По педагогике на тему: ?лтты? т?лім -т?рбиені? жалпы негіздері
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тәлім -тәрбиенің жалпы негіздері
Сабақтың мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан,ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Білімділік:салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуге ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын тәрбиелеу.
Дамытушылық: ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы адам құндылықтарын дамыту.
Тәрбиелілік: парасатты,ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа сабақты бекіту.
Сабақтың түрі: жарыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау, сематикалық карта, ойын.
Пәнаралық байланыс:этнопедагогика,педагогика,өзін-өзі тану.
Көрнекі құралдар:фильмнен үзінді,аудио таспа,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Адами қарым-қатынастағы әдептіліктің белгісі-амандасу. Ендеше біз бүгін әр елдегі амандасу түрі бойынша амандасып алайық.
Қазақстанда - бір-бірімен қол алысып амандасады
Италияда – құшақтасып амандасады
Бразилияда – бір-бірінің иығынан ұрып амандасады
Зимбабада – арқа қағысып амандасады
Никарагуада – иық қағысып амандасады
Шапалақтап ұрып, секіріп, төс қағысып
Біздің бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді.Алдыңғы сабағымызда біз түрлі-түсті асықтар арқылы топқа бөлінген болатынбыз. Әр топтың басшысы сайланған.Мен топтың жұмысын 15 балдық жүйемен бағалап отырамын.Сабақ соңында қай топтың балы көп болса,сол топ жеңімпаз аталып,сыйлыққа ие болады.
Ал топ мүшелерін топ басшысы 5 балдық жүйемен бағалап отырады.(асықтар арқылы)
ІІ Үй тапсырмасымен жұмыс:
Қызығушылықты ояту сатысы
Ұяшықтарға жасырылған деңгейлік сұрақтар:
А)Жеңіл сұрақтар (5 балл)
1 Ұлттық тәрбие дегеніміз не ?
2 Ұлттық тәрбиенің мақсаты?
3 Ұлттық тәрбие көздеріне нелер жатады?
Ә) Орташа сұрақтар (10балл)
1 Салт дәстүр және оның тәрбиелік мәні
2 Ырымдар мен тыйым сөздердің тәрбиелік мәні?
3 Халық ауыз әдебиетінің ұлттық тәлім тәрбие берудегі ролі
Б) Күрделі сұрақтар (15балл)
1. Қазақ ағартушыларының ұлттық тәрбие жөніндегі зерттеулері
2. Сәйкесін келтіріңіз.
1. Еңбек нәтижесін құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу мақсатында айтылған ырымдар мен тыйым сөздер: 1. Жалғыз ағашты жұлма, көкті жұлма, ағын суды ластама, т.б.
2. Мәдени-гигиеналық дағды қалыптастыру мақсатында айтылған ырымдар мен тыйым сөздер: 2. Отпен ойнама, оттан аттама, пышақты шалқасынан қойма, пышақтың жүзін жалама, т.б.
3. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен, ұқыппен қарауға тәрбиелеу мақсатында айтылған ырымдар мен тыйым сөздер: 3. Нан үстіне басқа зат қойма, нанды бір қолыңмен үзбе, нанды лақтырма, сыпырғышты тік қойма, қайта ашар есігіңді қатты жаппа, т.б.
4. Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында айтылған ырымдар мен тыйым сөздер: 4. Шелектегі суға ауызыңды батырма, бас киіммен ойнама, таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама, езуіңді керме, т.б.
5. Ырымдар мен тыйымдардың баланы қауіптен сақтандыратын түрлері: 5. Үлкеннің алдын кесіп өтпе, адамды айналма, адамға қарап түкірме, кемтар адамға күлме, жағыңа таянба, екі тізеңді құшақтама, т.б.
3. Сәйкес жауаптарын тауып ортадағы торға төменгі үлгіде орналастырыңыз.
1
2
3
4
5 Халықтық педагогика-тұлғаны
қалыптастыру арысында қолданылатын
әдіс-тәсілдер,яғни халықтың тәлім-тәрбие
тәжірибесі.
Халықтық педагогика тәрбие мен оқыту саласындағы халықтың білімдері,іскерліктерімен дағдыларының жиынтығы.
Халықтық педагогика –ата-бабалардың тәрбиесіндегі озат ұлттық әдет-ғұрыптардың және салт дәстүрлердің жиынтығы.
Ұлттық тәрбие –баяғыдан сыналып,көп буын қолданып келе жатқандықтан әр бір тәрбиеші баланы ұлттық тәрбиемен тәрбиелеуге міндетті.
Халықтық педагогика- тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне халықтың көзқарасы,білімі және тәжірибесі,ғылыми педагогиканың саласы . 1-А А. Қ.Жарықбаев
Б. С.Қалиева
С. М.Жұмабаев
Д. С.Т.Виноградов
Е. С.Жанұзақова
Дұрыс жауабы: 1-Д; 2-Е; 3-Б; 4-С; 5-А;
ІІІ Мағынаны ажырату:
1-топ: салттың бір түріне арналған тәрбиелік шараны көрсетіңіз.
2-топ: дәстүрге арналған мерекелік шара жоспарын құрыңыз
3-топ: ұлттық тәрбие негізі – ырым- тыйымдар жинағын әзірлеп,мағынасын түсіндіріңіз.
4-топ: ұлттық тәрбие көзі-мақал-мәтелдер жинағын жасап,мағынасын ашыңыз.
Сергіту сәті: «Поезд»
Мақсаты:психологиялық және физикалық қысымнан арылу
Шарты: алдымен 1-ші 2-ші деп саналу керек.Біріншілер алақанмен 1 шапалақ аяғымен 2тоқылдату;Екіншілер 2шапалақ 1 тоқылдату.Қозғалыс кезекпен қайталанады: 1-ші ,2- ші,1-ші,2-ші.Осылай поезд доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді.
ІV.Фильмнен үзінді көрсету,талдау.
V.Ой толғаныс.
Шығармашылық жұмыс: «Жас ұрпақтың бойына ұлттық тәлім –тәрбие беру жолдары»
VI. Сабақты қорыту.
«Тәуелсіздік шежіресі»интеллектуалды сұрақтар:
1.Қ.Р тәуелсіздігі қай күні жарияланды?
2.Тұңғыш Қ.Р Президенті қай жылы сайланды?
3.Қ.Р. конституция күні
4.Қ.Р. рәміздері қай жылы жарияланды?
5.Қ.Р. әнұран авторлары кімдер?
6.Қ.Р. елтаңба авторлары?
7.Қ.Р. туының авторы?
VII.Үйге тапсырма: «Тәуелсіздік –тұғырым» тақырыбында тәрбиелік шара жопарын құру.
VIII.Бағалау.Топ басшысынң бағалауы,оқытушының бағалауы.
Жеңімпаз топты марапаттау.