Планирование Жануарларды? к?пт?рлілігі. Ж?ндіктер.


Пәні: Дүниетану
Тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер.
Мақсаты: жануарларды топтарға бөлудің жаңа түрімен және олардың топтық белгілерімен таныстыру.
Білімділігі:
Жер бетіндегі тіршілік ететін жануарлардың көптүрлілігі туралы білім бере отырып, жануарларды тиісті топқа жатқыза білуге, бақылауға үйрету. Жануарлардың тірі ағза екендігі және олардың да алуан түрлері бар екені туралы білім беру.
Дамытушылығы: Сыни ойлауын дамыта отырып,білімді жаңа жағдайда қолдана білу арқылы танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғаттағы жан-жануарларға қамқор болуға, олардың тіршілігіне қамқорлықпен қарауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдістері: АКТ,СТО әдістері /"Топтастыру","INSERT" кестесі/, жеке, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық,қима тапсырмалар, семантикалық карта,постер, видео ролик.
Күтілетін нәтиже:
жануарлар туралы білімдері толығады.
шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады.
мәтінді талдау, еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу,өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері артады.
табиғатты қорғау ісінің тәрбиелік мәнін түсінеді.
Түйінді идеясы: Білімін өмірмен байланыстыра отырып, қажет жағдайда қолдана білуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері, қазақ тілі.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Психологиялық дайындық.
/Өлеңді хормен оқу/
Үй тапсырмасын тексеру.
Тест жұмысы арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.
І.Қызығушылықты ояту.
1. Жануарлар қалай бөлінеді?
4114165125095ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ
00ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ
-12700123825 Жабайы00 Жабайы165255538866ЖАНУАРЛАР
0ЖАНУАРЛАР

37115758001001224455761340
«Жұмбақтар жауыны» (жұмбақтың шешуін стикерге жазып,даналық ағашына жапсыру.Олардың ортақ атауын айтып,сабақтың тақырыбын анықтау.)
ІІ.Мағынаны тану.
Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесі де сан алуан.Жер бетінде жануарлардың түрлері көп. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөзінің екінші бөлігінен алынған.Қазақша –жануар әлемі,яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 миллиондай түрі бар.Бірі өте үлкен болса (піл),енді біреулері өте кішкентай .Оны тіпті микроскоппен ғана көруге болады.
Оқулықпен жұмыс.
1.Мәтінді оқу.
Балалар жануарлар тобын төмендегі сызбаға салады.
330267916558300395097090170Сүтқоректілер
Сүтқоректілер
-293370128905Жәндіктер
Жәндіктер

1059815106045001877060106045ЖАНУАРЛАР
0ЖАНУАРЛАР

164361186333003379470666750028956069215Қосмекенділер
Қосмекенділер
395287512700Құстар
Құстар

2849245317500021780503619500
122428010795Балықтар
0Балықтар
309245011430Бауырымен жорғалаушылар
00Бауырымен жорғалаушылар

Кейбір жануарлар омыртқалы, омыртқасыз болып бөлінеді.
258199828400Омыртқалы жануарлар
0Омыртқалы жануарлар
23365833896Омыртқасыз жануарлар
0Омыртқасыз жануарлар

333565526035009817102540000
28511567945Жәндіктер, өрмекшілер,ұлулар т.б
0Жәндіктер, өрмекшілер,ұлулар т.б
230356167573Қаңқасы бар жануарлар: Мүйізтұмсық, қоян, киік т.б.
00Қаңқасы бар жануарлар: Мүйізтұмсық, қоян, киік т.б.

-Жануарлар тіршілік ету ортасына қарай әртүрлі қоректенеді.Қоректенуіне қарай өсімдікқоректі, жыртқыштар, жәндікқоректілер деп атайды.Біздің ғаламшарымыздағы саны жағынан ең көп таралғаны-буынаяқтылар тобына жататын жәндіктер(бунақденелілер деп те атайды).Олар барлық жерде кездеседі.Мысалы, мұхиттарда, топырақта, шөлді аймақтардың ыстық құмдарында және көпжылдық тоңды (топырағы ұдайы мұзбен араласып қатып жататын ) жерлерде де тіршілік етеді.Көптеген жәндіктер адамның күнделікті тіршілігіне зиянын тигізеді. Шыбын, маса, қандала,бүрге-ауру таратушылар.Бірақ пайдалылары да бар.Олардың барлығы өсімдіктермен қоректене бермейді, арасында жыртқыштары да бар. Ең қомағайы -инелік.Ол өз салмағынан артық жемтік жейді.Қазіргі кезде дүние жүзінде инеліктің 4500 түрі бар.
4386810103667жәндікқоректілер
00жәндікқоректілер
213487072390Қоректенуіне қарай
00Қоректенуіне қарай
29083078105өсімдікқоректі
00өсімдікқоректі

187307510698700373360310698700
2844888444500
2024774115614жыртқыштар
00жыртқыштар

Электронды оқулықпен жұмыс(мәлімет беріледі).
Бекіту. Топтық жұмыс.Сыныпты екі топқа бөлу.
1-топ: «Жануарлар»
2-топ: «Жәндіктер»
1-тапсырма: «Тез ойлан!» ойыны. (Суретті нұсқағанда,қай топқа жататан сурет көрсетілсе, сол топ шапалақтайды.Қай топ жаңылысса, сол топтан бір сурет алынып, екінші топқа беріледі.)
2-тапсырма: Әр топ қарсы топ атына жататын жануарлардың атын топтастырып жазады.
285496014605Жәндіктер
00Жәндіктер
611505104775ЖАНУАРЛАР
00ЖАНУАРЛАР

2639695106045002126371382550021348921689540043630855377800
352806010414000
14370051270000
(Әр топқа қарсы топқа топтастырған жануарлары туралы сұрақ қояды:
-Араның қандай пайдасы бар?
-Елік немен қоректенеді?, Ол пайдалы ма әлде зиянды ма?,т.б.)
Қосымша мәлімет.
-Балалар, жануардың пайдалы екенін білдік.Енді оларды қалай қорғаймыз?Қорғауға алынған жануарлар туралы кітап қалай аталады?
-Қызыл кітап.
-Біздің елімізде де жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында 1974 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты. Қызыл парақтарына жойылып кету қаупі бар жануарлар енсе, ақ парағына саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енеді. Жасыл парағына қайтадан аяласа, қалпына қалпына келетіндер енген.
Тынығу сәті.
(« Қызыл кітапқа» енген жануарлар туралы видео ролик көрсетіледі)
Қызықты мәліметтер.
1.Табиғатта өмір бойы аяғынан тік тұрумен өтетін жануарлар бар.Олар – пілдер.Ересек пілдер жүз жыл бойы тізе бүкпейді. 3.Қой арам шөптің бес жүз жетпіске жуық түрін жейді.Қойдан басқа жануар мұнша көп арамшөп жемейді.
Қорытындылау сұрақтары.
(Жануарлар мен жәндіктердің суреттерін таңдай отырып, бекіту сұрағына жауап береді)
1Жануарлардың түрлерін ата.
2.Омыртқалы жануарларды ата.
3.Омыртқасыз жануарларды ата.
4.Сен тұратын жерде қандай жануарлар кездеседі?
5.Қандай жыртқыш жануарларды білесің?Оларды неге жыртқыш деп атайды?
6.Адам үшін пайдалы жәндіктерді ата.
7.Зиянды жәндіктерді ата және зиянды болу себебін түсіндір.
ІІІ.Толғаныс.
INSERT кестесін толтыру/ кері байланыс/.
Ү Білемін + Мен үшін жаңалық ? Нақты білгім келеді
Үй тапсырмасы.
Мәтінді түсініп оқу.
Жәндіктер, құстар туралы мақалдар жинау.
Сүйікті жануардың немесе жәндіктің суретін салу.
Бағалау.