Ашы? саба? Сурет салу


lefttopМаңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Атамекен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Авезова Бибихадиша Калдурдыевна
Сабақтың тақырыбы: Сурет салу және бояу, фотомонтаж, фотосуреттерді өңдеу және баспаға даярлау коллаж ,әсерлерді пайдалануСабақтың мақсаты: Оқушыларға бетперде қабатын қолдануға және фотомонтаж жасауды үйрету.Білімділігі: бетперде қабаты не үшін арналғанын; қандай жағжайда жылдам бетпердесі қолданылатындығын үйретуТәрбиелігі: логикалық ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағыСабақтың өту әдісі: сөйлесу, сөздік, көрнекі, практикалықСабақтың көрнекілігі: компьютер, топтама, тест тапсырмаСабақтың барысы:А)Ұйымдастыру кезеңіБ) Сабақ сұрауВ) БағалауГ) Жаңа сабақД)БекітуЕ) Үйге тапсырмаЖ) Қорытынды
Фотомонтаж дегеніміз - түрлі фотосуреттердің бөліктерінен құралған кескінді жасау үдерісі мен нәтижесі.
Егер сендер фотомонтажды механикалық әдіспен орындасаңдар, онда фотосуреттен жеке бөліктерін қиып алып, бір-біріне үйлестіріп, оны жаңа бетке желімдейтін едіңдер. Мұндай әдісті және оның қолдану нәтижесін коллаж деп атайды. Қткен сабақтағы тәжірибелі жұмыстарың коллажды жасаудың мысалы бола алады. Басқа нұсқасы: әртүрлі бірнеше негативтің фотосуреттерін басып шығарғанда фотомонтаж жасау , ол - тегі қабаттармен жұмыс істеуге ұқсайды.
Компьютерлік фотомонтаж үдерісі кезінде жеке бөліктердің масштабтарын түзету және олардың кескіндегі қатынасы, түстер мен ашықтықты таңдау ең күрделісі болып саналады. Сапасыз монтаждалған кескінде құрылған бөліктердің шеттері, ашықтық пен мен бөліктердің контрастылығындағы айырмашылық көрініп тұрады.
Монтаж кезінде әрқайсысы жеке қабатта орналасқан кекіннің көптеген үзінділері қолданылады.
Қабаттар сұхбатында қолжетімді бұйрықтарды басқа Файл → Қабат сияқты ашу бұйрығына қолданып, кескіннен қабат жасауға болады.
Қабатқа мағыналы атау беру мүмкіндігін шектемеңдер. Ол алдағы уақытта сендерге қабаттарда шатасып кетпеуге керек болады.
Жұмыс істеуге ыңғайлы мүмкіндіктері үлкен ерекшелеу құралдарының саны жеткілікті болғанына қарамастан, GIMP-те ерекшелеудің басқа ыңғайлы құралдары қарастырылған.
Қабат бетпердесі қарапайым бетперде сияқты, кескінді немесе оның бөлігін оның бөлігін жасыруға мүмкіндік береді. Бетпердені қолдану кескіннің бөлігін қалғандарына тимей-ақ жоюға көмектеседі.
Бетпердені қолдану кезінде ерекшелеу Ерекешелеу құралымен емес, сурет салу құралымен жүзеге асады. Бетперде сұр түспен кодталатындықтан, ақ бетпердеде қара түспен сурет ауданын түссіз етеді. Фонды ауыстыру үшін бетпердені қолдану мысалын қарастырайық.
Фонын өзгерту қажет кескінді ашыңдар.
Жаңа қабат жасаңдар, оның градиетті құюын орындап, төменге түсіріңдер.
Жоғарғы қабатқа қабат бетпердесін қосыңдар: қабаттың контекстік мәзіріндегі Қабаттар сұхбатында Қабат бетпердесін қосу бұйрығын таңдаңдар. Бетпердені қабаттың пиктограммасының жанынан көрсетіңдер.
Қара түстің жұмсақ қылқаламын алып, сурет салуды бастаңдар.
Егер нәтижесі сендерді қанағаттандырса, онда қабаттардың контекстік мәзірінен Қабат бетпердесін қолдану бұйрығын таңдаңдар.
Жылдам бетперде күрделі ерекшелеуді жасауға мүмкіндік береді және мысалы, фотосурет үшін жиектеме жасағанда жиі қолданылады.
Жылдам бетперде режіміне әртүрлі әдістермен өтуге болады: терезенің сол жақ төменгі бұрышындағы батырмасын шерту, Ерекшлеу → Жылдам бетпердені қосу бұйрығын таңдау немесе Shift+Q пернелерін басу арқылы .
lefttop Жылдам бетпердені Арналар сұхбатында көруге және редакциялауға болады. Сол жерде оны батырмасын шерту арқылы өшіруге болады.
Егер кескінде белсенді ерекшелеу болмаса, онда жылдам бетперде барлық кескіндерге қолданылады.
Фотосуреттің айналасына жиектеме жасау үшін келесі төмендегі орындалған:
Тік бұрышты ерекшелеу жасалды және төңкерілді.
Жылдам бетперде режіміне өту орындалады.
Сүзгілер → Бұрмалану → Толқындар бұйрығы орындалады.
Жылдам бетперде режімі өшірілген ьсоң ерекшелеу құюы орындалды.
V. Сабақты бекіту.
Таңдалған деңгейі бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау
VІ. Қорытындылау.
Тәжірибелік жұмыстың орындалуын тексеру, жұмыс барысында туындаған сұрақтарды талдау, шешу жолдарын ұсыну, оқушылар білімін бағалау
VІІ. Үй тапсырмасы
§17, сұрақтарға жауап беру, тәжірибелік жұмысты аяқтау.