?обыланды батыр жырыны? кейіпкерлері 6-сынып


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр жырының
кейіпкерлері
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту, оқу материалына сын көзімен қарап,жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне үйрету;
ә) сымбатты ,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, венн диограммасы т.б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Қобыланды батыр» жырын құрылысына қарай талдап келуге берілген соны сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Батырға лайық махаббат сезімі де бар.Құртқа қызды сағынып Алшағыр қаласының сыртында кездеседі.
Сейілдің ұлы Қараман батыр екеуінің арасында нағыз достық сезімі бар.
Аяқталмаған сөйлем тренингі «Мен ...»
1 Мен Қобылынды батырдың өмірде тарихи шындыққа айналғанына ризамын.
2. Мен Қобылынды батырдың еліне көп көмегі тигенін білдім.
3. Мен Қобылынды батырдың ақыл мен қайратты тоғыстыра білгенін ұнатамын.
Білімді бекіту: Венн диаграммасы арқылы жырдағы жағымды,жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме береді.
Жағымды ұқсастығы жағымсыз
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қобыланды жырындағы кейіпкерлерге мінездеме беріп келу.