Разрядтан екі рет аттап ?ту ар?ылы ?осу ж?не азайтуды? жазбаша т?сілі


Сабақтың тақырыбы: Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазбаша «баған» түрінде қосу және азайту тәсілін /алгоритмін/ қолдануды үйренуді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын
арттыру. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке
оқушылардың білім дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Пәндік нәтиже: Оқушылар жазбаша «бағанмен» қосу және азайту тәсілін /алгоритмін/ қолдануды үйренеді.
Сабақ түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың типі: білім мен дағдыны қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-презентациялар, бағалау парақтары,
деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін,Есеп-қисап,сан-цифр термек үшін.Көрсетіп есептеудің жолын талай,Келдім оларды айтып бермек үшін, -деп сабағымызды бастамас бұрын,бір-бірімізге деген көңіл-күйлерімізді білдірейік.
Психологиялық ахуал:
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
 (құшақтасып көріседі,  қол алысып амандасады.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар, мен сендердің үй тапсырмаларыңды дәптерлеріңнен тексеріп, бағалаймын. Бүгінгі сабаққа қалай қатысқандарыңызды бағалау парақтарына бағалап отырыңдар. Бағалау парақтарын таратамын.
Ал, енді назарларыңызды тақтадағы ауызша есепке салыңдар.
І Ауызша есеп:
32-12 250-50 3·2 16-10 460-30 2·8 70+30 750+50 10: 2 100- 40 900-200 6 : 3 10+ 65 860- 40 3· 7

ІІІ Қызығушылықты ояту « Ой қозғау»
Мен әр топқа әріптер салынған қалташықтар беремін. Әріптерді дұрыс құрастырсаңдар топтарыңның аты шығады.
Адасқан әріптер/топқа бөлу/
к,ү,ж,і,р,й - жүйрік тобы
л, й,о,ш,ы - ойшыл тобы
р, а,п,т,ы, қ – тапқыр тобы
Топ тапсырмалары: / разрядтары бойынша, разрядттан аттап өту арқылы / орындау және оны тексеру/
І топІІ топ ІІІ топ
518-496632-259621-356
159+678459+378457+150
ІҮ Мағынаны тану: Есептер шығару /оқулықпен жұмыс/
№3 а/ бір шаруашылықта 248 қой, ал екіншісінде біріншісіне қарағанда 119 қой кем. Екі шаруашылықта барлығы неше қой бар?

№5 /ізденіске жетелейтін тапсырма/
198 17 > 198 135 25 < 120 607 305 < 303
152 25 > 167 254 210 < 47 870 20 > 800
Сергіту сәті
№6 Қиықшадағы жазылған сандарды бос орындарға қойып, өрнектің мәнін тап. Тура теңдік құрастыр.
4
3 = ▪ = 24
21
20
18
28
15
32
12
36
16
21

Кім көп теңдік құрастырды? Оқушыларға құрастырған теңдіктерін оқыту.
ІІІ Ой толғаныс
Тура теңдіктерді сәйкестендір. «Әрқайсысына затын табуға көмектес»
Тест тапсырмасы
Іс-әрекетті қорытындылау.
-Қандай мысалдарды шешіп үйрендіңдер?
- Мысалдарды шешуге не көмектесті?
- Мақсатқа жеттіңдер ме?
Үйге тапсырма
№2, №3 /ә/ 31 бет
Бағалау: бағалау парақтары бойынша жүргізіледі
Кері рефлексея: «Көңіл күй» оқушылар сабақтан алған әсерлерін білдіреді