М?нелеп о?у сайысы Бірлігімізге бекем болып, т?уелсіздігімізді ту етейік (2 сынып)
Тақырыбы: «Бірлігімізге бекем болып, татулықты ту етейік»
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбие сағатының міндеттері: оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру;
оқушылардың жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;
оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Әңгімелесу:
«Ойланайық, пікірлесейік» айдарында төмендегі сұрақтарға жауап алынады.
1. Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ынтымақ түбі-береке деп айтуда қандай мән бар?
Құрметті Ұстаздар, оқушылар!
Бүгін 2 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы Қазақстан Ассамблеясына байланысты ұйымдастырылып отыр.
Ассамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды.
1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.
Асамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді.
Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.
Ал енді сайысымызды бастайық.
Алдымен әділқазылар алқасын таныстырып өтейін. Мектебіміздегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Айнұр Нұртаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Рая Искакова, бастауыш сынып мұғалімі Өмірсерікова Гүлжаһан апай .
2 «А» сынып оқушылары: Ормантай Асель және Түгел Бақыткүл.
2 «Ә» сынып оқушылары: Кенжебекқызы Аягөз, Мырзағали Нұрасыл.
2 «Б» сынып оқушылары: Бахит Нурилла, Ербол Қарақат .
2 «В» сынып оқушылары: Болат Ұлболсын, Нұрланқызы Назерке .
2 «Г» сынып оқушылары: Алпысбек Нұрдәулет және Сырғабаев Нұрислам.
Мектебіміздің кітапханашысы Гүлзипаш апай жаңа кітаптар жөнінде айтып өтті.
Енді әділқазылар алқасы шешім шығарғанша Ассамблея туралы слайдты тамашалаңыздар.
Ақмырза Нұрадиннің орындауында халық даналығына назар салыңыздар.
Әділқазылар алқасының шешімін тыңдайық. Сөз кезегі Өмірсерікова Гүлжаһан апайға беріледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына да үлкен қолдау білдірді. Бұл тарихи оқиғалар еліміздегі қоғамдық саяси және құқықтық ахуалға оң өзгерістер әкелгені баршамызға аян.
Қазақстан халқы Асамблеясы әр алуан этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Жалпы алғанда, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі ұлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс мәдениетінің фестивальдері, татарлар мен башқұрттардың сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, курдтар сияқты, т.б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.
Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Ақиқат» және «Мысль» журналдарының құрылтайшысы және де ассамблея жанынан шығатын «Достық - Дружба» журналы бүкіл елімізге таралады. Ассамблея ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.
Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.
Ассамблеяның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы болып табылады. Ал Ассамблея Кеңесі заң жобаларын сараптамадан өткізу, мемлекеттік тіл мен еліміздегі барлық халықтардың тілін және мәдениетін дамыту, жастардың бойында қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, БАҚ-пен тығыз байланыс орнату, халықаралық байланыстар жүргізу, әрбір этностың мәдени дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.
Қазақстан халқы Асамблеясы үнемі даму үстінде болатын тірі ағза іспетті. Оған дәлел бола алатын құжаттар 2002 жылы 26 сәуірдегі Президент Жарлығымен қабылданған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2011 жылға дейінгі даму стратегиясы және «қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже». Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі жетілдіру туралы Президент Жарлығына сәйкес Президент әкімшілігі мен облыс әкімдері аппаратының құрылымында Ассамблеяның жұмыс органы – хатшылықтар құру туралы нұсқау берілген. Ал бұл органдар өз кезегінде ассамблеяның барлық жұмыыстарының тиімділігін арттыруға үлкен септігін тигізді.
Ассамблеяның өткізген барлық сессияларда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударып отырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы үлгісінде Ресей Федерациясында, Қырғыстанда халық Ассамблеялары құрылды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да дараланып тұрады.
Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым болып табылады.
Қазіргі заман тарихының жылнамасы Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отыратындығын дәлелдейді. Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностың болашағы – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік.
Дайындау кезінде келесі мәліметтер қолданылды:
1. Ассамблея народа Казахстана: исторический очерк / Тугжанов Е.Л., Кан Г.В.,
Коробков В.С., Шаяхметов Н.У. – Алматы: Раритет, 2010. – 304 б.
2. «Бiз тұратын үй» - «Дом, в котором мы живём»
Павлодар: Типография Сытина, 2011. – 352 б.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – объективті қажеттілік. Этномәдени бірлестіктер
Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.
Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.
Сонда, Елбасы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.
Әділқазылар алқасының шешімі
№ Оқушының аты-жөні Сыныбы Ұпай саны
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Әділқазылар алқасының шешімі
№ Оқушының аты-жөні Сыныбы Ұпай саны
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Әділқазылар алқасының шешімі
№ Оқушының аты-жөні Сыныбы Ұпай саны
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10