?ызы?ты грамматика. Ашы? саба?. М?тін т?рлері



Сабақтың өтілу сызбасы.
Үйге тапсырма
Бағалау.
Ұйымдастыру кезеңі
Ой қозғау



Қорытындылау
кері байланыс
топтастыру
Үй тапсырмасын пысықтау


Ой толғаныс
әңгімені бірлесе жазу стратегиясы
ойсергек
Сабақтың тақырыбы мәтін түрлері


Мақал мәтел
Дәптермен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері
Сабақтың мақсаты: Мәтін түрлерін ажыратуға, оның түрлеріне қарай шағын мәтін құрастыруға дағдыланады.
Дамытушылық. Өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, сөздік қорын кеңейтуге
мүмкіндік жасалады.
Тәрбиелік . Бір-бірінің ойын тыңдауға, ұсыныс айтуға, бірлесіп жұмыс
істеуге үйренеді.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдіс тәсілдері: талдау жинақтау, ой-тұжырымын жасау.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру сабағы.
Алғы шарттар (Пререквизиттер)
А) оқушылар мәтін дегеніміз не, оның сөйлемнен айырмасы болатыны, мәтін тақырыбы бойынша, яғни белгілі бір тақырып бойынша мәтін құра алу қабілеті болуы керек.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Топтарға бөліну
Ойсерек. Сабақ тақырыбын тақтаға
ребус арқылы шешуге беріледі.
Оқушылар ортада шаттық шеңберін құрады.
Алтын күннің ашық аспан астында
Жарқырайды Бәйтеректің күмбезі
Еліміміздің желбіретіп көк туын,
Биік шыңнан көріне бер жас ұлан.
Оқушылар үш топқа бөлінеді
I-топ Сипаттау
Ұраны. Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы
II – топ Әңгімелеу
Ұраны Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ
III – топ Пайымдау
Оқу инемен құдық қазғандай.
Үй тапсырмасын пысықтау
Ортаға кубизм тасталады.
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін неше бөлімнен тұрады?
Мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын айт?
Мәтін атауы не деп айтылады?
Мәтіннің құрылымы дегеніміз не?
Мәтінді қалай құру керек?
Негізгі ойы

Тақырып
Түрлері
Мәтін


Бөлімдері
Мазмұны

Мәтін туралы не білдім?
Сөйлемнен
құралатыны Мәтінде бір ой айтылатыны Мәтінде
сөйлемдер байланысатыны
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
«Сөз құра, көп құра» дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға әріптер жазылады.
Қ, ү, м, а, ш, л, р, ы, к, ғ, й, т, е, і ,ә, н, г, п, б, с, д, з, ж. Оқушылар осы әріптерді қатыстырып бірнеше сөз құрайды. Құрастырған сөзде неше дыбыс неше буын бар. Бір сөзге дыбыстық талдау жаса. Осылайша балалар дыбыс және әріп туралы алған білімдерімізді пысықтаймыз.
Жаңа тақырып: Мәтін түрлері
Балалар Мәтін дегеніміз ауызша немесе жазбаша ойды жеткізу мәтін бірнеше сөйленен құралады. Мәтін сөйлемдерді бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады. Мәтін бірнеше бөлімнен құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады. Және жаңа жолдан бастап жазылады. Мәтіннің басталуы, негізгі бөлімі және соңы болады. Мәтіннің үш түрі бар.
Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады.
Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады.
Оқиға құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады.
Әңгіменің әр бөліміне қойылған ат мәтіннің жоспары болып табылады.
1-тапсырма.
Шығармашылық жұмыс:
. I-топ. Сипаттау
Біздің торы құлын
Жағы қалақтай,
Мойны садақтай,
Төбесі жұлдыздай
Жүні құндыздай,
Жалы жібектей
Саны білектей
Көзі моншақтай
Құйрығы шашақтай
Өзі жұп-жұмыр
Ерні жып-жыбыр
Даусы шіп-шіңгір
Басы құп-құлдыр
Жұтынып жүруші еді
Бұлтиып тұрушы еді
Өлеңде берілген теңдеу сөздерді пайдаланып, «Менің құлыным» деген тақырыпта сипаттау мәтінін жаз.
II-топ. Әңгімелеу.
Сурет бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.
III-топ. Пайымдау.
Кітап туралы өлеңдерді оқы. Кітап оқудың пайдасы туралы пайымдау мәтінін жаз.
Кітап та – алма ағашы,
Жемісін біздер көретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты.
Бәрін, бәрін білесің
Оқи берсең кітапты
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға көп оқимын
Кітап көрсем жаңадан.
Ойсергек:
Сабақ тақырыбын тақтаға ребус арқылы шешуге беріледі
Сергіту сәті: Қара жорға.
2-тапсырма.
Балапанды құтқарайық.
Бізде қызық ойын бар
Ал ықылас қойыңдар
Қане тәртіп сақтайық
Баспалдақтан аттайық
Ой ойлаудан қашпайық
Жүлделі болып қайтайық
I-топ. Сипаттау.
Дыбыс таңдау ойыны.
Шарты: Таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу.
А,п,р,л,ы,д,с,т,о,у,е с.
II-топ. Әңгімелеу.
Адасқан әріптер ойыны.
Шарты: Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
А,н,ж,р,у,а
І,т,к,п,а,
Н,ә,і,м,т
Р,ө,д,с,е,з,
А,ш,ғ,а
III-топ. Пайымдау.
Кім тез табар.
Берілген әріптерден мақал құрастыру.
а ы о і у л ы б ғ
м з қ і Жауабы:(Оқу білім қазығы)
3-тапсырма.
Берілген сөздер тобынан сөйлемдер құрастырып, оларды мәтін болатындай ретімен жаз.
Толтырды, тас, ішіне, ол, құмыраның
Су, қарғаның, келді, ішкісі
Құмыра, құйылған, аулада, тұрды, су
Суды, ішті, қарға
Көтерілді, құмырадағы, су
Түбінде, құмыраның,еді, су, ғана
4-тапсырма. Жалғасын тап ойыны.
Ұяда не көрсең
(Ұшқанда соны ілесің)
Игіліктің ерте
(кеші жоқ).
Ел іші- (алтын бесік)
Бірлік бар жерде жерде(тірлік бар).
Адамдықтың белгісі (иіліп сәлем бергені)
Ердің атын (еңбек шығарады)
Отансыз адам-(ормансыз бұлбұл).
5-тапсырма. Сөз құрастыру ойыны.
Берілген сөздерден жаңа сөздер құрастыру керек. Мәселен:
Кемпірқосақ, Бейбітшілік, Еңбекқорлық.
Қорытынды:
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені ол біздің екінші үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді. Ара бал беретін қанатты жәндік. Ол гүл шырынымен қоректенеді. Араның шаққаны улы болады.
Лашын жыртқыш құс. Оның арқасы көк сұр. Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді. Көзі дөп-деңгелек, қап-қара. Қанатты ұзын және сүйір. 1 Жаздың келуі
2 Оқушылардың демалысы
3 Лагерьде
Бағалау. Оқушыларға «Мәтін түрлері» тақырыбына «Бестармақ» жазу 5 жолдан тұратын ұйқас өлең жазуға тапсырма беріледі.
Не? Мәтін түрлері
Қандай? Жазбаша, ауызша
Не істейді? Құрастырады.
Әрекет Байланыстырады.
Ой қорытындысы: Мәтін ол – тамаша
Үй жұмысы: «Менің жақсы көретін ойыным»-атты тақырыпқа мәтін құрып, жазып келуге тапсырма беріледі.
Кері байланыс: Оқушылардан сабақ туралы пікірлерін келесі сұрақтар арқылы айқындаймын.
Сабақ ұнадыма?
Бүгін біз не үйрендік және бұл білімді қалай қолданамыз?
Топ ішінде қалайша жұмыс жасадыңдар?
Бір-біріңе көмектесе алдыңдарма?