Конспект уроеа не тему Ж?ндіктер ??стар.
ДүниетануТақырыбы: Жәндіктер.Құстар.
Мақсаты:
Білімділік: Жануарлардың жәндіктер және құстар тобымен таныстыру.Жәндіктердің өмір сүру ортасымен, құстардың алуан түрлерімен таныстыру. Олардың адам өміріндегі пайдасын айту.
Дамытушылық. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік. Табиғатты, ондағы тірі ағзаларды қорғап, баптап-күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,өздік жұмыстары
Көрнекілігі: презентация
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Сабақтың мақсат және міндеттерін айтып түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексеру. «Жануарлардың көптүрлілігі» тақырыбы бойынша 2 миуттық ашық тест алу.
Жаңа сабаққа дайындық. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту. Жұмбақтар жасыру.
Бар екен бір мақұлық ұннан майда,
Өз басын айдайды екен қиын жайға,
Ұстасақ үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайға.
/Көбелек/.
Шидім, шидім, шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс./Шыбын/.
Кішкене ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас.
/Кене/.
Салатын ұяны.
Өткiр көзi шегiр,
Бүргенiн құртар тұяғы. (Бүркiт)
Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)
Миға шабуыл. Оқушылардан жәндіктер туралы не білетіндерін сұрау және сызбаны толтыру.
Жәндіктер
Топырақты
Ара, маса құнарландырады
ЕгістіктергеҚұрт, көбелекӨте кішкентай болады
Зиянын тигізеді
Жәндіктер туралы толық мәліметті экраннан оқу.
Сергіту жаттығуы.
Құстар
Жылы жаққа ұшып
Ұша алмайтын құстаркетеді
Қызыл кітапқаЖұмыртқа саладыСу құстары
енген құстар
Оқушылар өз жауаптарын дәлелдейді.
Құстар туралы толық мәліметті экраннан көрсету.
Кітаппен жұмыс. Жәндіктер және құстар туралы қызықты деректерді оқиды.
Қорытынды. Үш қатарға тапсырма беру.
Құстар – біздің көмекшіміз деген ойды дәлелдеу.
Зиянкес жәндіктер туралы айту.
Қызыл кітапқа енген құстарды атау.
Үйге тапсырма. Мәтінді мазмұндау. Бұлбұл туралы қосымша мәліметтер жинақтау.
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.