Жолда ж?ру ережесін білесі? бе?
Күні: 26.12.15
Сыныбы: 1«А»
Тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің бе?
Мақсаты
Білімділік: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, ережелерді есте сақтауға үйрету.
Тәрбиелік: Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сана – сезімін, өзін - өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүріп тұруын дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, видиоролик
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздерме балалар!
-Қалдарың қалай?
-Көңіл күйлерің қалай?
-Біз бүгінгі тәрбие сағатында жолда жүру ережелерімен танысамыз.
-Оқушылар сендер қандай жолда жүру ережелерін білесіңдер? (Оқушылар атап шығады.)
-тәрбие сағатын бастамастан бұрын мынандай сөзжұмбақты шешіп алайық. Жоқ өзіңде бас та, ауыз, құлақ та. Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) Жарайсыңдар, балалар!Ендеше, бағдаршамға назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызда ойнайтын ойынның атты бағдаршам.
Өтілу барысы: Бұл сақшының үш көзді, Үш көзден ұқ, үш сөзді. Ашша сақшы үш көзін, Айтты деп ұқ үш сөзін Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып – деп сыныбызды үш топқа бөлейік.
1 – топ: Қызыл. 2 – топ: Сары. 3 – топ: Жасыл.
І Таныстыру. 1 – топ: Қызыл 2 – топ: Сары. 3 – топ: Жасыл. Қызыл тобы: Қызыл көзін ашқанда Сынық сүйем баспа алға, Сары тобы: Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл тобы: Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін жасқанба.
Мұғалім: Армысыздар, оқушылар.Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді. Сұрақ – жауап шешеу басталады. ІІ. Келесі сайысымыз «сұрақ – жауап». Қызыл тобына: 1. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? (Әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз) 2.Бағдаршамның неше көзі бар? (3, қызыл, сары, жасыл) 3. Балалар қай жерде ойнау керек? (арнайы алаңдарда) Сары тобына: 1.Жолаушылар деген кім? (кез – келген көлікке мінетін адамдар) 2.Жаяу адамның өтетін жолдындағы сызық? (ақжолақ) 3. Көлік күткенде қай жерде тұру керек? (аялдамада, арнайы белгілеген орындарда) Жасыл тобына: 1. «Жүргізуші» деген кім? (көлік айдайтын адам) 2.Автобус, троллейбус тоқтайтын жер? (аялдама). 3. Өмірімізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не? (бағдаршам)
ІІІ. Келесі сайысымыз «кім жылдам». Алдарынызға тапсырмалар жазылған карточка беріледі. Қызыл тобына: 1. су көлігі. 2. 20+20 3.автобу стоқтайтын жер. Сары тобына: 1. 4+4 2. жолаушы таситын көлік 3. бағдаршамның орысшасы Жасыл тобына: 1. 15+15 2. дайындықты білдіретін бағдаршам көзі 3. мектепте оқитын кім.
Мұғалім: Енді соңғы сайсымызда сөзжұмбақ шешу. Қызыл тобына: 1. Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ тоқта, жүр дейді. (бағдаршам) 2. Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді (машина) 3. Тақылдатып таңдайды. Егінді тез жалмайды. Дәнін берер тазалап. Өзі түкте алмайды. (комбайн)
Сары тобына: 1. Ала таяқ ұстаған. Жол тәртібін нұсқаған Өміріңді күзеткен. Ысқырығы күзеткен. (милиционер) 2. Көліктің қаншасын жанынан өткізген. Іргеден басталып, алысқа жеткізген (жол) 3. Қанаты бар қақпайды. Аспанда тыным таппайды. (самолет)
Жасыл тобына: 1. Гүрілдеп жүреді. Жердің бетін сүреді. (трактор) 2. Күндіз – түні көше кезіп зулайды. Жолаушыға қызмет етіп тынбайды. (такси) 4. ҰзынАл балалар қазір барлығымыз көрініс тамашалайық7 «Бағдаршам шамдары арасындағы талас»
Бір күні бағдаршам шамдары арасында дау пайда болыпты. Олар өзара айтыса бастапты.
«Қызыл шам»- Мен мықтымын! Егер қаласам ,машина, адамдар,бәрі қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын.
«Сары шам» - Жоқ мен күштімін! Мен болмасам адам мен машина жүруге дайындала алмас еді.
«Жасыл шам»- Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін!деген сәтте бағдаршам сынып қалады. Осы сәтте полиция қызметкері келеді.
Полиция қызметкері: - Біз бағдаршамсыз қалай өмір сүреміз. Маған енді көп салмақ түсетін болды. Балалар мүмкін барлығымыз қосылып бағдармамның көңілін аулайық.
(Осы тұста оқушылар хормен мыңа өлең жолдарын айтады.)
Дауласуды қояйық,
Жарықтарды жағайық
Бағдаршам-ау,бағдаршам.
Достасып тату болайық.
Полиция қызметкері: рахмет,сендерге балалар! Сендердің арқаларыңда бағдаршам өз жұмысын жалғастыратын болады. Болашақта сендер жол ережелерін сақтауды ұмытпандар жарайма? Келесі кездескенше сау болыңдар!
Қорытынды:
Көрініс сендерге ұнады ма?қандай әсер алдыңдар? Сонымен, бағдаршам деген не? Бағдаршам бізге қандай көмек береді?
Оқушылар маған сендермен жұмыс жасаған ұнады.Сендер өте белсенді,ақылды екенсіңдер.Сау болыңыздар!