К?нілді к?шік саба? жоспары даярлы? топ
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Сабақ тақырыбы:Көнілді күшік .
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:Балаларды әр түрлі көлемдегі цилиндрді біріктіру арқылы мүсіндеу жұмысын жасауды үйрету.
Міндеті:Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Керек құралдар мен материалдар:
Педагог үшін: Күшіктін суреті үлгі ретінде жасалған күшік,ермексаз,тақтайша,таяқша,қолорамал.
Балалар үшін:Жұмыс дәптері,ермексаз,тақтайша,таяқша,қолорамал.
Кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды жағы Жағымсыз жағы
Мотивацияқ кезең.
Ұйымдастыру кезеңі.
Рефлексия.
I.Шаттық шеңбері
Күлімде күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін
Кешегіндей бүгінде
Көңілді күн кешеміз..
II.жұмбақ жасыру
Жауабы:Күшік.
III.Сурет бойынша әңгіме.
Күшікті сипаттау.
IV.Жұмыс ретімен танысу.
-Ақ және қоныр ермексазды жұмсартамыз.
-Ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөлеміз.
-Домалақтау әдісі арқылы басын созып күшіктін басын келтірміз.
-Бірнеше бөлікке бөлінген ермексаздан мойның,денесін,аяқтарын,құйрығын сопақша құлақтарын келтіреміз.
-Дене мүшелерін орын-орнына біріктіреміз.
-Қара ермексаздан көзі мен мұрнын жасаймыз.
V.Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып,бір тұрып
Сәл тынығып алайық.
VI.Қорытынды.
Дайын жұмысты талдап,бағасын береді
Өз жұмыстарына тоқталып талдайды. Көңілді күйлерін көрсетеді.
Жауабын шешеді.
Сурет бойынша күшіктін дене мүшесін сипаттайды.
Жұмыс ретімен танысады.
Ермексазды жұмсартады.
Домалақтау әдісі арқылы басын келтіреді.
Мойының аяқтарын ,құлақтарын келтіреді.
Дене мүшелерін біріктіреді.
Қара ермексаздан көзі мен мұрның жасайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Сабақты бағалайды.
Күтілетін нәтиже: Бейненің сипатын ашық ұқыпты жұмыс істеу арқылы аша білу.
Білуі:Күшікті бейнесін мүсіндеу.
Игеру:Мүсіндердің әдіс-тәсілдерін
Меңгеру:Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.