуға,өздігінен бағалауға,топпен жұмыс жасауға дағдыланып,өздеріне сенімді бола бастады.Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасының қалыптаса бастауы да мені таң қалдырды.Аз уақыт алатын психологиялық тренингтердің ынтымақтастық құруда рөлі зор екен.Топтық және жұптық жұмыстардың да өз жемісі болды.Топтық жұмыстарда бір біріне көмектесіп,өзара пікір алмасуды үйренді.Үнсіз оқушыларым топта жұмыс істей отырып,ашыла бастады.Әр түрлі деңгейдегі оқушыларымнан шығармашылыққа бейімділігі бар екенін анықтадым.Уақыттың аздығына қарамастан тәлім алушымның әрбір ұсынысын қабылдай отырып,мақсатыма жете алдым.Өзгеріс уақытты талап етеді дегендей осы бағытта жұмыстанамын.Дегенмен,алдағы уақытта осы үш айлық мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсын өтіп,өз білімімді ары қарай жетілдіріп,білім беруде өзгерістер енгізе отырып,бұдан да үлкен жетістіктерге жететініме сенемін. Білім берудің басқа әлеміне жол ашқан тәлім берушіме үлкен алғысымды айтамын. ШҚО Шемонаиха қаласы «Ю.А.Гагарин атындағы №3 орта мектебі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:екінші санат Түктібаева Айнур Жәлелқызы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, «Мұғалімге арналған нұсқаулық», 2012 жыл.
2. Үлестірмелі материалдар (2 апта)
3. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, «Мұғалімдерге арналған бағдарлама» 2012 жыл.
4. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар»,
2012 жыл.