Поурочный план по казахскому языку на тему Алгебра ?ылымыны? атасы. Диалог (для студентов колледжей)


«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_______М.Ерманова
Сабақ жоспары № 1
Пәні: Қазақ тілі Мерзімі __________
Тобы: ЭГ-26
Сабақтың тақырыбы: Алгебра ғылымының атасы. Диалог, тыныс белгілері.
Мақсаты:
Білімділік: Студенттерге жаңа тақырып бойынша теориялық білім беру. Диалог,тыныс белгілері туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу нормаларын қалыптастыру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық проектор, слайд
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшімен тілдесу. Студенттердің сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Студенттерге сабақтың мақсатын айту. 
Грамматикалық тақырып: Диалог, тыныс белгілері
Ереже. Екі немесе одан көп адамдардың алма-кезек сөйлесуі ретінде берілген сөздерді диалогты төл сөздер деп атайды.
Диалог сөздерде:
а) сызықша – екі адам сөйлескенде сөйлемнің алдынан қойылады;
ә) үтір – жай сөйлемде қаратпа сөз, одағай сөз, қыстырма сөз, бірыңғай сөйлем мүшелері кездескенде;
Құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер арасында қойылады;
б) сөйлемнің соңына (сөйлемнің түрлеріне қарай) леп белгісі, сұрау белгісі немесе нүкте қойылады.
1.«Алгебра ғылымының атасы» мәтінін оқып, аудару.
2.Сөздікпен жұмыс.
3.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Жаттығулармен жұмыс:
Тапсырма: 5 бет, 2- жаттығу. Етістіктерді сыңарымен сәйкестендіріңдер.
Орта ғасырда айтылады
Алгебра ғылымының шыққан
Әл-Хорезми нұсқау жазды
Есімі «Algouismus»деп негізін салған
«алгебра» ғалымының есімінен өмір сүрген
Тапсырма: 4 бет, 5- жаттығу. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер.
1 2 3
1. Әл-Хорезми қазіргі жеті жұлдызының» бірі
2. Ол – әйгілі «Шығыстың алгебра ғылымының негізін салған
3. Әл-Хорезми арифметика кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы туралы тараулар бар
4. Алгебра туралы трактатында геометрия, тригонометриялық қазір әлемнің барлық мектептерінде оқытылады
5. Әл-Хорезмидің латынша есімінен шыққан
6 «Алгебра» сөзі ғалымның есімі «Algouismus» түрінде айтылған
7. Әл-Хорезмидің жасаған есептері мен теңдеулері бойынша ең алғаш нұсқау жазды
Тапсырма: 5 бет, 6- жаттығу.Төмендегі зат есімдерді септіктермен сәйкестендіріңдер.
Атау үйінде
Ілік обсерваторияға
Барыс Бағдад
Табыс кестелерден
Жатыс ғылыммен
Шығыс арифметиканы
Көмектес Хорезмидің
Тапсырма:
«Менің мамандығым» тақырыбында диалог құрастыру
ІV. Сабақты қорытындылау:
1.Әл-Хорезми қай жерде дүниеге келген?
2.Оның қандай трактаттары бар?
3.Әл-Хорезмидің есімі латын тілінде қалай айтылады?
4.Әл-Хорезмидің есімінен қай ғылымның атауы шыққан?
5.Әл-Хорезмидің жасаған есептері мен теңдеулері қайда оқытылады?
V. Студенттердің білімін бағалау.
VІ.Үйге тапсырма: 6 бет, 8-жаттығу. Диалогті қажетті сөздермен толықтырыңдар.
Пән оқытушысы: Б.А.Мукашева