Ата-аналармен бірлесе ?ткізілген іс шара ойлау?а да,ойнау?а да, тойлау?а да дайынбыз (даярлы? сынып)


«Ойнауға да, ойлауға да,тойлауғада дайынбыз!»
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуТүрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал - мәтелдер, әр отбасына арналған слайд - шоуБарысы:Жүргізуші:Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің екі топтар арасында ұйымдастырылып отырған «Ынтымақты отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,Мол оның тал бойында ақыл санаКөркіне ақылы да сай келетін«Еркетай» тобы атты отбасы ортамызда.Қуантады білімімен бәріміздіҚол соғып қарсы алайық енді оны«Сәулетай»атты отбасы келіп қалдыТатулықты ту еткен отбасы бұлЖігітке ақыл, білім жарасадыНағыз ер халқыменен санасадыСайысқа бар күшімді саламын депЕкі топтың сайыскерін қарсы алайықСайыс кезеңдерімен таныстыру1. Таныстыру2. Өнер сайысы3. Мақал - мәтел сайысы4. Көңілді аспаздар (аналар сайысы)5. Сурет салу (әкелер сайысы)6. Балалар сайысыЖүргізуші: Келді міне бүгін сынауғаСыналып үлкендерден үлгі алуғаСалты бар өнерлі осы ортадаБерер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өту.І кезеңОтбасымыз келіп жетті танысуға,Сыпырды томағасын осы дұғаҚызып келген қырандай керілтедіӘдеппенен ізетпен танысуғаӘрбір отбасы өздерін таныстырып өтедіІІ кезеңКедеймін деп қысылмаӨнерің болса қолыңдаӨнерлінің ырысыЖарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.Әрбір отбасы өз өнерлерін көрсетедіІІІ кезеңШебер болсақ, тіл байып,Шешендіктер бір ғайып.Мақал - мәтел үйреніп,Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)4. Оқу - білім бұлағы (Білім - өмір шырағы)5. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)7. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)8. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)9. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)ІУ кезеңАна деген тіршіліктің иесінСыйлайтынын адал бала білесіңӨмір балын тамызар да ерніңеШымырлатып еріткен бар жүйесінКірпігімнің әр қағысын санағанКөз аудармай күндіз түні қарағанАйналамда жүргендердің біріненБар ма анамдай тірлігіме жараған дей келе келесі кезекті аналар сайысына береміз. Сайыс «Көңілді аспаздар» деп аталады.Аналарымыз ас мәзірін дайын қыламын дегенше тобымыздың әншілерін қарсы аламыз
У кезеңЫстық - ау кім - кімге де әке дегенСуыққа шалындырмай мәпелегенөмірдің соқпағымен өрге тартыпалдымен адам бол деп жетелегенЖас едім өмірге еркін бойламағанКүні ертең не боларын ойламағанШарықтап кетсем дағы қанат қағыпӨзіңдей қамқор әке қайда маған дей келе келесі кезекті әкелер сайысына береміз. Сайыстың шарты бойынша сайысқа қатысушы әкелеріміз белгілі бір уақытта кез - келген тақырыпқа сурет салып беруі қажет.Ән «КҮНГЕ ТАБЫНУ»Томиристің орындауындаУІ кезеңАна - бала, бала - ана бір ұғымБір - бірінсіз жоқ олардың бақытыОмыртқаның үзбеу үшін жұлынынЕкеуінің өтсін бірге уақыты дей келе сайысымыздың келесі кезегін балаларға береміз1. Теңге алу ойынын көрсетеді БЕЛДЕСУ ОЙЫНЫ2. Есептер шығару ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРБи кыздардың орындауында
ӘН «АТАМЕКЕН»Қорытынды: Әділ-қазыларға сөз береміз