Планирование по истории на тему ?ара?ытайлар для 7 класса


Пән Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Күні 23.10.2014 ж.
Сынып 7 «А»
Сабақтың тақырыбы Қарақытайлар
Сабақтың мақсаты
Білімділік - қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуын, қоғамдық құрылысын,алым-салық жүйесін түсіндіре отырып, жаугершілік соғыстары мен мемлекеттің әлсіреуіне сыртқы шапқыншылықтың әсерін көрсету.
Дамытушылық - оқушыларды қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы, алым-салық жүйесі, саяси жағдайын талдап,тарихи деректермен жұмыс жүргізу, ойларын жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік - оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық Қарақытай мемлекетінің тарихымен таныстыра отырып, өз Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі аралас сабақ
Сабақтың әдісі интерактивті оқыту әдісі
Көрнекілі-гі
Карта, слайдттар, тірек-сызба,т.б.
Сабақтың барысы Уақыты
Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 2 мин
Үй тапсырмасын сұрау «Есімдер сөйлейді»
1.Наркеш Дайын – 9.Торы(Тоғырыл хан-
2.Инанч-білге- 10.Құршақыз-
3.Білге хан- 11.Маркус-
4.Бұйрық хан- 12.Рашид ад-Дин-
5.Даян хан- 13.Жамұқа-
6.Шыңғыс хан- 14.Мұқылай-
7.Ван- 15.Әбілғазы хан-
8.Күшлік- 16.Қадырғали Жалайыри-
«Цифрлар сөйлейді»
1.Хғасыр- 5.1204 ж.-
2.VІІІғасыр- 6.ХІ ғ.аяғы-ХІІғ. басы-
3.ХІІғасыр- 7.Х-ХІІғасыр аралығы-
4.1201 ж.-
Кестемен жұмыс
13 мин
Мемлекет атауы Өмір сүрген кезеңі Орналасқан жері Астанасы Мемлекет билеушілері Әлсіреу себептері
Наймандар мемлекеті Х-ХІІІ ғ. Орхон мен Ертіс өзені аралығы,ХІІІ ғ.басында Жетісуға келді. Балықты қаласы Наркеш Дайын,Күшлік. 1204 жылы Монғолдардан жеңіліс тапты.
Керейіттер мемлекеті Х-ХІІІ ғ. Шығыс Монғолия Солтүстік астанасы Қатынбалық, оңтүстік астанасы-Хуанхэ өзенінің иірімі Торы (Тоғырыл) 1202 жылы Монғолдардан жеңілді.
«Бәйге» ойыны
1.Найман, керей, жалайырлар қай жерді мекендеді?
2.Найман хандарының билеушілерінің әрекетіне сипаттама бер.
3.Керей хандары туралы не білесің?
4.Жалайыр тайпасының Шыңғысханмен қарым-қатынасы қандай болды?
5.Мемлекеттік бірлестіктердің саяси құрылысы қандай болды?
6.Шаруашылығы мен мәдениеті туралы не білесің? Жаңа сабақтың жоспары 1.Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы.
2.Мемлекеттің қоғамдық құрылысы мен алым-салық жүйесі.
3.Мемлекеттің сыртқы жағдайы
ХІ ғасырдың бас кезіндегі Орта Азиядағы мемлекеттердің орналасуы. Картамен жұмыс (Слайд 20)
Ляо империясы жан-жақтан қыспаққа алынды. (Слайд 21)
Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.)
Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында  Маньчжурия  мен Уссури  өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді. 1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысынан әлдеқайда төмен болды. Мемлекеттік басқару жүйесі жетілмегендіктен, Қарахан мемлекетінің ел басқару жүйесін өзгертпеді.
Қоғамдық құрылысы
Ханның мұрагерлігі сақталды.

Хандық басқару құрылысын сол қалпында қалдырды.


Қарақытайларда мұрагерлік биліктің ерекшелігі
Тек ер адамдар ғана емес, әйел адамдар да мұрагер бола алған.
Алым –салық жүйесі
Әрбір үйден 1 динар ақша жиналған

Ірі қалалар әкімі гурханға жыл сайын жер салығы харадж төлеп отырған.
Отырар,Тараз қалаларында алым-салықты гурханның арнайы жіберген адамдары жинап отырды.

Сыртқы жағдайы
1137ж. Ходжент жанында Қарахан әскерлеріне ойсырата соққы берді.
1141ж.Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында шайқас болып,Қарақытайлар бұл жолы да жеңіске жетіп, Бұхара қаласына басып кіреді.
Қарақтайлар Хорезмге жорық жасап, оны да жаулап алады. Хорезмшах жылына 3000 алтын динар төлеп тұруға мәжбүр болады.
Батыста Әмударияның төменгі ағысын толығымен бағындырады.
Шығыста Гансу жеріндегі ұйғырларды толығымен бағындырады.
Шығыста Гансу жеріндегі ұйғырларды толығымен бағындырады.
1171-1172 жылдары Қарақтайлар Хорезмге 2 рет жорық жасайды.
1198-1204 жылдары Қарақытайлар Хорезмшахымен келісім жасай отырып, Ауғанстан жеріндегі гурид тайпаларымен соғысып, жеңіліске ұшырайды.
1208 жылы Қарқытайлар Наймандардан да жеңіледі.
1210 жылы Хорезмшахы Қарақытайларға қарсы шығады.
1213 жылы Қарақытай өкіметі құлайды. Жерлері біржолата Наймандардың иелігіне өтеді.
Сергіту сәті: «Мен қазақпын».
Қарақытай сарбаздары жорыққа аттануда... 12 ғасырдың ортасы бойынша салынған

1) Монғол сарбазы,
2) Найман сарбазы және
3) Қарақытай (Қидан) сарбазы кездесіп тұр.
13 ғасырдың бас кезі бойынша салынған

15 мин
Жаңа сабақты бекіту Карточкамен жұмыс
1-тапсырма.Қарақытайлардың Жетісуға қоныс ауларуының негізгі себептерін жазыңдар
Бірінші____________________________________________
Екінші____________________________________________
2-тапсырма. Оқушыларға проблемалық сұрақтар беріледі:
а) Қарақытайлар неліктен Қарахан мемлекетінің басқару жүйесін өзгертпеді?
ә) Қарақытайлардың ел басқару жүйесіндегі өзіндік ерекшіліктері қандай?
3-тапсырма. Қарақытайлардың алым-салық жүйесіне сипаттама бер.
Алым-салық түрлері
1._________________________________________________
2._________________________________________________
3_________________________________________________
10 мин
Қорытын-
ды Сұрақпен тапсырмалар:
Қарақытайлардың Жетісу жеріне келуінің себебі неде?
Қарақытай билеушісі ел басқаруда қандай саясат ұстанады?
Қарақытайлардың жаугершілік соғыстары туралы не білесің?
Қарақытай мемлекетінің құлауына не себеп болды?

Бағалау
4 мин
Үйге тапсырма 13-параграфты оқу.
Картадан Қарақытайлар бағындырған жерлерді анықтау. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау. 1 мин