Поурочный план по предмету математика на тему Санды к?бейтіндіге б?лу (3 класс)


Тақырыбы :Санды көбейтіндіге бөлу.
Мақсаты:1.Оқушыларды санды көбейтіндіге бөлу тәсілімен таныстыру, есептеудің тиімді тәсілін қолдануды үйрету.
2.Математикалық ой-өрісін ,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3.Ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі : аралас
Типі: сайыс сабақ
Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ауызша есептеу, ой қозғау
Көрнекілігі:кестелер, текше, дөңгелектер, жұлдызшалар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Психологиялық дайындық.
Сабағымыз басталды,
Балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар,
Санауға зер салыңдар.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ойын тұрінде өтеді.
Қатар бойынша үш топқа бөлінеміз.
топ «Білгірлер,2-топ «Алғырлар», 3- топ «Тапқырлар». Әр топ өз тобына жұлдызжинау керек. Қай топ көп жұлдыз жинаса сол топ жеңіске жетеді.Сары –өте жақсы, қызыл- жақсы ,жасыл- орташа.
2. Үй тапсырмасын тексеру:№12 Әр топ өздері шығарған мысалдарын оқиды.
3.Жан-жақты тексеру .1- кезең «Ой толғау» Әр топқа үш-үш тапсырма беріледі.
90*20 60*30 40*70
700*30 500*40 200*80
180 :90 1900*300 1600*400
180 :90 270:30 420:60
4900:700 4500:500 2400:400
64000 : 8000 81000 : 9000 72000 : 8000
Мақсат қою:Мына жазулар нені білдіреді? 420: (6*7)
IV. Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
2-кезең «Сиқырлы кубизм» Топ басшылары келіп текше лақтырады.Қай санға түссе сол санмен нөмірленген жазба бойынша санды көбейтіндіге бөлу тәсілін түсіндіреді.420 : ( 6*7) 420:6:7
420 :7 : 6
Ережемен жұмыс жүргізу.
V.Жаңа сабақты бекіту.3-кезең «Бәйге».
Тақтамен жұмыс.
50000:(1250*40) 2.72000:(800*90) 3.56000 : (700*80)
7110м : 3 50240см : 40 8240м*2:2
1880м*3:5 856200сағ:200 903000 мин : 300
4-кезең .Сергіту сәті. «Құстар» аттарын үш тілде айту.
VI.№3 Жұптық жұмыс, ауызша .№5 Есепті талқылай отырып ,өз беттерімен шығару.
5- кезең. «Кім жылдам?» Деңгейлік тапсырмалар.
Сары- күрделі Қызыл –жеңілдеу жасыл -жеңіл
264000:у=300 50400:х=900 2010 : х =30
а=6 d=5 S-? P-? а=3 d=5 S-? P-? №7
VII.Сабақты қорытындылау. Бүгін не білдік?Санды көбейтіндіге қалай бөлуге болады?
VIII.Үйге тапсырма.№ 4 №9
IX.Бағалау. Жұлдызшаны санай отырып жеңген топты анықтау.