?аза? тілі п?нінен 6-сыныпты? ІІІ то?санды? ба?ылау тесті (жауабымен)


6-сынып
Қазақ тілі (ІІІ тоқсан)
1. Етістік дегеніміз не?
А) заттың атын білдіреді. В) заттың сынын, сапасын білдіредіС) заттың қимыл, іс-әрекетін білдіреді. D) заттың санын білдіреді.Е) заттың көлемін білдіреді
2. Етістіктің сұрағын тап. А) қалай? B) қайтті?С) қайтіп?D) қайда?Е) қалайша?
3. Тұйық етістікті көрсетіңіз. А) алтау В) сұлу С) бау Д) отау Е) жуу
2. Етістіктен болған күрделі баяндауышты табыңыз.А) Торғай жерге жақындай ұшты. В) Қазақстан пайдалы қазбаға өте бай.С) Ол асықты. Д) Ол оған жауап бере алмады. Е) Дала жап-жарық.4. Етістік жасалуына және құрамына қарай қалай бөлінеді?
А) негізгі және көмекші, дара. B) салт және сабақты, күрделі.
С) дара және күрделі. D) болымды және болымсыз. Е) негізгі, туынды және дара, күрделі.
5. . «Ерте барсам жерімді жеп қоям деп Ықтырмамен күзеуде отырар бай.» Асты сызылған сөз қандай етістік?
А) дара етістік. B) күрделі етістік. С) салт етістік. D) болымды етістік.Е) болымсыз.
6. Сабақты етістік қалай жасалады?
А) табыс септігіндегі сөзді қажет етеді. B) етістіктің түбірі бұйрық мәнді болады
С) бір ғана сөзден тұрады. D) бір немесе одан да көп сөзден тұрады. Е) табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді7. Етістіктің болымсыз тұлғасындағы тұрған сөздер тобын тап:
А) келген жоқ, айтқан емес. B) келді, айтты. С) келдім, айттым. D) келгенмен, айтқанмен.
Е) келетін.
8. «Таныс» сөзі қандай етіс тұлғасында?
А) өздік етіс. B) өзгелік етіс. С) ырықсыз етіс. D) ортақ етіс. Е) тұйық етістік
9. «Келтір» сөзі қандай етіс тұлғасында?
А) өздік етіс. B) өзгелік етіс. С) ортақ етіс. D) ырықсыз.Е) етіс тұлғасында тұрған жоқ.
10. Ырықсыз етіс тұлғасындағы сөздер тобын көрсет:А) қойылды, құйылды. B) жуынды, киінді, С) сөйлет, жазғыз.D) айтысты, сөйлесті. Е) салдыр, салдырт
11. «-ін, - ын» жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрін тап.
А) өздік етіс. B) өзгелік етіс. С) ортақ етіс. D) ырықсыз етіс. Е) өзгеше
12.Қай етістің бірнеше жұрнағы бір сөзге жалғана алады?
А) өздік етіс. B) өзгелік етіс. С) ортақ етіс.D) ырықсыз етіс.Е) есімше
13.Есімшенің жұрнақтарын тап:
А) –қан, -кен, -ған, - ген. B) –ғыз, - гіз, -қыз, -кіз.С) –а, -е, -й.D)-ып, -іп, -п. Е) –ын, -ін, -н.
14. Қай сөздің құрамында көсемшенің жұрнағы бар?
А) қарайтын. B) бермес. С) ұялмай. D) айтсын. Е) сөйлер
15. «Келетін» сөзіндегі қосымшаға түсінік бер.
А) көсемше және жіктік жалғауы. B) есімшенің жұрнағы. С) көсемшенің жұрнағы
D) бұйрық рай жұрнағы. Е) болымсыз етістіктің жұрнағы
16. «Тұрғалы» сөзінің құрамында қандай қосымша бар?
А) есімшенің жұрнағы. B) көсемшенің жұрнағы. С) тұйық етіс жұрнағы
D) өздік етіс жұрнағы. Е) өзгелік етіс жұрнағы
17.Бірнеше өзгелік етіс жұрнағы жалғанған сөзді көрсет.
А) кел-тір-ді. B) көр-сет-ті. С) кет-тір-ді. D) сөй-лет-кіз-ді. Е) айт-ты
18.Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.А) қалғанға, оқығанды. B) баратыным, көрерім. С) болар, келер. D) айтатынмын, ішетінмін. Е) бермес, көрмес
19. Есімшенің септелген түрін көрсетіңіз.
А) келгені. B) айтарым. С) береріме. D) күлген. Е) озбас
20.Көсемшеге жалғанатын жалғауды табыңыз.А) көптік жалғау. B) тәуелдік жалғау. С) септік жалғауы. D) тұйық етістік жұрнағы.Е) жіктік жалғау
21. Үстеу дегеніміз не?А) Қимыл, іс- әрекеттің, сын- сапаның  әр түрлі белгілерін , сипатын, жай- күйін білдіретін сөздер. Олар өзгертулерге келмейді, грамматикалық тұлғалармен түрленбейді.
В) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін сөздер.
С) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті?  деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
Д) Заттың сапасы мен сынын, көлемі, түр- түсі, сипатын білдіретін сөздер.
Е) дұрыс жауап жоқ.
22. Туынды үстеулерді табыңыз.
А) қазір,  дереу, енді, тым, кеше, кейін.В) балаша, жаздай, осыншама,зорға, етпетінен,кезекпен
С) бүгін, биыл, ала жаздай, ендігәрі, сөйтіп, күн ілгері     Д) күні- түні, әрең- әрең, ілгері- кейін, алды- алдына. Е) таңертең, алдыгүні, бүрсігүні.
23.Мекен үстеуді табыңыз.
А) Лашын құс төмен қарай құлдылады. В) Ілияспен бірге барады.
С) айнаш ыдыс-аяқты кешке жуады. D) Асан сабақтан қайтты. Е) Газдалған сусынды ішпе.
24. Қимыл- сын үстеулері...
А) ақырын, бірден, лезде, өйтіп- бүйтіп, емін- еркін, шапшаң       
В) айрықша, өте- мөте, орасан, аса, нағыз, сәлС) мұнша, осыншалық, бірқыдыру, азғантай, неғұрлым, сонша  
Д) әуелде, ежелден, таңертең, кешелі- бүгінді, таң ата, ауық- ауық
Е) кешке, ертең, таң сәріде, бағана.
25. Мөлшер үстеулерін табыңыз.
А) тысқары, артта, бермен, төмен, ілгері, асты- үстінен  
   В) біраз, осындайлық, недәуір, әжептәуір, онша, анағұрлымС) шарасыздан, амалсыздан, құр босқа, жоққа, текке         
Д) азар, дереу, жылдам, баяу, кенет, қаннен-қаперсіз
Е) әдейі, қасақана, жорта.
26.  Күшейткіш үстеулері қандай сөз таптарымен тіркеседі?
А) зат есіммен, үстеумен          В) сан есіммен, етістікпен С) есімдікпен, шылаумен          Д)  сын есіммен, етістікпен. Е) зат есіммен.
27. Мақсат үстеулерін табыңыз.
А) әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп, біле тұра                  
В) бірен- саран, талай, бірқыдыру, азғана, соғұрлымС) бұрыннан, жаздай, әзір, жыл бойы, әнеугүні, жаңа    
Д) қазақша, орысша, дәл, әншейін, жайдан- жай, жедел
Е) екеулеп, ондап, жүздеп, елулеп, топ-тобымен, рет-ретімен.
28. Себеп- салдар үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді?
А) қашан? қашаннан? қай уақыттан?                В) қалай? қайтіп? қалайша? кімше?С) неге? не себепті? қалай?   Д) қандай? қалай? не мақсатпен? Е) Қалай? қаншалап? Нешелеп?29. Дұрыс жазылған үстеулердің қатарын белгілеңіз.
А) таң сәріде, бірте- бірте, қыстыгүні, абайсызда, биыл            
   В) бұл жыл, емін еркін, бір қыдыру, кейкүні, әрі беріС) не ғұрлым, оқта текте, некенсаяқ, таң- ата, ауық ауық          
   Д) білетұра, бір талай, со ғұрлым, өте мөте, был тыр
Е) ендігіден әрі, бұл жыл, келер жыл.
30. Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
А) Іс- әрекет, қимылдың амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? неше? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
В) Қимыл, іс- әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіріп, қашан? қашаннан? қай уақытта? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
С) Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
Д) Заттың сынын немесе қимылдың, іс- әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп немесе солғындатып көрсететін үстеудің түрі.
Тест жауаптары
С
В
Е
Е
В
А
А
Д
В
А
А,Д
В
А
С
В
В
Д
В
С
Е
А
В
А
А
В
В
А
С
А
В