Сценарий 8 наурыз мерекесіне орай (3 сынып)


8 наурыз мерекесіне сценарий
Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.Аналардан туған небір даналар.Ана деген тіршіліктің тірегі,Армысыздар,қасиетті аналар!Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.Сіздерден өскен балаларБатырлар мен даналар.Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі балаларға беріледі.
Арман:Ақ сүт берген балаңаКүш - жігерін жұмсағанБұл өмірде жан ана
Сағындық:
Менің әжем, гүл әжемАлтын әжем, күн әжемАнам үшін мен үшінНағыз ана тілі әжем.
Максат:
Аспандағы айымсыңБақытыма балағанҚұтты болсын мерекеңАйналайын жан анам.
Нұрзада:
Аялаған анашым,Мәпелеген анашым.Менің саған тілегімҚартаймашы анашым
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармын,Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп «анашым қартаймашы»
атты әнін қабыл алыңыздар.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.Теңіздей тербетіліп көл бетінде,Бишілер билеп кетті тербетіле.Аққудай қалықтаған теңіздегі,Бишілер өнерлерін көрсетуде-алдарынызда «Би» Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.Өзің мына сыйға берген өмірдеАқ сүтіңді ақтап өту-арманым.Барша ана,құтты болсын мерекеңізӘрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ал енді сіздерге арнап жасалған сыйлықтарымызды тарту етуге рұқсат етініздір
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскенше,Осымен концертіміз аяқталды.Сау-саламатта болыңыздар!