?ара?анды ?аласыны? 80 жылды? Мерей тойы 
  Сабақ тақырыбы: Қарағанды қаласының 80 жылдық  Мерей тойы.
 Сабақтың мақсаты:
          Білімділік: Қазақстан Мемлекетіміздің қаласы Қарағанды қаласы туралы толық мағлұмат беру. Қарағанды қаласының  мәдени орындарымен,байлығымен таңыстырып өту
          Тәрбиелік мәні: Отаңымызға деген,туған өлкеге ,елімізге деген сүйіспеншілікті,патриотизмге  тәрбиелеу.
           Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздену,сұрақ-жауап,
           Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы,слайд-шоу,интерактивті тақта.
           Сабақ  барысы:
Тәрбиеші: Армысын  алтың күн
                   Армысын  көк  аспан                   Армысын жер –Ана                   Армысындар  қонақтар!
                   Балалар біз қай Республикада тұрамы
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз
 Біздің Президентіміз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:Қазақстан рәміздерін кім айтып береді?
Балалар: Туы,Елтаңба,Әнұраны бар.
Тәрбиеші: Балалар мынау біздің Қ.М.картасы бұл каратаның кіндігі Астана
                   Астана туралы не білесіндер?
Балалар: Астанда Бәйтерек,Ханшатыр  және т.б.
Тәрбиеші:Біз қандай қалада тұрамыз?
Балалар: Қарағанды қаласында тұрамыз.
Тәрбиеші: Қарағанды қаласын картадан көрсетеді
                   Қарағанды қаласында көмір шығарады.ол жылу- отын береді                   Балалар біздің  Қарағанды қаласының туған күні ол 80 жас мерей тойын тойлайды. Біз қаламызға арнап өлең айтып берейік.
Ән: «Домбырам», «Қобыз»
Тәрбиеші: Балалар Қарағанды қаламыздың қандай ғимараттарың білесіндер?
Балалар: Спорт кешені, С.Сейфуллин атындағы мәдениет үйі,Саябақ.
Тәрбиеші:Жарайсындар балалар. Сендердін дайындаған тақпақтарыды айтып беріндер:
Ансар: Қарағанды қаласы
             Көмір жолы даласы             Адамдары ажарлы             Балалары базарлыАйбике: Қаламыз тамаша               Құлпырады жаңаша
               Күннен күнге көркейіп,
               Қуанамыз балаша.
Нұрасыл: Жазық дала айнала                  Туған байлық өр төсі.
                  Бұл көмірдің өлкесі
                  Біздің қала бай қала!
Алия: Қарағанды қаласы
           Аты мәлім баршаға
           Жылу көмір беретін,
           Мәлім аты баршаға.
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар!
                  Біздің қаламыз Қарағанды ,ол бізге жылу береді өзінің жылуымен күннің көзіндей,сәулесіндей бізді жылытады. Біз оған ризашылығымызды білдірейік,туған күніне сыйлық сыйлайық.
                  /Күн сәулесіне күн шуақтарың  жабыстырады/
                  Осы Күнді  сыйға тартайық.
Тәрбиеші сабақты қорытындылап,балаларды мадақтайды.