Даму м?мкіндігі шектеулі балалармен ж?ргізілетін ж?мыс (?йден о?ыту)


Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін жұмыс(үйден оқыту)А.Оразбаева ОЖББ мектебінің әлеуметтік педагогы Ильясова Э.А.Қазан-2015 жыл Адамның ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық-құқықтық жарғыларда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. «Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда» даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23 бапта белгіленген. «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тең құқылы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету туралы стандартты ережелер» (БҰҰ), мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екені айтылған. Қазіргі кезеңде еліміздегі даму мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап даму мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөспірімдерге көрсетіледі. Мүмкіншіліктері шектеулі балалардың әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас құқықтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Мұндай жағдайда, әсіресе балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959 ж) Декларациясында былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, төмендегі аты аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы: Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай-ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиеленуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және басқа да адамдардың сүйіспеншілігі мен түсіністігіне, егер ағайын-туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуы құқылы…» Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқы, тәртібіндегі өзгерістер ата-ананың күткеніндей, ойындағындай болмай, ата-анаға қайғы мен мазасыздық жағдайын әкеледі. Сол себепті отбасындағы өзара қарым-қатынастар бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Тіпті кей жағдайда отбасының бұзылуына (ажырасуға дейін) әкеледі. Сондықтан мұндай балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға тек педагогтардың ғана емес, арнайы мамандардың да көмегі қажет. Тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін - өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір -біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шектетілгендер», яғни ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Бұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына ылайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл – күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі. Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қамқорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез- келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады. Диагностикалық болжау жұмысының барысында әлеуметтік педагог психологпен бірлесе отырып, балалардың тұлғалық және жас ерекшеліктерін зерттеп, баланың жеке және әлеуметтік дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұлға дамуының түзету кешенді жоспарын құрады. Территория бойынша А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде 14 даму мүмкіндігі шектеулі бала бар.Олардың ішінде 4-і мүгедек .2-і оқуға жарамсыз, 1-і үйден оқиды, ал қалған 11-і мектеп бағдарламасымен оқып отыр. Бұл балалардың отбасы жағдайы анықталып, отбасы паспорты толтырылды.10 бала толық отбасында , 3 бала толық емес отбасында, ал 1-і нағашы атасы мен әжесінің тәрбиесінде (қолхат). 1.Алмасов Аққанат (10ж)-оқуға жарамсыз. 2.Кунакаев Әлішер(4ж)-оқуға жарамсыз. 3.Қасым Шыңғыс (6ж)-даярлық топ. 4.Тулеушова Гүлнұр (16ж)-А.О. 10а сынып 5.Кабдиров Биболат (9ж)-А.О. (үйден оқиды) 5б сынып 6.Зұлқарнай Әйгерім (6ж)-А.О. 1в сынып 7.Сейткалиев Нұршат (8ж)-А.О. 1а сынып 8.Хайруллин Қайырбек (11ж)-А.О. 5а сынып 9.Садыров Нәрік (13ж)-А.О.-7а сынып 10.Гиззатов Зинұр (11ж)-А.О. 7а сынып 11.Батырбек Райымбек (14ж)-А.О. 9б сынып 12.Сағырбек Әли (6ж)-А.О. даярлық топ 13.Батырашева Гульфия (6ж)-А.О. даярлық топ 14.Галиев Али (6ж)-А.О. даярлық топ Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттарыҚР КонституциясыБілім туралы ЗаңБала құқығы туралы КонвенцияБала құқығын қорғау ЗаңыНеке және отбасы туралы ЗаңыӘдеп кодексіДаму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық қолдау туралы нормативтік актілерҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі» үйден оқыту құжаттары 1. Ата –ана өтініші 2. Мектептің бұйрығы (мүгедектік туралы анықтама) 3. ПМПК беру мекемесінің қорытындысының көшірмесі 4. Жергілікті дәрігердің анықтамасы (ВКК) 5. Туу туралы куәлік, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көшірмелері 6. Сабақ кестесі 7. Оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме 8. Сынып жетекшісінің мінездемесі 9. Ата-анасының куәліктерінің көшірмелері 10. Ата – ананың жұмыс орнынан анықтама, зейнетақы алатын қағаздың көшірмесі 11. Отбасы құрамы жөнінде анықтма 12. Үйде оқитын оқушымен жұмыс жоспары 13. Оқушыға әлеуметтік мінездеме 14. Үйден оқитын оқушының әлеуметік паспорты 15. Отбасы паспорты 16. Оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі 17. Сауалнамалар 18. Техникалық құралдармен (компьютер) қамтамасыз ету жайлы келісім- шарт, акт 19. Ата-анамен байланыс дәптері 20. Ата-анаға кеңес беру журналы 21. Оқушының үйіне баруын тіркеу журналы 22. Әлеуметтік қамтамасыз ету журналы  «Оқушының үйіне баруын тіркеу» журналы  «Ата-анаға кеңес беру» журналы         {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}КүніОқушының аты-жөніМекен-жайы, телефоныКім қатысы?Қолы02.09.2015Кабдиров БиболатХ.Жақып №37,Тел:32-2-59Әжесі Нұржамал{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}КүніОқушының аты-жөніАта-анасыныңаты-жөніҚай тақырыпта кеңес берілдіЕскертпеҚолы  Әлеуметтік қамтамасыз ету журналы{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}КүніОқушының аты-жөніБаланың мұқтаждығыСұрақтың реттелуіОрындалу күні Егер әлеуметтік педагогикалық үрдісте даму мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осы жағдайда ғана әлеуметтік педагогикалық үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін даму мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеру керек деп ойлаймын.  Назарларыңызға рахмет!