?аза?стан тарихынан д?ріс саба?: «КСРО ж?не ?айта ??ру кезе?індегі ?аза?стан»
Қазақстан тарихынан дәріс сабақ:
Сабақ тақырыбы: «КСРО және қайта құру кезеңіндегі Қазақстан»
Қазақстандағы қайта құру саясаты.
1990 жылғы «Қаз СССР-ң мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясының жария етілуі.
1991 жылғы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президентін сайлауы.
Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдау.
Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік экономикалық және саяси шаралар жүйесі тарихқа «қайта құру» деген атпен 1995 жылдан бастап енді. Қайта құру сәулетшілердің мақсат-мүдделерін, тәуелсіз қоғамды шарпыған өзгерістер аймақтық бүкілодақтық, социалисттік жүйені дүниежүзін молынан қамтыған құбылысқа айналды. Одақты қайта құру идеясы кеңінен қолдау тапты және ол түрленген автономиялық және одақтас Республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-нда Республиканың өзін-өзі басқару, өзін өзі қаржыландыру істері басталды. Онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарының оның ішінде өнеркәсіптің негізі болып табылатын салалық кәсіпорындарға репсубликаның меншіктік құқы дәлелденді. Республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамсыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімдеді. Қайта құру саясаты 3 кезеңге бөлінді:
1985-1986 жылдар;
1987-1989 жылдар мамыр айы. Қайта құрудың алғашқы кезеңдері экономиканы жеңіл тәсілдермен реформалау бойынша жүргізілген. 1987 жылы тамызда тұңғыш тәуелсізідігін әлеуметтік экономикалық бірлестігі құрылып, өзінің алдына соғысқа қарсы тұру экологиялық адамгершілік және бейбітшілікті қорғау идеяларын құқықтың информациялық экспортты қолдау көрсету мақсатын қойды.
1987-1989 жылдары қайта құру идеялары партиялық мемлекеттік басшылықтың реформалар жүргізуге бағытталған бөлігінің шешусіздігімен жүзеге аспайды. Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесімен экономиканың шұғыл күйреуіжағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға көмектесетін президенттік басқару енгізілді.
1990 жылы 24 сәуірде Республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-і Президенті лауазымын белгіледі бұған Н.Ә. Назарбаев сайланды.
2. Қайта құрудың соңына қарай Кеңес Одағының орталқ органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас републикалардың құқықтары күшейе түсті. Одақты реформалауға бағытталған жаңа одақтық шарттар жобасы жасалды. 1990жылы 25 қазанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қаз КСР-ң егемендігі туралы декларация қабылдады. Қаз КСР-нің Жоағрғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін-өзі еркін билеу құқығын тани отырып, Қазақ ұлытының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық, құқытық мемлекет құруды негізе ала отырып, Қазақ КСР мемлекетінің егемендігін жариялады. Декларцтияда алғаш рет Қаз КСР-і нығайту жөніндегі шаралар қолданды деп жазылды және территориясының өзгермейтіндігі бекітілді.
3. Қазақстан қоғамының барлық күштерін Республиканың басына түскен, экономикалық және әлеуметтік дағдарысты еңсеру үшін топтастыру мақсатында елдің барлық зхалқының сенім мандатын алуды бастаған реформаларды жедел әрі табанды жалғастыру үшін мемлекет басшысы Қазақстан Президентін жалпыхалықтық сайлау өткізу жөнінде адал әрі батыл саяси шешім қабылдады. 1991 жылы мемлекет басшысы Қаз КСР-нің Президентін сайлау туралы қол қойды. Қазақстан магниткасының металургтері Н.Ә. Назарбаевты елдегі тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда президенттікке кандидат етіп ұсынды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Сайлау алдындағы күрес нәтижелері қортыныдыланғанна кейін Н.Ә. Назарбаев дауыс беруге қатысқан Қазақстандықтардың 98 пайыздан астамының дауысын жинап тұңғыш Президент болды.
1991 жылы 10.12 да Қ.Р.-ң әлемге жария еткен «Қаз КСР-нің атын өзгерту туралы» заңға қол қойылды.
3. 1993 жылы 28 қаңтарда Қ.Р.ның біріншщі конституциясы қабылданды. Конституция жобасы бүкілхалықтың талқылауынан өтті. Бүкіл жұмысқа Қ.Р:-ның президенті Н.Ә. Назарбаев төрағалық еткен Конституциялық комиссия басшылық етті.
Конституция преамбуладан «Конституцияның құрылыс негіздері» деген арнайы бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады.
Бөлімдегі ережелер мазмұны:
Қ.Р.-н сипаттауға арналған.
Республиканың жеріне арналған.
Адамға тоқталған.
Халыққа арналған.
Қоғамдық бірлестіктер сөз болады.
Мемлекеттік билікті бөлу мен біріктіруге арналады.
Конституцияның өзіне жалпы сипаттама.
аса күрделі мәселе тілге арналған.
Қ.Р.ның нышандарына арналған.
Негізі заңда жарияланға құқықтармен бостандықтар адам құқытары туралы халықаралық құжаттарға сай келеді.
Азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тйым салынды.
1993 жылғы конституция тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы конституция. Ол үлкен тарихи, саяси-құқытық роль атқарады.
Лекция
Сабақ тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы.
Қ.Р.-ның мемлекеттік рәміздерінің бекітілуі.
Қазақстан 2030 стратегиясы.
1. Кез келген егемен мемлекеттің туы, елтаңбасы мен әнұраны, оның міндетті түрдегі ерекше белгілері болып табылады. Қазақстанның мемлекеттік рәсіздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Геральдика – елтаңбаларды саралайтын ғылым. Лексилогия – туларды зерттейтін ғылым. Геральдика ілімін жолға қойған ХVІ ғ. Француз ғалымы, тарихшыМенестрэ бүгін де кеңінен өолданылып жүр. Герб деген термин немістің ербо сөзінен шыққан. Бұл сөздің қазақша мағынасы таңба деген ұғымды береді. Елтаңбамыздың авторлары Шот – Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков. Елтаңбаның геомиетриялық пішіні шеңбермен кесікнделген. Елтаңбаның негізгі идеясын белгілейтін шаңырақ – қазақ ұғымында отбасы амандығының, бейбітшіліктің айғағы.
Ту дегеніміз бір түсті немесе көптүсті матадан тұрады, әрі төртбұрышты формалы болады. Ол ұлттың символы әрі оның бірлік белгісі ретінде пайдаланылады. Республикамыздың туының авторы Шәкен Ниязбеков. Туды құрметтеу елді, халықты, тарихты құрметтеу болып табылады.
2. «Қазақстан - 2030» бұл ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Ең алғашқы бетінде барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаттылығының артуы деген жолдаудың мәтіні жазылған 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп айтылған. 2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады.
2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл жлекеті елге айналуы тиіс.
Ұзақ мерзімді 7 басымдық:
Ұлттық қауіпсіздік;
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
Экономикалық өсу;
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, әл-ауқаты;
Энергетика ресурстары;
Инфроқұрылым әсіресе көлікпен байланыс;
Кәсіби мемлекет.
Семинар.
Сабақ тақырыбы: Жаңа саяси жүйенің Президенттік басқарумен қалыптасуы.
1995 жылғы Конституцияны қабылдау.
Қ.Р. азаматтық туралы заң.
Қ.Р. зейнетақымен қамсыздандыру.
Қ.Р. Тіл туралы заң
1. Қ.Р. қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Қ.Р. ның Конституциясы Кіріспеден, Негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Конституция Кіріспесі саяси және идеологиялық тұрғыдан алғанда ас маңызды. Осыдан келіп мемлекетіміздің негізгі мақсаты туындайды.
Өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын бекіту.
Байырғы қаза жерінде мемлекеттік билікті сатау.
Республиканың егемендігін сақтап, ұстап тұру.
Қ.Р. ның демократиялық негіщдерінің мызғымастығын бектіу
Өз елінде және мемлекет арасында азаматтық бейбітшілік және ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас әдістерін бектіту.
1995 жылғы Ата заңда құқықтық мемлекетті қалыптастыру бағыты: азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, оның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркідігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы, халық билігін жүзеге асырудың демократиялықамалдары, экономикалық қатынастың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленді.
2. Азаматтық туралы заң:
Қ.Р. ның азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси құқықтық байланысын айқындайды. Бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.
Қ.Р. да әрбір адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қ.Р. ның азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
Қ.Р. ның азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айрыуға болмайды.
Қ.Р. ның азаматтығы туралы заңдар:
Қ.Р. ның Конституциясымен, осы заңмен және Қ.Р. ның соған сәйкес шығарылған басқа да заң актілерімен реттеледі.
Азаматтық туралы құжат:
Қ.Р. ның азаматтығын растайтын құжат Қ.Р. сы азаматының жеке куәлігі немесе Қ.Р. ның азаматының паспорты болып табылады.
3. Қ.Р. ын зейнетақымен қамтамсыз ету.
Азматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы:
Қ.Р. ның азаматтары Қ.Р. ның заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақыман қамсыздандырылуға құқылы.
Қ.Р. ның аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; егер Қ.Р. заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қ.Р.ның азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығына ие болады.
Қ.Р. ның зеәнетақымен қамсыздандырылу құқығы:
Қ.Р. ның зейнетақымен қамсыздандфру туралы Заңдары Қ.Р. Конституциясын негізделеді және осы заңмен, Қ.Р. ның өзге де құқықтық актілерінен тұрады..
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
4. Қ.Р. ның Тіл туралы заңы.
1997 жылы 11 шілдеде «Қ.Р. ның Тіл туралы заңы» қабылданды. Жаңа заң 6 тарудан 27 баптан тұрады. Заңға сәйкеес қазақ тілі мемлекеттік тіл болып танылса, орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.