?ыс мезгілінде жолда ж?ру ережелеріне арнал?ан ашы? саба?


Тақырыбы: «Абайла, мұзды жолдардан!»Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінде жолда жүру ережесімен және қыс мезгіліндегі жол белгілерімен таныстыру. Қыс мезгіліндегі адам өміріне қауіп төндіретін жағдаят түрлерін ажыратуға дағдыландыру.Оқушылардың ойларын жүйелі әрі шапшаң жеткізуге үйрету.Әдісі: Ертегі көрінісі, ойындар, жаттаулар, сұрақ жауаптар, өлеңдерКөрнекілігі: Плакаттар, шарлар, бағдаршам, суреттерҰйымдастыру
КіріспеБалалар барлығымыз шеңберге тұрайық бүгін бізде ашық тәрбие сағаты өтіледі біздерге қонақтар келіп отыр, қонақтарымызбен амандасайықАрмысың қайрымды аспан атаАрмысың шұғылалы күнАрмысың мейрімді жер анаАрмысың қонақтарАрмысың достарым Сендерді көргеніме қуанамЕртегілер еліне саяхат ( сахналау)Мұғалім: Балалар ертегі көргілерің келемеБалалар: ИаМұғалім: Олай болса «Бауырсақ» ертегісін тамашалаймызБаяғыда кемпір мен шал болыпты. Шал қарны ашып:- Ау кемпір, қарным ашты, бауырсақ пісірші, - дейді - үйде ұн жоқ, - деп жауап береді кемпір.-Қаптың түбін қағып –қағып пісір, - дейдіКемпір солай жасайды. Бауырсақты пісіріп, суыту үшін терезе алдына қояды.Терезе алдына отырып, Әдемі, биік үйлерге, машиналарға қызыққан бауырсақ жақындап көрмекші болып, терезе алдынан секіріп түсіп, домалап, домалап келе жатса, алдында доп жатыр екен.Бауырсақ: Көшенің дәл ортасында сырғанақ ойнауға болады ма?Балалар: Көшенің дәл ортасында сырғанақ ойнауға болмайды.Домалап келе жатат алдында коньки жатыр екенБауырсақ: балалар жолда велосипет тебуге болама?Балалар: Жолдың үстінде коньки тебуге болмайдыДомалап келе жатат жолдың арғы бетіне өткісі келедіБауырсақ: балалар мен жолдың арғы бетіне өткім келеді қай жерден өтемін?Жол өте сырғанақ екенБалалар: Адамдар өтетін жолмен, ала жолақ сызық арқылы өтеміз. Бірақ олар қыс мезгілінде көбіне көріне бермейді, сондықтан, аяңжап асықпай, мысықша ізбен, қолыңды қалтаңа салып жүрмей, екі қолыңды екі жаққа тең жіберіп тепе-теңдік ұстап жүр.Тағыда домалап бауырсақ аялдамаға келедіБауырсақ: балалар автобусқа мінерде нені ескеруім керекБалалар: Автобус тоқтағанша алдынан шықпаймыз,түскесін артынан айналып өту керек. Және қыс мезгілінде аялдама маңы қаттысырғанақ болады. Сондықтан асықпай жүріп кел, әйтпесе тайып құлап бір жеріңді зақымдауың мүмкін.
Мұғалім балалар жол ережесін жақсы менгерген екенсіңдер, сендердің көмектеріңнің арқасында бауырсақ балабақшаға жол тауып келдіОқушыларды 4-топқа бөлу
1-топ «Бағдаршам»
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
2-топ «Жол белгілері»
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл!
3-топ «Жүргізуші»
Топ ұраны: Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік!
4-топ «Қиылыстар»
Топ ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен!
Негізгі бөлім
«Бағдаршам»
1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрейік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.
2-оқушы Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер Д. Найт болған. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
3-оқушы Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
4-оқушы Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицейқаза болды да, содан соң жарты ғасыр бойы ұмыт болды.
5-оқушы Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк т.б. қалаларда пайда болды. Тек екі түсті ғана. Қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастапқана үш түс қолданыла бастады.
6-оқушы. Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылыМәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
«Жол белгілері»
1-оқушы
Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең
Тартар жолың бұлыңғыр.
2-оқушы
Өзі қызыл үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші жаяу да,
Жолы болып сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
3-оқушы
Мен бәріне әрқашан тиым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермейтін бір адым,
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың?
4-оқушы
Белгімін көрсетер жылдамдықты, бағытын
Ой, шұңқыр, бұрылы, қатерді қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
5-оқушы
Баратын сапардың қашығын, тұрағын.
Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.
6-оқушы
Ең қатаң белгі мен боламын,
Жол тайғағын хабарлар,
Тайғақ жолда абай бол
Рульді текке бұрамай.
«Жүргізуші»
1-оқушы:
Жол ережесін білу өміімізді қауіп-қатерден сақтайды.
2-оқушы:
Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет.
3-оқушы:
Есігінен артқы көлікке сен мінгін,
Дәл осы сәттен құлағыңды тіккін.
4-оқушы:
Кезекте сен әлгі
Артқы есіктен кіргін,
Енді есіктен алғы түсеріңді білгің.
«Қиылыстар»
1-оқушы:
Жолдар қиылысында
Қалтарысып қысылма,
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа оны.
2-оқушы:
Бос болмаса алайда,
Сақтық жаса абайла,
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тұр тосып.
3-оқушы
Ирек-ирек көшелер
Көше деген мың ирек
Қиындыққа әйтсе де
Үйренесің біртіндеп
«Бағдаршам» ойынын ойнау
Алдын ала дайындалып қойған бағдаршам көздерін көресетеміз сол арқылы оқушылардың жинақылығын тексеру
Жасыл түс – жүргендей аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
Сары түс – барлығы қол шапалақтайды.
Қызыл түс жанғанда – барлығы қозғалмай тұрып қалады.
Мұғалім Балалар бізге қонақ келе жатырЖол сақшысы: Сәлеметсіңдерме балалар!Мұғалім: Балалар бұл кім?Балалар: Жол сақшысыЖол сақшысы: Мен көшеге сақшымынБолсын жұртқа жақсы күнЖолы болар әрқашанТәрбиесі жақсыныңБалалар мен сендерге жұмбақ жасырам ал сендер жауабын айтыңдарБір дәу тұр үш көздіОған жас-кәріміз Бағынамыз бәріміз (Бағдаршам)Жол сақшысы: жарайсыңдар балалар. Балалар сендер жол ережесін білесіңдермеБалалар: ИаЖол сақшысы: Бағдаршамның қай көзі жанса тоқтаймыз?Балалар: бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймызЖол сақшысы: ал балалар қай көзі жанғанда дайындаламыз?Балалар: сары көзі жанғанда дайындаламызЖол сақшысы: ал қай көзі жанғанда жүреміз?Балалар: жасыл көзі жанғанда жүреміз
Жол сақшысы: Жақсы жол белілерін жақсы біледі екенсіңдер. Бірақ қазыр жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Жол сақшысы: Ал қыста жол жүру ережесі туралы не білесіңдер?
1-оқушы
Көліктер көп жерлерде ойнамаймыз шананы
Жол тайғақта өтуге қарт пенен жас баланы
Көмектесіп мен оған
Жолдан өткізіп аламын.
2-оқушы
Абайлап мұзды жолдардан,
Жүгірмей баппен өтеміз,
Шанамен жолда ойнамай
Жол шетіне көшеміз.
3-оқушы
Тайғанақ дала, жолдар да
Өтеді көлік сырғанап,
Бірақта мен көлікпен
Жүгіріп, жарыспаймын да.
4-оқушы
Жол тәртібін есте сақтап,
Аман-есен жүрсек егер,
Үлкендердің бәрі мақтап
Ақылды бала деп білер.
Жол сақшысы : жарайсыңдар балалар сендер жол ересін жақсы біледі екенсіңдерҚорытындылау
Қыс мезгіліндегі жол тәртібін жадымызда сақтап жол ережесін жадымызда сақтап, аман-есен жүрейік. Осымен «Абайла мұзды жолдардан» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.