Презентация по казахской литературе на тему Тола?ай
Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев « Толағай»Сабақтың мақсаты: Білімділік - әдеби ертегі «Толағай» туралы білімдерін саралау, жүйелеу, ертегінің идеясын анықтау;Дамытушылық- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өзіндік пікірлерін, көзқарастарын білдіруге қалыптастыру, өз беттерінше ізденуге жетелеу;Тәрбиелік - ұйымшылдыққа , өзін -өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге, қауымдасып жұмыс істеугеОтанды елді сүйе білуге баулу.Түрі: Сайыс сабақТегі: Топпен жұмысӘдісі: психологиялық дайындық, ұжымдық оқыту, талдау – жинақтау, проблемалық сұрақ – жауап.Көрнекілігі: сабақ бойынша слайдтар, тірек тақта.Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка, өзін-өзі тану. Қызығушылықты оятуҚане, балалар, бәріміз тақтаның алдына қарай шығып, «Шаттық» шеңберін жасап тұра қояйық.Енді бір- бірімізге бір –бір ауыз сөзбен жақсы тілектер тілейік! Тек біріміздің айтқанымызды, екіншілерміз қайталамауға тырысайық! Алақандарымызды ашып, көршілеріміздің айтқан ақ тілегін қабылдауды бастайық!Ұжымдық оқыту әдісі бойынша оларды 3 топқа бөлемін. ІІ Мағынаны тану«Топтастыру» стратегиясы Толағай «Ішке – сыртқа» стратегиясыМұнда мәтін бойынша оқушылар « ішке» деген бөліміне риза болған оқиғаларын, «сыртқа» деген бөліміне мәтінді оқыған кездегі көңілі толмаған кезеңдерін қысқаша жазу керек. Алып бала болуы, жаңбыр іздеуі, Мерген болуы ІШКЕ СЫРТҚА ІІІ. Ой толғаныс.1.Шығармашылық жұмыс «Толағай» ертегісіндегі « Ең бақытсыз жан кім?» деп ойлайсыз? Әр топтан екі оқушының жұмысын тыңдау. 2. « Ортада қаламсап» стратегиясы.Егер сіз автор болсаңыз, бұл әдеби ертегіні қалай аяқтар едіңіз? 3. « РАФТ» стратегиясыТолағайға арнап хат жазу 4. Үйге тапсырма. «Толағай батыр ма?» шағын эссе жазып келу