2 сынып ?аза? тілі т?бір мен ?осымша


«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.М.Базарова
Күні:16.01.2017ж
Сыныбы:2 «А»
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Ниязбаева Н.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
277-281 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың түбір мен қосымша туралы білімдерін толықтыру.Сөздердің түбірі мен қосымшасын бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық:Сөздік қорын байыту.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілік:Өз елін мақтан тұтуға,еңбекқорлыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,СТО
Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпалар,семантикалық карта.
Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару,топқа бөлу.
Психологиялық дайындық - Кел, балалар ойлайық,Жазайық та, ойлайық.Қандай сұрақ болса да,Таппай оны қоймайық Ой козғау.- Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгiлi екенін көремiз? (Қыс)Жұмбақ жасыру.1. Қыста жер бетiн жабады, ал көктемде су болып ағады. (Қар)2. Тоңғақты таниды, беті қолын қариды. (Аяз)- Балалар, бүгiнгi сабақта бiз бәріміз «Бiлiм елiне саяхат» жасаймыз. Саяхатымыздың қызықтыболары анық.Үй тапсырмасын тексеру.- Үйге не берiлiп едi? (Түбір мен қосымша туралы ережесiн қайталап айту) олай болса, саяхатымыздың басы «Мектеп аялдамасынан» басталмақ. «Мектеп аялдамасы» сендердің бiлiмдерiңдi және үй тапсырмасын калай орындағандарыңды тексеру мақсатында «Бинго» ойынын ойнаймыз.Сұрақтарға жауап беру
Жаңа сабақ:
- Бүгiн сабақта бiз өткендi қайталаймыз. «Бiлгiрлер» аялдамасына да жетіппіз. Енді оқулықпен жұмыс жасаймыз. Оқулықпен жұмыс.
277- жаттығу. Мәтінді оқы. Сөйлемдердегі сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Қарағанды – Қазақстандағы ірі өндіріс орындарының бірі. Өндірісте мыңдаған жұмысшы жұмыс істейді.
Қарағандының қысы суық, ұзақ болады. Ал жазда күн ыстық болып, құрғақ, аңызақ жел соғып тұрады.
Сонымен міне бiз балалар «Бiлгiрлер» аялдамасына да жетiппiз.
Жақсы балалар, келесi аялдамаға да жетiп калдыңдар, Бұл «Мергендер» аялдамасы екен. Ендi оның да тапсырмасын орындап, өзiмiздiң мақсатымызға жетейік. «Мергендер аялдамасы» бiзге арнап мынандай тапсырма дайындапты:278 –жаттығу. Топтық жұмыс.Кестені толықтыр. Әр бағанға не жазғаныңды түсіндір.

Түбір Қосымша Қосымшалы сөз
мал -шы малшы
-лер дәптерлер
Сергіту сәті
279 –жаттығу. Өз бетімен жұмыс. Түбір сөздерді бір бөлек, қосымшалы сөздерді бір бөлек топтастыр. Дала, іс, түн, қобыз. Қалада, жазғы, орындық, көлшік.
280-жаттығу. Топтық жұмыс.Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді сөз құрамын талда.
Оқулық. Түбірі – оқу; - лық – қосымша.
Фонетикалық талдау (дыбыстық талдау)
Оқулық - 3 буын, 6 әріп, 6 дыбыс, 3 дауысты, 3 дауыссыз.
О- дауысты, жуан дыбысқ – дауыссыз,қатаң дыбыс
у – дауысты, жуан дыбыс
л– дауыссыз, үнді дыбысы – дауысты, жуан дыбыс
қ – дауыссыз, қатаң дыбыс
Топтық жұмыс

Шығармашылық тапсырмалар (таратпа қағаздар)
1-топ. Берілген сөздерге қосымша жалға, түбірі мен қосымшасын белгіле. Адам, кітап, жасыл, ақ, жылқы, жапырақ, қоңыр, сұр, ақын, ай, үй, батыр, терең, ою, қала, дала, арба, орындық, түйе, қой, бұрыш, ара.
2-топ. Түбірі мен қосымшасын ажырату.
Ағаштар, сөздік, бірлік, аңшы, қалалық, елші, татулық, жылқышы, ботақан, көкшіл, жетінші.
3-топ. Төмендегі сөздерге тұсындағы қосымшаларды тиістісін жалғап жаз:
1. Би, қобыз, көп, сауық -шы, -ші,- шіл,-шыл.
2. Іс, орын, талап, көл - дық, -кер, -шік.
3. Қыс, арба, түн, жаз - гі, лы, -қы, -ғы.
4-топ. Сөздерге тиісті қосымшаны жалғап, сөйлеп құрап жаз.
1. Баян, сабақ, әзірлен.
2.Мұғалім, сынып, кір.
3. Аула, қар, күре.
4. Серік, доп, сат, ал.
Сабақты бекіту: Ереже сұрау. Мысалдар келтіру.
Үйге:281-жаттығу, ереже жаттау Бағалау