Ашы? саба?ты? та?ырыбы: Гобелен ?нері
Қалалық қосымша білім беру – оқу әдістемелік орталығы
Бердеева Аида Абатқызы
Батик және «Сиқырлы жіптер» үйірмелерінің жетекшісі
Ашық сабақтың тақырыбы: Гобелен өнері Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халық қолөнерімен таныстыру, үйрету арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайтуға, әсемдікпен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа, икемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Құрасбек Тыныбековтың, Батима Зәуірбекованың туындыларының суреттері, слайд,дайын болған гобелен,тоқу станогі т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, түгендеу;ІІ. Өткен сабақты қайталау :
Біз кесте тігу• Бізкесте дегеніміз не?• Бізкестеге қандай құрал-саймандар қажет?• Бізкестені тігу үшін ең алдымен не болуы қажет?• Бізкесте өнерінің басқа кестелрден қандай ерекшелігі бар?• Қазақстанда бізкесте өнерімен айналысатын өнертанушылар кімдер?• Зейнелхан Мұхамеджан қандай туындыларын білесін?
ІІI. Жаңа сабақты .
Кілем – үй жасауы деп санаймыз, оны жерге төсеуге, қабырғаға ілуге болады және кілем иірілген тоқыма жіппен тоқылады. Кілем - сәндік қолданбалы өнер түріне жатқызамыз және шалу әдісімен тоқылады.Кілем түкті және түксіз болып бөлінеді. Түк салып тоқу өнері көбінесе Қызылорда, Торғай, Қостанай, Шымкент өңірлерінде жақсы дамыған.
Гобелен –суретті, түксіз, қабырғаға ілінетін және жерге төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен – сәндік қолданбалы өнер түріне жатады.Гобелен өнерінің шығу тарихы 20-шы ғасырдың басынан басталады. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойы, Кавказға кең тараған ертеден келе жатқан алаша, тықыр кілем тоқу өнері гобеленнің қазақ халқының дәстүрлі қолөнеріне жат емес.Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдықты талап етеді.Түкті кілем негізін құру үшін станок болу керек. Станок ағаштан жасалынады. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр.
Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.Гобелен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына:• Қ.Тыныбеков,• Б.Зәуірбекова,• И.Ярема,• Ә.Бапанов, С.Бапанова,• Қ.Жұбаниязова,• А.Ихонова,• Н.Павленко т.б.атауға болады.Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.
Гобелен тоқу үшін:1. Гобеленші-суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.2. Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.3. Гобеленші-картоньер кіші қагаздағы суретті тоқылмақшы гобелен елшеміндей картонға бояулы етіп салады.4. Гобеленші-тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.IV Сарамандық жұмыс:
Оқушыларға тақыр гобеленнің кезеңімен тоқылуын көрсету.Тұрғанбек Диана бұрыннан қатысып жүрген оқушы өзінің тоқып жүрген түкті гобеленнің тоқылуын көрсетеді.
V. Сабақты бекіту.1.Гобелен өнерінің шығу тарихы қай ғасырдан басталады?2.Гобелен дегеніміз не?3. Гобелен атауы қай елден шыққан?4. Гобеленнің кілемнен айырмашылығы неде?5. Құрасбек Тыныбековтың өмір сүрген жылдары?7.Ең алғашқы гобеленші қазақ қыз?Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасын қолдану.Кілем мен гобелен айырмашылығы мен ортақ қасиеттерін көрсету.
VI. Үй тапсырмасы.
Гобелен туралы, Қазақстандағы басқа да гобеленшілер туралы қосымша деректерді жазып әкелу.