Разработка по Казахскому языку ?алау рай
Күні: 4 наурыз.
Пәні: Қазақ тілі факультатив
Сыныбы: 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Қалау райСабақтың мақсаты: Қалау райдың жасалу жолдарын үйретіп, оның ерекшелігіне оқушылардың назарын аударуБілімділік: етістіктің рай категориясын топтастыра отырып, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы қалау райдың жасалу жолдарын игерту.Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сауатты жазуға өз ойларын еркін жеткізе білуге, шығармашылыққа баулу.Тәрбиелік: өз ана тіліне деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке, адам бойындағы асыл қасиеттерге тәрбиелеу.Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер, интерактивті тақта, дидактикалық материалдарСабақтың түрі: жаңа сабақ.Сабақтың әдіс - тәсілдер: СТО технологиясы, доп қағу ойыныІ. Ұйымдастыру кезеңіСыныпты түгендеу, оқу құралдарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аударуІІ. Қызығушылығын ояту. Топтық жұмыс«Галереяға саяхат» Тақтаға ашық рай, шартты рай, бұйрық рай деп жазылған плакат ілінеді. Үш топқа үш түрлі маркер беріледі, берілген тақырып бойынша білетіндерін мысалдармен түсіндіріп жазып өту, қол шапалақтағанда уақыт бітіп, сағат тілімен айналып келесі топтың тапсырмасын оқып толықтыратындары болса жазады. Әр топтан бір - бір оқушыдан қалып жазғандарын қорғап шығады.ІІІ. Мағынаны тану.Ой қозғау.Етістіктің рай категориясы дегеніміз не?Рай сөзі қандай сөздермен мәндес келеді?.Етістіктің рай категориясын топтайықАшық райБұйрық райШартты райҚалау райБүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қалау рай.Қалау – ниет, тілек дегенді білдіредіСонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды, іс - әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді, бірақ беретін мағынасы нақтылы емес және белгілі бір жолдармен жасалады.Мысалы: Менің жақсы оқығым келеді.Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер игі еді..Қалау райдың жасалу жолдары.1. – ғы/гі; - қы/кі жұрнақтары және тәуелдік жалғауы жалғанып, кел көмекші етістігімен тіркеседі.Мысалы: Менің теледидар көр - гі - м келедіМенің Астанаға бар - ғы - м келеді.2. Етістікке – ғай/- гей; - қай/- кей жұрнақтары мен жіктік жалғауы жалғанып жасалады. Мысалы: Сен досыңа бар - ғай - сың.Ол тезірек кел - гей.3. Етістікке – ғай/- гей; - қай/- кей жұрнақтары жалғанып еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады.Мысалы: Мен оны көр - гей едім.Ол барғай еді.4. Етістіктің шартты рай тұлғасына екен сөзі тіркесіп, қалау рай жасалады.Мысалы: Анам қаладан кел - се екен. Мен оны жақсы біл - се - м екен.Енді қалау райының жіктелуіне тоқталайық ( кесте арқылы түсіндіру),Мысалдар келтіреді.Кестеге сүйене отырып 159 – жаттығуды орындау ( тақтамен жұмыс ).І топ: Көргісі келеді,ІІ топ: Орындағым келді.ІІІ топ: Жазғайсың158 - жаттығу. ( ауызша орындау)161 - жаттығу Етістіктерді тауып, оларды рай түрлеріне қарай талдау, морфологиялық талдау жасау және шығармашылық жұмыс жасау.І топ: 1. Армансыз адам алысқа бармас2. Әркім қолда барын ұсынады3. Ұлық болсаң, кішік бол (осы мақалдың мағынасы ашылатындай шағын эссе жазу)ІІ топ: 4. Көп ізденген адам көмбенің үстінен шығар.5. Балапан ұяда не көрсе,Ұшқанда соны іледі. (осы мақалдың мағынасы ашылатындай шағын эссе жазу)ІІІ топ: 6. Болар адам он бесінде бас болар,Болмас адам қырық бесінде жас болар7. Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер. (осы мақалдың мағынасы ашылатындай шағын эссе жазу)Доп қағу ойыны 1 - топ етістік айтып 2 - топқа доп лақтырады қағып алған оқушы сол етістіктен қалау райлы сөйлем құрайды сөйтіп 3 - топқа лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді. Мысалы: Ойна. Мен шанамен ойнағым келеді. Ол таза ауада ойнаса игі еді. Сен онымен ойнағайсың.ІҮ. Ой қорыту: «Ойлан, тап»1. Барлық шаққа ие болатын қай рай?2. І жақта айтылмайтын қай рай?3. Тәуелдік жалғауларын керек ететін қай рай?Ү. Сабақты бекіту:Етістік райының мағынасы және жасалу жағынан ерекше бір түрі ол – қалау рай екен. Өзінің аты айтып тұрғандай іс иесінің, іс - әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді.ҮІ. Оқушыларды бағалау.Топты бағалау, жеке оқушыларды сабаққа араласуына, жауап беруіне қарай бағалап өту.ҮІІ. Үйге тапсырма: Етістіктің райларын қамти отырып «Менің арманым» тақырыбында шағын шығарма жазу.