?дебиеттік о?у. Та?ырыбы: Найзатас (3сынып)
Сабақтың тақырыбы: А. Манабаев. «Найзатас»
Сабақтың мақсаты: Әртүрлі ауызша, жазбаша жұмыс арқылы мәтіннің негізгі мазмұнын ашуға үйрету.
Күтілетін нәтижесі: Мәтін мазмұны арқылы ел, жер, ерлік туралы ұғымдарды бала жанына бекітеді.Сөйлеу тілі, ұшқыр қиялы дамиды.Туған еліне деген сүйіспеншіліктері «Болашақ ұрпақты қорғаймыз» деген бабалар сөзі арқылы оянады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Мәтін мазмұнына сай сюжетті сурет, оқулық, А-4 қағаз, кесте.
Әдіс-тәсілдер: «Болжау» әдісі, «Бағытталған оқу» әдісі, «Топтастыру», топпен жұмыс, диалог.
Сабақтың барысы.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Қызығушылықты ояту.
ІV.Мағынаны тану.
Сергіту сәті
V.Ойтолғаныс
VІ. Қорытынды
VІІ. Бағалау
VІІІ.Үй тапсырмасы
Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу.
Сабақ барысында біздің сақтайтын ережелеріміз. 1.Бір-бірімізді мұқият тыңдау 2.Топ мүшелерімен ақылдасу 3.Бағалау кезіңде шынайы болу
Оқушылардан үйге берілген тапсырма «Байлық тұмасы» өлеңдерді сұрау. «Иә, жоқ» кестесін толтыру.
-Бүгінгі сабақта қандай баға алғыларың келетіні туралы ж/е оны қалай алатындарың туралы көздеріңді жұмып,қиялдап көріңдерші. –Адам қиялының ұшқырлығы арқылы не істеуіне болатынын білесің бе?
Мәтіннің тақырыбымен таныстыра отырып, «Болжау»әдісі арқылы:Найзатас, атасы, немересі, жалпақ жоңға шығу, жоңғар басқыншылары, Қаржау батыр, «Енді соғыс болмасын...», «қара тас»- осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып қандай мәтін құрар едің?
Енді мәтінді «Бағытталған оқу»әдісі арқылы оқыту. Бірінші бөлімді оқып болған соң -Атасы немересін қайда апармақшы екен? Әрі қарай не болады деп ойлайсың? -Олар қайда келді? Олар тұрған жерді көз алдарыңа елестете алар ма едің? Суреттеп бер.(Ауызша) -Атасының әжесі қандай аңыз айтып беріпті?
Қалай ойлайсыңдар, Қаржау батырдың арманы қандай болды екен?
«Қобыланды батыр» жырынан үзінді тыңдатқызу.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік.
Керек деректер беру: Аңыз әңгімелер – халық ауыз әдебиетінің жанры.Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сипаттағы көркем шығарма.Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузыңда аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен..........
«Мәтін туралы сенің пікірің» атты кестені топта талқылау арқылы толтыруды ұсынамын.
Топтарға тапсырма беру
-Сонымен, біз немен айналыстық, не үйрендік? -Қорытынды сөзге не айтасың?
Оқушыларға өздерін өздері бағалау ұсынамын. Қаншалықты шынайы бағалайтындарын сырттай бақылаймын.
Найзатас суретін салу.Тас бетіне қандай сөз жазар едің? Мәтінді оқу. Туған жердің қорғайтын әрбір талын Әнұранмен қарсы алған әрбір таның. Құрметтейтін тіпті оның көбелегін, Біз боламыз, о, Отан, жас ұланың!
Өздеріңе ұнаған түстерді таңдап 3 топқа бөлінеді.
Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп оқиды,бір-бірін «Бармақ» әдісі арқылы бағалайды.Кестені толтырады.
Сұрақтар Иә+ Жоқ-
«Мұнайлы ел-бай ел"келісесің бе? Мұнайдың түсі қара. Мұнай қатты зат па? Мұнай теңіз түбінде де кездеседі. Мұнайдан тұрмыстық қажетті заттар алынады. Мұнай суға төгілсе,оны жинап алуға болмайды. Мұнайдан зиян болуы да мүмкін. Топта талқылап, «Топтастыру» арқылы ортақ шешімдерін айтады.
Әр топ жазған мәтінді оқиды.
«Бағдаршам» арқылы бір-бірін бағалайды.
Мәтінді 3 бөлікке бөліп, әр топ бір-бір бөліктен оқып, сұрақтарға жауап береді.
Қаржау батырдың не армандағанын топта талқылау арқылы әр топ өз ойларын А-4 қағазға жазады. Жазған жұмыстарын оқиды.
Саптама – қонышы ұзын былғары етік Қаптал - таудың екі жақ қия беті. Босу – шұбырып басқа жерге еріксіз ауып кету.
Мәтінде не ұнады? Неден қатты әсер алдым?(не ұнады?) Не туралы тереңірек білгім келеді? Нені түзетемін н/е толықтырғым келеді?
І- топ: Қаржау батырдың ерлігін сипаттау.
ІІ- топ: Қаржау батырға хат жазу. ІІІ- топ:Мақал-мәтелдер жазу.
Топ бір-бірін «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
Сабақтың қорытынды сөзін шығарады.
Оқушылар өз-өздерін бағалайды.Себебін түсіндіреді.
Оқушылар күнделігін ашып, үй тапсырмасын жазады.