Д??гелек ?стел «Сан маманды? т?рі бар, та?дап, тал?ап бірін ал!»


«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»
атты дөңгелек үстел
Күні: 02.03 .2017жыл
Өтілетін орны: Акт залы
Өткізген: Жуматинова Б.Б.
Мақсаты: Оқушыларға мамандық иелерімен таныстырып, мамандықтар туралы кеңестер беру арқылы қолдау көрсету. Жоспарларын анықтап, психологиялық, патриоттық  күш беріп, кәсіптік бағдар көрсету.
              
Жоспары:
1) Кеш қонақтарымен таныстыру2) Кеш қонақтарына сөз беру, сұрақ-жауап
3) Оқушыларға жағдаяттық сұрақтар
4) Ортақ шешім, оқушылардың ойы 
Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен  еліміздің жарқын болашақтары!
Бүгінгі ұйымдастырылып отырған
«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты
кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Елбасымыз  Н.Ә Назарбаев «Отанның болашағы мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп айтқан.
«Мамандық дегеніміз не?», қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Жақсы маман болу үшін алға қандай мақсат керек? Осы және басқа да мәселелер туралы бүгін ой қозғайтын боламыз.
Олай болса, ауданымызда ыстықты, суықты , қиыншылығы мен 
машақатын бірге алып еңбек етіп жүрген, өз ісінің шеберлері, өз  мамандықтарының иелерімен таныстырып өтейін.
1. Аудандық аурухананың нарколог-дәрігері: Алипбеков Ерболат Досымбекович
 
2. М. Жұмабаев орта мектебінің көп жылдық еңбек еткен ұлағатты ұстаз: Оспанова Шахаркуль Канапьяновна
3.  Аудандық баспа «Мойынқұм таңы» газетінің  тілшісі: Қуаныш Әсел Қуанышқызы
4. Мойынқұм АІІБ жергілікті полиция қызметінің, ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты: Алпысбаев Мұрат Жексенбаевич
5. Аудандық мәдениет үйінің қызметкері: Абдықадыров Қажымұрат Нұрлыханович
6. Мемлекеттік кірістер басқармасының қызмет көрсету орталығының басшысы Баялиева Лаура Тайғазиевна
7.  Біздің бітіруші түлектеріміз , болашақ маман иелері М. Жұмабаев орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз және өздеріңіз білетіндей 10 - сыныпта бағдарлы оқыту сыныбына көшесіз. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз.
 
«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты дөңгелек үстелге келген қонақтарға қойылатын сұрақтар
1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы  беделі ме?
2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыздар?
3. Белгілі  бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4. Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүруі үшін не істеу керек?
5. Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз?
Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
Әрине, кез келген қоғмда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп,  белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы өскелең ұрпақтың қолында.

6. Тұлға мамандық таңдар алдында нені басшылыққа алуы керек?
7. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі керек және нені үйренуі керек?
8. Сіздер қандай маман болуды армандадыңыздар, өз мамандығыңызға келмей тұрып.
9. Қазір алдарыңызда отырған жастарға не айтасыздар? Болашақ өзінің мамандығын таңдауы үшін мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек?
10. Егер де, бірнеше мамандықты меңгерсе оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
11. Тұрақты бір салада, мамандығыңызбен ұзақ жұмыс жасап, еңбек ету үшін адамға қандай қабілет керек ?
12. Қазіргі уақытта ауданымызда, жалпы қоғамда өздеріңіз білетін сұранысқа ие қандай мамандықтар деп ойлайсыздар?
 
«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты дөңгелек үстелге қатысатын оқушыларға  қойылатын сұрақтар
Үлгілерге қараймын,
Үй іргесін қалаймын,
Өрнектерді оямын,
Терезені қоямын.
«Құрылысшы»
Елде сақтап амандық,
Емдеп жұртты аман қып,
Қуантады қашан да,
«Дәрігерлік » мамандық
Денсаулығын ананың,
Денсаулығын баланың,
Денсаулығын қарттың да
Қамқорлыққа алады.
Өндіріске көптеген
Өрісі мол ток берген
Грэс, Гэс-тер жұмысын
Мен арқылы өткерген.
«Инженер»
Бойында шымырлаған алаулаған жалын.
Жақсылық жайы толғандырған жалын.
Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,
Ойлаумен жүр басқалардың қамын.
«Милиционер»
Елім деп соғады жүрегі,
Ұлы Отанның түлегі,
Ол ел- қорғаның,
Тыным таппай жүреді.
«Сақшы»
Оқу- білім арнасы,
Кім ол-оның анасы.
Дамытады ол адамның,
Ақыл – ойын санасын.
«Ұстаз»
Ұлттық өнер жолында,
Шеберлігін шыңдайтын
Мереке, іс-шаралар да
Өнерлі ұжым тынбайтын.
«Мәдениет»                                               
 
Жағдаяттық сұрақтар
 1. Ата-анаң саған  бір мамандықты таңдап берді, бірақ, ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
 
2. Сен өзіңе ұнаған мамандықты  таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
 
3. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер етеді ме?
4. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер. Сенің арманыңның орындалуына қандай да бір кедергі келіп тұр қандай шешім қабылдайсың?
 
 
5. Айжан мектепте  жақсы оқыды, мектеп бітіргеннен кейін заңгер мамандығын таңдады, бірақ ол оқуына түсе алмай қалды.ал, оның құрбысы  Ақгүл орташа деңгейде оқыды да заңгер маманына түсіп кетті. Сен бұған не дейсің?

Әбунасыр әл-Фараби «Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады » деген.

Олай болса, осы ұстанымды , бүгінгі айтылған мамандардың кеңесін есте ұстап, алға жақсы мақсат қойып, таңдаған мамандықтарының иесі болады деген оқушыларға сеніммен  дөңгелек үстелімізді жабық деп
жариялаймын. Қатысып, кеңес беріп, іс-тәжірибелеріңізбен бөліскендеріңізге
көптен-көп рахмет. Еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат
тілеймін.
«Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің
Анықтамасы
Мақсаты: Оқушыларға мамандық иелерімен таныстырып, мамандықтар туралы кеңестер беру арқылы қолдау көрсету. Жоспарларын анықтап, психологиялық, патриоттық  күш беріп, кәсіптік бағдар көрсету.
Өткізілген күні: 02.03.2017жыл
Өткізілген орны: Акт залы
Жүргізушілер: педагог-психолог - Жуматинова Б.Б.
Жақсылықов С.Қ.
Қатысушылар: 10-11 сынып оқушылары
Кеш қонақтары:
1. Аудандық аурухананың нарколог-дәрігері: Алипбеков Ерболат Досымбекович
2. М. Жұмабаев орта мектебінің көп жылдық еңбек еткен ұлағатты ұстаз: Оспанова Шахаркуль Канапьяновна
3.  Аудандық баспа «Мойынқұм таңы» газетінің  тілшісі: Қуаныш Әсел Қуанышқызы
4. Мойынқұм АІІБ жергілікті полиция қызметінің, ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты: Алпысбаев Мұрат Жексенбаевич
5. Аудандық мәдениет үйінің қызметкері: Абдықадыров Қажымұрат Нұрлыханович
6. Мемлекеттік кірістер басқармасының қызмет көрсету орталығының басшысы Баялиева Лаура Тайғазиевна
Дөңгелек үстел барысы:
2017 жылдың наурыз айының 02 жұлдызында 10-11 сынып оқушыларымен, әр түрлі мамандық иелерінің қатысуымен «Мамандық таңдау-келешекті таңдау» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында келген қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, кеңестер беріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.Оқушылар жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, келген қонақтарға сұрақтарын қойып ойларымен бөлісті.


5 «Б» сынып оқушылары мамандықтар туралы өлеңдерін оқып кештің сәнін келтірді .

Әбунасыр әл-Фараби айтқандай «Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген сөзін түйіндей отырып бүгінгі айтылған мамандардың кеңесін есте ұстап, алға жақсы мақсат қойып, оқушылар таңдаған мамандықтарының иесі болады деген сенім білдірді.
Кездесу соңында келген қонақтарға рахмет айтып, естелік сыйлықтар берілді.

Педагог-психолог: Жуматинова Б.Б.
«Мойынқұм таңы» газетіне мақала
Мектептегі «Мамандық таңдау- келешекті таңдау»
атты дөңгелек үстел
Аудан орталығында орналасқан М.Жұмабаев атындағы орта мектепте өткізілген «Мамандық таңдау- келешекті таңдау» атты дөңгелек үстелдің келешек ұрпаққа берер тәлімі мен тәрбиесі мол.
Елбасымыз  Н.Ә Назарбаев «Отанның болашағы мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп айтқан. Мамандық таңдау дегеніміз не?... Қоғамға, өзіңе де өзгеге де пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Жақсы маман болу үшін алға қандай мақсат керек? Осы және басқа да мәселелерге жауап алу мақсатында ауданымызда бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көріп, зейнеткерлік демалыста болса, енді біреулері өз мамандықтарының майталманы атанған ауданның бетке ұстар білгірлері кездесуге келді. Олар:
1. Аудандық аурухананың нарколог-дәрігері-Алипбеков Ерболат Досымбекович
  2. М. Жұмабаев орта мектебінің көп жылдық еңбек еткен ұлағатты ұстаз-Оспанова Шахаркуль Канапьяновна
3.  Аудандық баспа «Мойынқұм таңы» газетінің  тілшісі- Қуаныш Әсел Қуанышқызы
4. Мойынқұм АІІБ жергілікті полиция қызметінің, ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты-Алпысбаев Мұрат Жексенбаевич
5. Аудандық мәдениет үйінің қызметкері-Абдықадыров Қажымұрат Нұрлыханович
6. Мемлекеттік кірістер басқармасының қызмет көрсету орталығының басшысы- Баялиева Лаура Тайғазиевна
7.  Біздің бітіруші түлектеріміз , болашақ маман иелері М. Жұмабаев орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары.
Көпті көрген азаматтарымыз өмірде мамандықты дұрыс таңдаған, яғни өзіңнің ыңғайыңа, өз икеміңе қарай таңдаған мамандық иелері өз жұмысын дөңгелетіп әкететіні туралы көп айтады. Жас ұрпақ мамандық таңдау барысында еш қателеспеуі тиіс. Дөңгелек үстел қонақтары өздерінің көп жылғы еңбек тәжірибесінде кездескен қиындықтары мен оны жеңудің амал-тәсілдерімен , бастарынан өткен қиын да қызықты жайттармен бөлісті. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» -деген халықпыз ғой. Әбунасыр әл-Фараби: «Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады » деген.
Осы дөңгелек үстел қонақтарының өнегелі , мазмұнды ақыл-кеңестері жас жеткіншектерге ой салып, мамандықты дұрыс таңдауына себін тигізері сөзсіз. Кеш қонақтарына алғысын айтып, толғандырған түрлі сұрақтардың жауаптарына қананғаттанған жас түлектердің көздерінен от шашып, болашаққа сенімммен қадам басып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға жол сілтеген ата-апаларына рахметін жаудырып қала берді. «Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» - демекпіз біз оларға.