План урока по казахскому литературе на тему Раб?узи (ХІ??)


3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Рабғузи (ХІҮғ)
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға Рабғузидің шығармалары жайлы білімдерін толықтырып,мәтіннің мазмұнын меңгерту.
2.Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастыру,жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады,салыстыра біледі,талдай алады,ой қорытуды үйренеді.
3.Адамгершілікке,адалдыққа,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:постер,жинақ кітапшалар, «Автор орындығы», «Карусель», «Ой шақыру», «Самолет»сұрақ-жауап ойыны
Әдісі:Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
Топқа бөліну, ағаштар мен гүл атауларына қарай топқа бөліну.
1-топ, сергіту жаттығуын орындатады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Автор орындығы» бөлінген топ ақылдаса келе өз топтарынан үй тапсырмасын жауап беретін оқушыларды таңдайды,жауап береді.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Әр топқа қағаз беріледі,топ одан самолет жасайды,өзара ақылдаса келе самолетті ұшыру пунктін атайды,яғни оқушының атын атайды,сол оқушы үй тапсырмасына жауап береді.
Самолетті тек Рабғузидің өмірі мен шығармашылығы тақырыбы бойынша орындайды.
2. Рабғузидің «Қиссалары» қаншалықты меңгергендерін тексеру үшін «Карусель» әдісі арқылы тексеріледі.Бұл жұптар арқылы орындалады.
1-жұп.Қарлығаштың адамға достығы.
2-жұп.Лұқман хакім. Бірінші әңгіме.
3-жұп.Лұқман хакім. Екінші әңгіме.
4-жұп.Лұқман хакім.Үшінші әңгіме.
Өз карусельдегі орындарын қорғау.Әр жұптың біреуі қалып,қалғандары сағат тілімен қозғала отырып,түсінгендерін тыңдайды,өз пікірлері болса,қалып қойғандары болса толықтырады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
«Қазақ ертегілері»кітапшалардан Рабғузидің әңгімелерінің қайсысы қандай ертегіге ұқсайтынын талдайды,қай жерлері ұқсайды.Постерге әңгіме мен ертегілерді салыстыру кестесін жасайды.
ІҮ. Сабақты бекіту.
«Тану»әдісі Рабғузидің әңгімелерінен адамның қандай жақсы қасиеттерін және жаман қасиеттерін таныдық,оқыдық,спикерлерге жазу,тақтаның екі жағына ілу,оны оқу.
Ү. Сабақты бағалау,кері байланыс.
Сабақты бағалау үшін,бір-бірімізге бүгінгі сабақтардан кімді ерекше атап өтуге болатынын айтып өтсек,стикерлерге жазамыз,оны бағалау жәшігіне саламыз.
Мен оны оқи отырып,сіздерді бағалауларынды қарап,өзімше ой қорытамын.
ҮІ.Үйге тапсырма.
Рабғузидің әңгімелерін оқу.
«Бес нәрсеге асық бол,бес нәрседен қашық бол»тақырыбына эссе жазуға.
4-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи (1320-1396)
Сабақтың мақсаты: 1.С.Сараидің өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы білімдерін тиянақтап бекіту. «Түркіше Гүлстан»үзінділері бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізу.
2.Оқушылардың жеке зерттеу,талдау жұмыстарын жүргізуге дағдыландыра отырып,шығармашылық қабілеттерін арттыру.Әдеби тілде сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Бірін-бірі сыйлауға,адамдық жақсы қасиеттерге тәрбиелеуге үйрету.
Көрнекілігі:постер,интерактивті тақта, Смайликтер,
Әдісі:Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер(өзін-өзі реттеу).
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.(ББҮ кестесі,топпен,жұппен жұмыс,
сұрақ-жауап,семантикалық карта).
Білім беруде АКТ-ны пайдалану.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
2-топ.Сергіту жаттығуын жасатады.
Топқа бөлу,сандарға байланыс,жұп және тақ сандар.
ІІ. Үй тарсырмасын тексеру.
«Бес нәрседен қашық бол,бес нәрсеге асық бол»тақырыбына жазған эсселерін оқиды.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Интерактивті тақтадан С.Сараидің өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерді бір оқушы шығып түсінгендерін айтып өтеді.
Оларды Смайликтерді көрсету арқылы бағалау.
«Түркіше Гүлстан»кітабынан үзінді берілген,қаншалықты түсінгендерін білу үшін семантикалық карта арқылы тексеру.
Тақырыбы:С.Сараи.Түркіше Гүлстан
№ Картаның мазмұны Жауап
1 Туған жылы,күні жайында 2 «Түркіше Гүлстан»кітабы туралы 3 Кітаптың тараулары бойынша 4 Төл туындысы Түркіше Гүлстан
1-топ және 2-топқа қиындылар беріледі,сол қиындыларды әңгімелерге сәйкстендіру арқылы жапсырады,оны дәлелдейді.
1-топ.
Екінші әңгіме. Ата,ұзын бойлы ақымақтан,аласа бойлы ақылды артық.
Алтыншы әңгіме. Өзін-өзі ұстауына қарап,қайсысы көңіліме жақпаса,
сол әдеттен бездім.
Төртінші әңгіме. Балаң ақылды болатын емес,оның есесіне өзім ақымақ
болуға айналдым.
Жетінші әңгіме. Тәрбиенің берілуі бірдей болғанымен,қабылдауы әртүрлі
болса қайтейін.
2-топ.
Бесінші әңгіме. Сенің әкеңді тас басып қозғала алмай жатқанда,менің әкем
жаннатқа жетіп барады.
Бірінші әңгіме. Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес.
Сегізінші әңгіме. Дәулетті –жия білген,жиғанын жеген,бере білген.
Дәулетсіз-есіл-дерті мал жию болып,өзі жеуге қимаған,
сөйтіп өмірінің өткенін білмеген адам.
Үшінші әңгіме. Әуелде әлемде зұлымдық аз еді,кейін әр адам аз-аздан қосқанда,көбейіп кетті.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
«Шын өмірде осындай жағдайлар бар ма?» деген сұраққа жауап іздейміз,мысалдар келтіреміз,талқылаймыз.
«Ой қозғау»әдісі,осы әңгімелерден қандай жақсы әдептерге үйреніп,жаман әдеттерден жиренуіміз керек.
Өткен тараудағы 4 сабақтар топтамасы бойынша кестені толтырамыз,өтілген тақырыптар Ж.Баласағұни,М.Қашқари,Рабғузи,С.Сараи
«Білдім.Мен үшін жаңалық болды.Мені толғандырды»кестесі
Ү. Үй тапсырмасы.
Мәтіндегі ұнаған сөйлемдерді жаттап алу,мәтіндерді оқу.
ҮІ. Бағалау.
Екі жұлдыз,бір тілек.
Оқушылар бір-біріне сабақтың өтілуі туралы өз ұсыныстары мен тілектерін жазады,жапсырады.