«Шыны?амыз жастай біз, жал?аулы?ты тастаймыз» Ашы? ?йымдастырл?ан о?у іс-?рекеті


Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Шағала» ересек тобы
Білім аумағы: «Денсаулық»
Білім бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Шынығамыз жастай біз, жалқаулықты тастаймыз»
Мақсаты: балалардың денелерін шынықтыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру; балалардың қимыл – қозғалысын жетілдіру; балалардың дене белсенділігін дамыту, денелерінің түзу әрі сымбатты болып қалыптасуына жағдай жасау;
Міндеті: ептілікке, төзімділікке, достыққа, ұйымщылдыққа, шапшаңдыққа машықтандыру; салауатты өмір салтына баулу;
Көрнекіліктер: «шаңғылар», фитбол доптары, шелектер, көпір, гимнастикалық орындық, доға, сусындар қақпақтарынан жасалған массажды жолақтар, гимнастикалық жастықшалар;
Алдын-ала жұмыстар: фитбол доптарымен жалпы дамыту жаттығуларын жасау;
Билингвалдық компонент: тақтайша – доска; доп – мяч;
Инклюзивті әлеумет: баяу белсенді балаларды қажет жерде жетелеу;
Қызмет кезеңдері Мұғалім қызметі Балалар қызметі
Ұйымдастырушы – қозғаушы қызмет түрі Балалар музыка әуенімен залға кіріп, сап түзеп тұрады.
Таң сәріден тұрып ап,
Сәлем бердік сіздерге!
Сәлем саған, туған ел!!!
Қайырлы күн! Қайырлы күн!
Қош келіпсіздер, қонақтар!
Шеңбер бойымен сап түзеп, қол желкеде, аяқ ұшымен, қол белде, өкшемен, қол жанда, аяқ жанымен жүру, жүгіру. Аттар жүрісі, «үйрек» жүрісі, тыныс алу жаттығуы; Екі сапқа бөліну; Балалар нұсқаушымен бірге сергіту жаттығуларын орындайды.
Ұйымдастыру – ізденушілік Жалқаулықты тастаймыз,
Шынығамыз жастай біз!
Көңілді әуен сазымен,
Жаттығуды бастаймыз.
Фитбол доптарымен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:
«Айналтпақ» жаттығуы; б.қ. допта отырып, белді тік ұстап, қол шынтақтан бүгулі, шынтақты көтеру, төмен түсіру; 5 реттен
«Оңға, солға» жаттығуы; б.қ. допта отырып, қол белде, денені оңға, солға бұру; 5 реттен
«Бақа» жаттығуы; б.қ. доп алда, ішпен допқа жату, алға қарай иілу, қолдың көмегімен еденге тіреліп, серпілу арқылы қайта бастапқы қалыпқа оралу; 5 рет
«Ұлу» жаттығуы: б.қ. допқа ішпен жату, алға қарай иіліп, еденге ауысып, допты екі аяқтың ортасына қысу; 5 рет
«Бүгілу» жаттығуы; б.қ. допта отыру, екі аяқты алға созу; екі қолмен аяқ ұшына тигізу; 5 рет
«Секіру» жаттығуы; б.қ. допта отырып, бір орында секіру; 8 реттен
Майтабандылыққа қарсы профилактика:
Сусындар қақпақтарынан жасалған массажды жолақтар арқылы жүріп өту;
Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығулары:
«Шаңғышылар» жүрісі; - екі баладан бірігіп, тақтайшамен бір – біріне кедергі келтірмей жүру әдісі;

«Ходули» шелектерімен жүру; Балалардың аяқтарына төңкерілген шелектерді кигізіп, жүру әдісі;
Скейтборд тақтайшаларында ішпен жатып, екі қолмен алға қарай тартыла жылжу; Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Сусындар қақпақтарынан жасалған массажды жолақтар арқылы жүріп өтеді.
Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығуларын орындауға көшеді.
Жетекші – жөндеуші Қимыл – қозғалыс ойыны; «Кедергілер алаңы» Зал бойымен көпір, гимнастикалық орындық, доға, гимнастикалық жастықшалармен қатарластырылып, кедергілер орналастырылады. Балалар қатармен кедергілерден мүдірмей өтуі тиіс.
Тыныс алуды қалыпқа келтіруге арналған жаттығу: «Күн қуаты»
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде, қол шынтақтан бүгулі қалпында екі жанда, алақанды ашып, жоғары созу; дененің ауырлығын дененің оң жағына салу, мұрынмен терең тыныс алу, иықты көтермеу; дененің ауырлығын дененің сол жағына салу, мұрынмен ауыздан дем шығару; 3-4 рет;
ҰОІӘ – ні қорытындылау;
Балалар сап түзеген бойы залдан шығып кетеді. Қимылдық ойынды қызыға ойнайды.
Тыныс алуды қалыпқа келтіруге арналған жаттығуды орындау арқылы балалардың тынысы реттеледі.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: фитбол доптарымен жаттығу жасау әдістерін;
Қалыптасқан түсініктер: спортқа деген қызығушылығы, зейіні арта түседі.
Орындаушылық қабілеті: шапшаңдығы, ұйымшылдығы, төзімділігі шыңдала түседі.