Мы? маманды? б?рі бар, Та?дап, тал?ап бірін ал


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыруТәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.Міндеті:Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.Өтілу барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандайІсім оңсын десеңіз,Сол істің маманы болыңыз.Даңқым шықсын десеңіз,Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі тәрбие сағатына біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы ата-аналарымыз келіп отыр.
1 - жүргізуші: Даулетхан Алмас2 - жүргізуші: Алпысбаева Аяжан1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!2 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына 9 а сынып оқушыларының ата-аналары сыйлы қонақтар ретінде шақырылып отыр.1 - жүргізуші: Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.
2 - жүргізуші: Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды.1 - жүргізуші: Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. 2 - жүргізуші: Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады.Ойланайық, пікірлесейік
Мұғалім: Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.Мамандық дегеніміз не?Оқушылардың пікірлері сұралады• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;• - адамның болашаққа апаратын жолы;• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.1 – оқушы: Ақнұр. Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.Әсмепаз болма әрнегеӨнерпаз болсаң арқаланСен де бір кірпіш дүниегеКетігін тапта бар қалан,деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
2- оқушы: Асель. Мамандық дегеніміз не?Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі«Мамандық» сөзіне анықтама беру.Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
3- оқушы: Дана. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.4- оқушы:Давутхан. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.5- оқушы: Сандуғаш. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Әлемде 50 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?
Балжан ата-ана: Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керекМейрамгүл ата-ана: Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады.
Бибігүл ата-ана: Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.1 – жүргізуші: Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.9 сынып оқушыларына сұрақтар:Әңгімелесу1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?2. Қандай мамандық таңдайсың?3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?5. Бұл заман талабына сай ма?6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
Тастыбай: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата - анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта - ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата - анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді. Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата - анам бұл талабымды құптайды.Давутхан: Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықты таңдаған жөн деп ойлаймын. Сонымен қатар шет тілін оқып үйренуге, осы тілде шетелдіктермен мүдірмей сөйлесетіндей деңгейде болу қажеттігін ұғынғанын қалаймын. Бұл нарық талабы. Менеджмент пен менеджерлікті меңгермей нарық көшіне ілесу мүмкін емесі жастар жадында жүрсе деймін.Данияр: Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернетке шығудың қыр - сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине алдымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Менде техник - программист мамандығын қалаймын.1 – жүргізуші: «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.2 - жүргізуші: Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.Несібелі: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, сыныптастарыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін.Нұртуған сұрақ - Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыздар?Төлеген сұрақ - Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?Исламбек сұрақ- Сіз қандай маман болуды армандадыңыз? Неліктен?Әділ сұрақ - Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыздар?Тастыбай сұрақ - Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?Әліби сұрақ - Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.І - топ: «А», ІІ - топ: «К», ІІІ - топ: «Ж»Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:* Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептерБұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.* Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.* Жоғары кәсіптік білім: ЖОО - ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?Сухраб – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.Фатима – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.Сандуғаш – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.«Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.Жауап.1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.3. «Ең жақсы» ойыны.Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.Ең тәтті - аспазшы, кондитер.Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.Ең жауапты - сот, бухгалтер.Ең салмақты - мұғалім, заңгер.Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен
Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығадыЗигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Әр топ өз жауап нұсқаларын береді.Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.Оқушылар келіп отырған ата-аналарға сауалдарын жолдайды.Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берейік. Алғашқы сұрағымыз:Назгүл – сұрақ: Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін - өзі қалай дайындау керек деп есептейсіздер? Әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.(Ата-аналар пікірлерін айтады)Арулан – сұрақ: Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?Анел – сұрақ: Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?Досан – сұрақ: Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?Диана –сұрақ: Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?Виолетта – сұрақ: Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?Давутхан – сұрақ: Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.Оқушыларға мынадай бір пайдалы мәлімет айтып өтейін.Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.Оқушыларға пайдалы мәлімет.Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.2 - жүргізуші: Жастықта әр тараптың басын шалсаң,Қармақты тәуекел деп суға салсаң.Еңбегің еңбектенген кетпес зая,Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.1 – жүргізуші:Түбінде баянды еңбек егін салған,Жасынан оқу оқып, білім алған.Би болған, болыс болған өнер емес,Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.2 - жүргізуші: Көк жүзіне алаулы,Міндет емес ай болу.Ең бастысы қалаулы,Кәсібіңе сай болу!1 - жүргізуші: Құрметті ата-аналар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар бердіңіздер, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңыздар. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!Қош сау болыңыздар!
Талдау: Осы күннен не алдыңыз?Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?Ж. Аймауытов айтқандай«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін