8 наурыз мерекесіне орай КАЗЛОТО ойыны


«Ана- өмірдің гүлі»
8 наурыз мерекесіне орай КАЗЛОТО ойыны
1-жүргізуші: Жансултан
Біз жыл көлемінде түрлі мерекелерді атап өтуді әдетке айналдырдық. Сондықтан, бүгін де біз осы жерге ерекше күнді, Көктем мерекесі, Аналар, арулар, қыздар мерекесін атап өту үшін жиналдық. Бір сөзбен айтқанда, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін тойлайық деп жатырмыз.
 
2-жүргізуші:  Аружан
Халықаралық әйелдер күнін көктемнің алғашқы айының басында тойлайды. Ол кезде күн жерді жылытып, гүл-бәйшешектер гүлдеп, құстар келе бастайды
1-Жүргізуші: Жансултан
Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, аяулы әжелер, қадірлі ұстаздар бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арналады.
  Осы тәрбие сағатымызды «Казлото ойыны» ретінде өткізбекшіміз. Қош келдіңіздер!
Тамашалайық!
1-жүргізуші:
Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Әнжырымды қабыл ал аналарым!
 
Қуандық
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытгы балалар!
 
Мөлдір
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Жансултан
-Тағы да қош келіпсіз 5ә сынып ұйымдастырып отырған «Казлото » ойына .
Оның жүргізушілері мен Шапағатов Жансұлтан, Ғалымбекқызы Аружан және де біздің сынып жетекшіміз Айнур Дадашқызы .
Ойынның ережесін түсіндіріп жіберейік.
Мына сиқырлы қаптын ішінен сан суарамыз. Сол шыққан санның астында қойылатын номер шығады. Яғни мерекеге қандай сыйлық алатынызды суырған сан арқылы біле аласыздар. Ендеше ойынымызды бастайық!
Номер таңдайық!
Номер.... 80  8 -наурыз мейрамының тарихы
Ал, енді бұл мейрамның шығу тарихына тоқталайық.

Айнур Калбаева
1910 жылғы 27-тамызда Данияның Копенгаген қаласында өткен әлемдік ”Екінші Халықаралық Социал Әйелдер Конференциясында” немістің ”социал әйелі” Клара Цеткин әйелдердің құқын қорғау күнін белгілеуді ұсынды. Сол жолғы жиынның шешімімен 19-наурыз Әйелдердің құқын қорғау күні деп жарияланды. Алғашқы әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда және Швейцарияда 1911 жылы 19-наурыз күні шерулер ұйымдастыру арқылы аталып өтті. Келесі жылы 12-мамырға ауыстырылды. Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12-наурыз күні шеруге шықты. Дәл осы жылдың 2-наурызында Ресей мен Францияда, 9-наурыз күні Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Швейцарияда және Голландияда әйелдердің шерулері ұйымдастырылды.
Арай
1921 жылы КСРО-да Коммунистік әйелдердің екінші конференциясының шешімімен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні деп жарияланды. Бұл күннің таңдалу себебі, 1917 жылы 8-наурызда Петерборг қаласында Ақпан төңкерілісіне қосқан үлестері үшін сол кездегі әйелдердің ерлігі болатын.
1966 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығына сәйкес 1965 жылғы 8-наурыздан бастап Халаықаралық әйелдер күні Халықаралық әйелдер мерекесі және демалыс күн болып жарияланды.
1-жүргізуші: Жансултан
Осы мерекені 100 жылдан астам атап өтуімізге себепші болған осы ержүрек, батыл әйелдерге алғысымыз шексіз.
2-жүргізуші:  Аружан
-Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Мұғалім: Ал ендеше келесі номер таңдауға уақыт келді.
Алайық!

Номер .......
Номер ......... 15 Көрініс «Три мамы»-15
Аяулым Ж.
Жан анам, құтықтаймын мереке күніңмен.
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы.
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен
Алмас:
Құрметтейік, о адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Көрініс «Три мамы».
Орындаушылар:
ЖүргізушіТаня
АнасыАпасы 
Зал ортасында үстел, үш орындық тұрады. Бір орындықта қуыршық отырады.Үстелдің үстінде төрт тоқашы бар табаақ тұр.
 
Жүргізуші. АружанНаши дети так упрямы!
Это каждый знает сам.
Говорят им часто мамы,
Но они не слышат мам.
Танюша под вечер
С прогулки пришла
И куклу спросила:
 
Таня кіріп, орындықтағы қуыршағын алдына алып, орындыққа отырады.
 
Таня. Арай
Как, дочка, дела?
Опять ты залезла под стол, непоседа?
Опять просидела весь день без обеда?
С этими дочками просто беда,
Скоро ты будешь, как спичка, худа.
Иди-ка обедать, вертушка!
Сегодня к обеду ватрушка!
 
Жүргізуші. Аружан
Танюшина мама с работы пришла
И Таню спросила:
Анасы кіріп, Таняның жанына отырады.
 
Мама. Алтынай
Как, дочка, дела?
Опять заигралась, наверно, в саду?
Опять ухитрилась забыть про еду?
Обедать кричала бабуся не раз,
А ты отвечала: сейчас да сейчас.
С этими дочками просто беда,
Скоро ты будешь, как спичка, худа.
Иди-ка, обедать, вертушка!
Сегодня к обеду ватрушка!
 
Жүргізуші. Аружан
Тут бабушка — мамина мама — пришла
И маму спросила:
Әжесінің қолында балдағы бар, үстелге жақындап, үшінші орындыққа отырады.
 
Бабушка. Айым
Как, дочка, дела?
Наверно, в больнице за целые сутки
Опять для еды не нашлось ни минутки,
А вечером съела сухой бутерброд.
Нельзя же весь день сидеть без обеда.
Уж доктором стала, а все непоседа.
С этими дочками просто беда.
Скоро ты будешь, как спичка, худа.
Иди-ка обедать, вертушка!
Сегодня к обеду ватрушка!
 
Барлығы тоқаш жеп отырады.
 
Жүргізуші. Аружан
Три мамы в столовой сидят,
Три мамы на дочек глядят.
Что с дочками сделать упрямыми?
 
Үшеуі бірге. Ох, как не просто быть мамами!
Коріністен кейн
Мұхаммад :
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
1-жүргізуші: Жансултан
 -Біз мәңгілік сіздерге,аналар, борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы.
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен. -деп номер суырайық

Номер ...... 55. Бұл номердін астында Сыйлық-55
Сыйлық берер алдында .... оқитын өлең жолдары
Қуаныш: 
Анам менің аялап, әлдилеген
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған
Қамбар: 
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар-намысты сақтағанМен ананың сонысына мақтанам.
 
Мөлдір: 
Анашым алдыңызда қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан қашпағанмын
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаулаған шам-шырағы.
-Сынып атымыздан кішкене ғана сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар!!!   /Сыйлық тарту етіледі/
-Рахмет! Келесі суарылатын санның кезегі келді! Таңдайық!
Номер ...........
Номер 85...... Ән «Мама» 85
 /Әннің алдында айтылатын олен жолдары /
Мөлдір
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Айжан
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.
 
Айнур:
Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
 
Ән « Мама» орындайтын
Уагисаев Рамазан, Скендір Қуаныш, Қафиз Қамбар
Тамашалайық!
 
2 жүргізуші: Аружан
Рахмет! Номер суыратын уақытымызда келіп қалды!
Таңдайық!
Номер...... 35
Бұл санның астында қандай сыйлық тұр екен?
Ән «Ұстазым» 35
Әннің алдында:
Н. Аяулым
Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.
Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын.
Еске алғандай таң сайын ән ұранды.
 
Ән «Ұстазым» орындайтын Калбаева Айнур, Джанабаева Гаухар

1-жүргізуші: Жансултан
-Рахмет! Құрметті ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!
 
Ендеше кезек номерге ! Таңдайық!
Номер...... 20

20-орыс биі «Калинка»
« Калинка» бидін алдында
Кумисай:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
 
Нурсая:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
 Орыс биі «Калинка» 5ә топ оқушылары

-Номер таңдайтын уақытта жетті! Алайық!
Номер ...... 77
77 номердін астында қандай сыйлық тұр екен көрейік !
77- би «Снежинка»
«Снежинка» биі алдында Жансултан оқиды
Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!
-деп қыспен қоштасу биін қабыл алыңыздар! «Снежинка» биі
5ә сынып қыздары
Рахмет, қыздар!
Соңында
1-жүргізуші: Жансултан
Көктем мерекесі, Аналар, арулар, қыздар мерекесінде барлығыңызға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Жансултан: 
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!


2-жүргізуші: Аружан
- Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп Рахмет!
Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!