?аза?стан тарихынан ОБ ОЖСБ-?а дайынды? тесті
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. Сарматардың торсық, саба сияқты ыдыстары жасалынған материал:
A) Тері
B) Жүн
C) Мыс
D) Киіз
E) Қыш
2. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесінің атауы:
A) мәжіліс
B) тобыр
C) құрылтай
D) жиын
E) кеңес
3. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанға ең жақын шайқас:
A) Сталинград шайқасы
B) Ленинград шайқасы
C) Курск шайқасы
D) Днепр шайқасы
E) Мәскеу шайқасы
4. Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті:
A) С.Асфендияров
B) Е.Бекмаханов
C) Ә.Марғұлан
D) Е.Букетов
E) Қ.Сәтбаев
5. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті:
A) Е.Бекмаханов
B) Қ.Жұмалиев
C) М.Әуезов
D) Қ.Сәтбаев
E) С.Мұқанов
6. 1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер:
A) «Айгүл», «Серпер»
B) «Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл»
C) «Гүлдер», «Жетіген», «Аққу»
D) «Жетіген», «Дос-Мұқасан»
E) «Гүлдер», «Серпер», «Аққу»
7. «Епті адамның» табылған жері:
A) Германиядан
B) Өзбекстаннан
C) Кениядан
D) Қытайдан
E) Франциядан
8. 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шыққан түргеш әскербасы:
A) Күли шор
B) Сұлу қаған
C) Тұқарсан Құтшар
D) Баға тархан
E) Сақал қаған
9. Қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін өз көзімен көрген саяхатшылар:
A) Гардизи мен Истархи
B) Петахья пен Қ.Жалайри
C) П.Карпини мен Г.Рубрук
D) М.Қашғари мен Ж.Баласағұн
E) Рузбихан мен Ибн Баттута
10. Ақ Орда осы ханның тұсында Алтын Ордадан толық оқшауланды:
A) Ерзен мен Мүбәрәк
B) Өзбек хан
C) Шайбан хан
D) Ұрұс хан
E) Орда Ежен хан
11. Көмек көрсеткені үшін Хақназар ханға Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы сыйға тартқан өзбек ханы:
A) Шайбан хан
B) Ұлықбек
C) Баба сұлтан
D) Абдаллах хан
E) Жүніс хан
12. Қазақ жасақтары 1773 ж. қазаннан 1774 ж. наурызға дейін шабуыл жасаған бекініс:
A) Орал
B) Кулагин
C) Жайық
D) Атырау
E) Орынбор
13. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында қазақ тарихы мен этнографиясын жан-жақты зерттеген, башқұрт ғалымы:
A) А.И.Левшин
B) Т.Г.Шевченко
C) Ә.Диваев
D) Г.Н.Потанин
E) А.Исин
14. ХІХ ғ. аяғында патша үкіметінің Қазақстанда ашылуға жол бермеген оқу орны:
A) Бастауыш мектептер
B) Жоғары оқу орны
C) Кәсіби орта оқу орындары
D) Діни оқу орны
E) Ауылшаруашылық мектептер
15. «Қазақ» газетінде Бірінші дүниежүзілік соғыстың әділетсіздігін дәлелдеген «Тағы соғыс» мақаласының авторы:
A) Ж.Аймауытов
B) А.Байтұрсынов
C) М.Дулатов
D) Ә.Бөкейханов
E) М.Жұмабаев
16. 1938 жылы қарашада Посьет ауданынан көшіріп әкелінген корей ұлтының саны:
A) 150 мыңнан астам
B) 350 мыңнан астам
C) 100 мыңнан астам
D) 200 мыңнан астам
E) 10 мыңнан астам
17. Үйсіндердің зергерлік бұйымдарға түрлі асыл тастардан көз салу өнері болғандығын дәлелдейтін қорымы:
A) Есік
B) Ақсу
C) Бесшатыр
D) Ақтас
E) Қарасу
18. Көтерілісшілер Қарауылқожа Бабажанұлы ауылын шауып, күл талқан еткен уақыт:
A) 1838 ж. жаз
B) 1838 ж. қыс
C) 1837 ж. қыс
D) 1836 ж. ақпан
E) 1837 ж. күз
19. Этностың басқа мемлекеттің аумағында тұратын шағын бір бөлігі:
A) диаспора
B) ирредента
C) репатриант
D) тайпа
E) ру
20. Орал майданы жойылды:
A) 1919 жылғы қыркүйекте
B) 1920 жылғы 5 қаңтарда
C) 1920 жылғы 5 наурызда
D) 1919 жылдың күзінде
E) 1919 жылғы 15 маусымда