Разработка §44. Орыс жерлеріні? М?скеу т??ірегіне бірігуі §45. Ресейде орталы?тан?ан мемлекетті? ??рылуы


Орта ғасырлардағы дүниежүзі тарихы
Тақырыбы§44. Орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі§45. Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуыМақсатыХІV- ХV ғасырлардағы орыс жерінің экономикалық және саяси дамуы, қала және қолөнердің дамуы, саяси басқару жүйесі, Мәскеу княздігінің күшеюі, Алтын орданың құлауы туралы түсінік беру. Қосымша ізденуге, өз бетімен жұмыстануға , ой-пікірлерін айта білуге дағдыландыру. Өз халқының салт-дәстсүрін сүйіп қастерлеуге, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жалпы мақсатТақырыпты түсініп оқи білуге баулу.
Күтілетін нәтижеОқушылар тақырыпты біледі, түсінеді және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы сөздік қорларын дамытады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдербаяндау, сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кестеКөрнекілігітақта, кесте, плакат
Сабақтың барысыМұғалімніңіс-әрекетіОқушының іс-әрекетіҰйымдастыру кезеңіСәлемдесуТүгендеуОқушылардың оқу құралдарын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару. Оқушылар амандасады, құралдарын шығарып зейінін сабаққа аударады.
Үй тапсырмасын сұрауҮй тапсырмасын сұрау:
Миға шабуыл «Кім жылдам?» тесті.«Сот сабағы» ойынның шарты бойынша сарап шылар, сыншылар оқушылар арасынан тағайындалады.Сұраққа жауап берген оқушының сыншы қатесін түзеп, сарапшы оны саралап бағалауы қажет.Тарихқа саяхат ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау. «Кім жылдам?» Тесті1. 1588ж. Қандай оқиға болып өтті?Жеңілмейтін армада ағылшындардан жеңілді.2. Нидерланды буржуазиялық революция қай жылы басталды?1566ж3. ХV ғасырда теңізде жүзу ісінде не ойлап табылды?Компас4. Үндістер қандай жануарларды қолға үйретті?Лама мен итті.5. Текшелі пирамида түріндегі храмдарды кімдер салды?Майя.6. Анабаптистер көтерілісі қай жылы болды?1524ж.7. Католик шіркеуінің озбырлығына қарсы қозғалысы қалай аталды?Реформация.8. Францияда 1624-1642ж. Кім басқарды?Кардинал Ришелье.9. Бату әскері қай жылы Киев қаласын басып алды?1240ж.10. Алтын Орда мемлекеті қай жылы құрылды?1227ж.«Тарихқа саяхат» ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау.-Жылдар:1475-1541ж.ж., 1497ж.08.06., 1503ж., 1507ж.,1519-1522ж.ж.Жауабы: Писсароның Инктер империясын жаулап алып, Лима қаласының негізі қаланды,Васко да Гама Лисабон қаласынан шықты,А.Веспучи үшінші рет жаңа жерге саяхатқа шықты, Космограф Мартин Америго ашқан жерді Америка деп атау керек деді, Азияға батыс жолмен жету мақсатында Испания ірі теңіз саяхатын ұйымдастырды.-Тұлғалар: Васко да Гама, А. Веспучи, Х. Колумб.Жауабы: Осы тұлғалар туралы түсінік беру. Оқушылар үй тапсырмасын баяндайды, қорытындылау тест сұрақтарына жауап береді.
Жаңа сабақЖоспар:
1. Орыс жерінің экономикалық және саяси дамуы2. Қала және қолөнердің дамуы3. Мәскеу кінәздігінің күшеюі4. Куликово шайқасы5. Алтын Орданың құлауы6. III Иван кезінде басталған орыс жерін біріктіру7. Опричнина
Моңғол-татар үстемдігі орыс жерінің шаруашылығын күйзеліске түсірді. Феодалдық бытыраңқылық сақталды, жеке княздар халықтан салық жинап, монғолдарға төлеп отырады. ХІҮ-ХҮ ғ. аралығында орыс жерінде феодалдық қатынас тереңдеп, ауыл шаруашылығына өндіргіш күштер дами түсті. Өндіргіш күштің дамуына егін шаруашылығының жаңаша, үш талапты әдіспен жүргізілуі, мал санының өсуі, қолөнердің дамуы біртіндеп тауарлардың артық өндірілуіне әсер етті. ХІІІ-ХІҮ ғ. аралығында орыс жерінде феодалдық жер иеліктері күшейе бастады. Феодалдар қауымдық жерді тартып алып, шаруаларды кіріптарлыққа түсірді. Шіркеулерде ірі жер иеліктеріне айнала бастады. Шіркеудің саяси билігі артты. Ірі шіркеу шаруашылықтары құрылды қалалардың өсуі, қолөнердің дамуына жағдай жасады.
Цехтық өндірістің дамуы
қол өнерінің үш талаптыдамуы егін шаруашылығы
Өндіргіш күштер
Су диірменініңқолданылуы мал санының өсуі
тауардың артық өндірілуі
халқы көбейді жері шаруашылыққа 
Мәскеу княздығының күшеюі
Ірі қолөнер сауда тез дамыдыорталығына айналды
Куликова шайқасы.1378жылы Мамай бастаған моңғол-татар әскерлері Рязань жерінде Вожа өзенінің бойында біріккен орыс әскерінен жеңіліске ұшырайды.Тұңғыш рет Мәскеу кінәзінің басшылығымен орыс күштері жеңіске жетіп, елдің бірігуі қажет екенін түсінді. Оқушылар ХІV- ХV ғасырлардағы орыс жерінің экономикалық және саяси дамуы, қала және қолөнердің дамуы, саяси басқару жүйесі, Мәскеу княздігінің күшеюі, Алтын орданың құлауы туралы түсінік алады.
Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар ХІҮ-ХҮ ғасырларда феодалдық жер иеліктері қалай аталды?
Шіркеу жер иеліктерінің күшею себептері неді?
Орыс жерінің саяси басқару жүйесі қандай болды?Мәскеу жерінің күшею себептері неде?
Иван Калита орыс жерін біріктіруде қандай саясат ұстанды?
Вожа өзені бойындағы шайқастың маңызы неде?Куликова даласындағы шайқас туралы айтып беріңдер
Алтын Орданың құлауына не себеп болды? Сабақты бекітуге арналған сұрақтарға жауап береді.
БағалауБілімдеріне, сабаққа қатынасына қарап бағалауҮйге тапсырма§44 , 45 оқып келу.
Тақырыпқа қатысты 10 тест сұрағын дайындап келу.
Кескін картамен жұмыс. Үйге берілген тапсырмаларды дәптеріне жазып алады.