Бір ?ріптеске т?лімгерлік ету ?дерісі туралы сараптамалы? есеп


Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы сараптамалық есеп
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға ...»
Абай.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Ал ұстаздың міндеті жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай туғызу. Осы мақсатта мен мектептегі тәлімгерлік ету жұмысымда тәлім алушы ретінде тарих пәні мұғалімі Джумамуратова Салиманы алдым.
-118110478790Джумамуратова Салима – біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тарих пәні мұғалімі. Еңбек өтілі: 4 жыл. 2014 жылдан бастап осы Жауғашты ауылының №27 орта мектебінде жұмыс істеп келеді.
5143501674495Мектепте әріптестерге коучинг жүргізу кезінде мен мектептегі тәжірибе кезінде бір мұғалімге тәлімгерлік ететіндігімді, соған қайсыларың тәлім алушы бола аласыздар дегенімде, осы тарих пәнінің мұғалімі Салима: мен алдағы уақытта осы деңгейлік курсқа барғым келеді, сол себепті мені алуыңыз деп өтінішін білдірді. Мен де келісімімді беріп, тәлімгерлік барысында атқарылатын жұмыстар туралы мәлімет беріп, өз пәні бойынша сабақ өткізетіндігін, оны бейнежазбаға түсіретіндігімді және бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасайтынымды айттым. Содан кейін екеуіміз жекелеме сұхбаттастық. Онда тәлім алушыға бірінші өзі күнделікті өткізіп жүрген дәстүрлі сабағына қатысатынымды, онда оқушылардың әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп бақылайтынымды, одан сол сабақтан кейін сабақта кеткен кемшіліктер мен олқылықтарын бірлесе отырып талқылап, екінші сабақты Кембридждік жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жоспарлап өткізетіндігін жеткіздім. Бұл орайда мұғалім өзінің келісімін беріп, оқушыларымен ақылдасып, сабағына өзі шақыратынын айтты. Бұл сұхбаттан кейін мен тәлім алушыма курс барысында көріп, қолданған «Сын тұрғысынан ойлау», «Ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану», «Дарынды және талантты оқушыларды оқыту», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» және оқушы қызығушылығын арттыру мақсатындағы бірнеше стратегиялар туралы қысқаша мәліметтер мен материалдар ұсындым. Әрі өзімнің пәнім бойынша өткізіп жатқан тізбектелген сабағыма қатысуға шақырдым. Мұнда курстың бірінші кезеңінде орындаған постерлеріміз бен фотоларымды да көрсеттім. Жалпы тәлім алушыммен пікірлесуіміз сәтті өтті. Менің айтқан ұсыныстарыма әруақытта қолдау танытып, ойымыз бір жерден шығып отырды.
34290140970Сөйтіп, 3 наурыз күні тәлім алушым мені сабағына шақырды.
Сабақ басталмас бұрын мұғалім мен оқушылардан сабақты бейнежазбаға бақылау ретінде түсіретіндігімді айтып, олардың рұқсаттарын алдым. Тәлім алушым сабағын 7-сыныпта өткізді. Сыныпта 6 оқушы бар. Сабақтың тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылуы». сабақ типі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың мақсаты: Өткен материалмен жаңа сабақты байланыстыра отырып оқушыларға Қазақ хандығының құрылуы туралы, оның негізін салған Жәнібек пен Керей, алғашқы қазақ хандығының аумағы, этникалық құрылымы туралы таныстыру. Оқушының әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы білім, білік дағдыларын, сөйлеу, оқу, жазу қабілеттерін өз бетімен жұмыс жасау арқылы дамыту, ой еркіндігіне баулу, тіл байлығын арттыру, өз ойларын айта білуге, ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру, шығармашылығын дамыту.

Сабақтың жоспарын Блум таксономиясы бойынша, бағдарламаның жеті модулдерін кірістіре отырып құрастырдық. Сабақта диалог, сын тұрғысынан ойлау, Жигсо әдісі, Венн диаграммасы, Сергіту сәттері мен формативті және жиынтық бағалаулар кірістірілді.
342908039102815590309753014725653107055342903116580Салима алдымен оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп болған соң, жағымды ынтымақтастық атмосфера орнату мақсатында оқушыларды ортаға шығарып «Шаттық шеңбері» ойынын ұйымдастырудан басталды. Мұнда оқушылар қолындағы гүлді шеңбер бойымен жанындағы көршісіне тілек сөздер айта отырып айналдырып шықты. Ойын барысында оқушылардың жүздерінен күлкі мен шаттық бірден байқалды. Одан кейін мұғалім открытка кесінділерін таратып, сол кесінділерден мозайка құрастыру арқылы оқушыларды топқа бөліп, бақылау парағын бере отырып топ ішінде рөлдерге бөлінулерін сұрады. Топтарға «Жәнібек» және «Керей» аттары берілді. Үй тапсырмасын тексеруде әр топ бір-бірлеріне сұрақтар қойды. Бұл тапсырманы орындауда өткен сабақта сабаққа қатыспай отырған Рустем пен Азамат тақтаға шығып, жап-жақсы орындай білді. Отырғандардан көмек, қолдау көрсетілді. Соңында топ мүшелері сұрақ қойып, оларға нақты жауаптар айтылды. Келесі «Білу» теориясында оқушыларға мәтінді Жигсо әдісі бойынша топта оқып, түсіну және сұрақ дайындау берілді. «Түсіну» бөлімінде әр топ баяндамашысы түсінгендерін айтып, әр топ бір-бірлеріне мәтін бойынша әзірлеген сұрақтарын қойды. «Қолдану» бөлімінде бір топқа «Қазақ хандары» екіншісіне «Хронологиялық карта» тақырыптарында постер жасау шығармашылық тапсырмасы берілді. Бұл жұмыс кезінде әр топтағы жұмыс ынтымақтастықпен, үлкен қызығушылықта жүрді. «Талдау» бөлімінде әр топ баяндамашысы өз постерлерін өте жақсы қорғап, бір-бірлеріне қошеметтерін білдірді. «Жинақтау» бөлімінде оқушыларға интербелсенді тақта арқылы қорытынды тест тапсырмасы беріліп, сосын оның кілті мен «бас балдық» жүйеге ауыстыру көрсеткіші көрсетіліп, оқушылар жұптары бойынша бір-бірлерін бағалады.
Сабақ барысында атқарған жұмыстары бойынша топ мүшелерін бағалап, қорытынды жиынтық бағаларын қойып шықты.
«Кері байланыс» орнатуда оқушыларға тақтада «Көңіл күй» дидары көрсетіліп, оған олар бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен білімдері жайлы жазып шықты. Мұнда оларға сабақ өте қызықты өткені, ондағы орындаған тапсырмалар, постер жасау мен сергіту сәттерінің қатты ұнағандары жазылып жатты.
Сабақтан кейін тәлім алушыммен жаңа сабақ бойынша пікірлестік. Мен Салимадан бүгінгі сабағың қалай өтті, өзіңе ұнады ма? деп сұрағанда, ол «Шынымды айтсам осы 45 минуттық сабақ қалай өтіп кеткенін байқамай да қалдым. Ең бастысы - сабақтың мақсатына жету. Мен топтық жұмысты бұрын да сабақтарымды қолданып жүрдім, бірақ онда сабақты көбінесе сайыс түрінде өткізетінмін. Топтағы оқушыларды рөлдерге бөлгенде: топтардағы–баяндамашы, тайм-кипер, топбасшы, бақылаушылар өз міндеттерін тиянақты атқарды. Нашар үлгеретін оқушылар өздеріне міндеттеме алған соң сабаққа жақсы қатысты. Сабақта «3» алған оқушы болған жоқ. Тіпті тапсырмалардың ішінде пайдасы аз болған тапсырмалар болған жоқ. Бәрі де ұтымды, жүйелі, оқушы зейінін ашуда пайдалы болды. Үлгерімі төмен оқушыларға сәйкестендіру кестелері, Венн диаграммалары берілді. Осы сабағымда, өз тәжірибемде алғаш рет нашар оқушының қозғалысын, ілгерлеуін, белсенділігін байқадым. Осы тәжірибеге сүйене отырып болашақта өз тәжірибемде өзгерістер күтемін» деп қуанышын білдірді.
Ментор: 2-ші деңгей математика пәні мұғалімі Убайдуллаева К.М.