Саба? жоспары. Ауылда(Даярлы? топ)
Алматы облысы Талғар ауданы Төнкеріс ауылы
Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №23 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Наурызова Набира Мырзабаевнаның даярлық тобындағы көркем әдебиет пәнінен сабақ жоспары
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ауылда.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: .Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын ,сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілетін дамыту.Ауыл, қала туралы түсінік беру.Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу. Сөздік жұмысы: /қармақ, күбі, едәуір/терминдерді түсіндіріп өту.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ауыл көрінісі,суреттер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Кіріспе әңгіме: Сұрақ-жауап:
Бүгін ауа райы қандай?
Айналада қандай өзгерістер бар?
Жылдың қай мезгілі?
Бір аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның қай күні?
Жазғы демалысты қайда өткіздің?
Ауыл (қала) сендерге несімен ұнайды?
Балалардың жауаптары.
3.Тыныштық сәті: Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғат дыбыстарын тыңдайды және көз алдына елестетеді. Көздерін жұмады.
Дала табиғаты қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдердің иісі аңқиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған даусы естіледі. Таза ауадан терең жұтайық. Көзімізді ашайық.
4.Дәптерменжүмыс: Н. Қадырбаевтың «Ауылда» әңгімесімен таныстыру.
Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?
Бейбарыс кімнің қасында болды?
Атасымен бірге не істеді?
Шолпан кімнің қасында болды?
Әжесі екеуі не істеді?
Бейбарыс корші балалармен қайда барды?
Шолпан әжесі екеуі қайда барды?
Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді?
Шолпан қайда кетті?
Бейбарыс ше?
5.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып,бір тұрып.
Орнымызға қонайық . (Қимылмен көрсетеді).
Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап».
Ойын шарты: Қаланың және ауылдың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.
6.Сабақты қорытындылау:
Балалар сендерде ауылға қонаққа барасыңдар ма?
Ауыл сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды.Сабаққа белсене қатысып отырған балаларды мадақтап, айрықша атап өту керек.
Алматы облысы
Талғар ауданы Төнкеріс ауылы
Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№23 жалпы білім беретін орта мектебі
Наурызова Набира
Мырзабаевна
Білімі-жоғары
Еңбек өтілі-14 жыл
Санаты жоқ.