Урок на тему Ж?ндіктер
Сыныбы: Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Жәндіктер
Мақсаты: Б. м: Жәндіктер әлемімен таныстыру. Ара, құмырсқа, өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру. Д. м: Балдың денсаулыққа пайдасы туралы, құмырсқаның еңбекқорлық қасиетін түсіндіру. Т. м: Жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Жәндіктер суреттері, араның үйі омарта, құмырсқа илеуі
Ұйымдастыру бөлімі.
«Мен өте жақсымын» жаттығуы
Мақсаты: балалардың өзін-өзі бағалау қабілетін жоғарылатуға мүмкіндік туғызу.
Жүргізуші балаларға өзімен бірге бірнеше сөздерді қайталауларын сұрайды. Жүргізуші сөздерді түрлі дауыспен жеткізеді: сыбырлап, қатты, айқаймен. Барлық балалар сыбырлайды, дауыстайды, содан кейін «Мен» «Өте» «Жақсымын» деп айқайлайды.
1) Жұмбақ жасыру: Балалар мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, бүгінгі әңгімеміз не жайлы екенін білесіңдер?Ызыңдап ән саладыЖұп – жұқа қанатыТәттіге тамсаныпҚоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонадыШырынын сорадыТүр – түсі сары – алаБұл не? Шешуі: АраҚылдай белі бүгілгенӨзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
Белең-белең ат,
Белі нәзік күрең ат.
Тауға мінсе таймас ат,
Танау тисе өлмес ат. ( Құмырсқа)
Құмырсқалар еңбекқор талмай өздері еңбек етеді.Қыстық қорларын мол жинап алады. Құмырсқалар зиянкес жәндіктердің көзін жойып,пайдалы жәндіктерге тиіспейді.
Жіп-жіңішке инедей,
Екі көзі түймедей.
Тікұшаққа ұқсайды,
Бірақ биік ұшпайды. (Инелік )
Инеліктердің ұшып жүріп шыбын-шіркейлерді өте жақсы аулайтынын оның қанаттары өте қуатты.Ұшып келе жатып тоқтап,бір орында тұра алатынын айту. Инеліктің көздері айналасын бір мезгілде түгел көреді,ол шыбынның қас жауы.
Өзі кілем түріндей,
Құдды қырдың гүліндей,
Гүлге қонса кетеді,
Айырмасы білінбей. (Көбелек)
Көбелек те аралар сияқты гүлдердің тұқымын шашып,көбеюіне пайдасын тигізеді.Өз жауларынан жасырынуына түсінің көмегі арқасында қашып құтылады. Көбелектер тез ұшады.
Жаңа сабақ
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?- Жәндіктер
- Балалар тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? - Құмырсқа, көбелек, шыбын, ара- Жәндіктердің аяғы нешеу? 4, 2, 6- Олар иісті сезе ме? - Дәмді иісті мұртшаларымен сезеді- Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.- Шегіртке, инелік, қоңыз, маса т, б- Ең мазасыз жәндікті кім біледі? – Шыбын- Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?
2) «Аралар ойыны: Ойынды бастамас бұрын балалармен пікір алмасу жүргізу.- Гүлзардағы гүлдерден қандай араларды көрдіңдер? - Олар қалай ызылдайды?- Аралар гүлдерден бал жинайды. Оны аю жақсы көреді. Ол омартадағы балды жеуге тырысады. Аралар оны жолатпайды.(Балалар араның Ыз – ыз – ыз – ызыңдағанын келтіреді)- Тағы қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?- ҚұмырсқаныҚұмырсқаның үйі неге «илеу» деп аталатынын түсіндіреді. (Құмырсқа суреті көрсетіледі) Біреуі илеу салады, бірі илеуге кіріп – шығатын жол салады, азық тасиды)- Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?- Құмырсқа қысқа азық жинай ма?- Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады? (илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды)
Дәптермен жұмыс.Оқушылар дәптерімізді ашып, жәндік түрлерін жазайық.
Ойын: «Қай жәндік қалай дыбыстайды?»
Жәндіктер қалай дыбыстайды?
Ара – ызылдайды. (ыз-ыз-ыззз)
Шыбын – ызыңдайды. (ыжжж-ыжжж)
Шегіртке – шырылдайды.
Бақа - бақылдайды,құрылдайды.
Сергіту сәті. Қолымызға қаламымызды немесе қарандашымызды алып оңға, солға кезекпен айналдырамыз. 2 немесе 3 рет қайталаймыз.
Тапсырма. Оқушыға суреттері берілген әңгіме құрастыру керек.
3) Ой тастау:- Егер жәндіктер жер бетінен мүлдем жойылып кетсе, не болар еді?- Жазда қандай жәндіктерді кездестірдіңдер?- Жазда олар көп бола ма?- Жәндіктер қайда қыстайды? Кейбіреуі құрт, қуыршаққа айналады, ал үлкендері өледі. Кейбіреуі тасалау жерге тығылып, ұйқыға кетеді.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерге құмырсқаның суреті берілген. Оқушылар сол суретті түрлі түсті қарындашпен бояуы керек.4) Көзге арналған жаттығу: Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.- Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға. Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан орындарына отырады.
«Көбелек» жаттығуы
Балаға жест, қалып, қозғалыс не мимика арқылы келесі қойылымды орындауын ұсынады: бала гүлге қонып тұрған әдемі көбелекті көрді, ол оны жақыннан көргісі келді және ойлай жайлап жанына жақындады, мойнын созды, гүлге жақындай түскенде көбелек ұшып кетеді. Бала таң қалып, бір жағынан көңілі түсіп кетеді.Қорытындылау: «Қиынды суреттер» ойыны. Араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.